Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты тіркестер

17 ақпан 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, отырғызу.
Кезекшімен диалог.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығу.
Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру
1 - тапсырма
Топпен жұмыс.
Әр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар таратылады. Солардың ішінен тұрақты тіркестерді теріп жазу қажет.
Содан кейін әр топ орындаған тапсырмаларын оқиды. Ал басқа топтар дұрыс, не бұрыс екенін айтады. Егер дұрыс болмаса дәлелдейді.

ІV Сабақты меңгерту
2 - тапсырма
Тұрақты тіркестердің мағынасын жазу
1. Ағама жеңгем сай, апама жездем сай
2. Арқа сүйеу
3. Бауыр басу
4. Инемен құдық қазғандай
5. Опық жеу
6. Маңдай тер
7. Өрісі кең
8. Кірпік қаққанша

3 - тапсырма
Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап...
Қадалған жерден су алу -
Үй көтерді -
Жерден алты қоян тапқандай -
Ешкі аузынан шөп алмас -
Екі аяғын екі етікке тығу -
4 - тапсырма
Топтар арасында сайыс.
Әр топ кезектесіп антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
М - лы: Су жүрек - Жүрек жұтқан, т. б
5 - тапсырма Мына сөздерге тұрақты тіркестерді жазыңыз.
М - лы: Тез - қас пен көздің арасында; кірпік қаққанша
Қуану -
Өкіну -
Назар аудару -
6 - тапсырма Сиқырлы сандықша.
Сандықшаның ішінен балалар тұрақты тіркестер жазылған қағаздарды қарамай алып, олардың беретін мағыналарын айтады

V Сабақты қорыту
Тест орындау.
VІ Үйге тапсырма
Тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу

VІІ Бағалау
7 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары
Алтыншы сыныпқа арналған бұл бейімдік бағдарламада жаңа кезең талабына сай ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерген, өз ана тілі-қазақ тілінің ерекшеліктерін білетін, тіл білімі салалары бойынша талдай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×