Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

19 ақпан 2012, Жексенбі
Сыныбы 9
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1.Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы

Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.

II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын-ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. «Білімге бастап ел-жұртын»
Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.
3. Абай – аудармашы
Оқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.
5. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
* «Желсіз түнде жарық ай «әні тыңдатылады.

III. Ой-толғаныс (Абайдың мұражайы бейнефильм арқылы көрсетіледі)
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.
1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.
5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т.б. әндері бар.
7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
Оқушылар өз жұмыстарын тексереді, бағалайды.

Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты –Адам.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру :
« Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.
19 198
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×