Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет Өтемісұлы "Қызғыш құс" өлеңі

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Тақырыбы: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға туған елім деп еңіреп өткен біртуар талантты патриот ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына шолу, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу.
ә) Тәрбиелік: Ақын шығармашылығын оқи отырып, жас толқынның азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Отанды, елді, халқын сүюге шақыру, патриоттар тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Сөз өнерін бағалауға, көркем ойдың астарын түсінуге, өлең жазуға талпыныс жасау, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы
Әдісі: 1. Түсіндірмелі оқыту.
2. Венн диаграммасы
3. Топтастыру стратегиясы
4. Пікірталас картасы
5. «Болжау картасы»
6. «Екі түрлі күнделік толтыру» әдісі
7. «Бес жолды өлең құрастыру» әдісі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
М. Өтемісұлының «Соғыс» өлеңін әр топтан бір оқушы бір шумақтан айтып бірін - бірі жалғастырады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне, халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.
Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса, ақынның туған елінсіз, туған топырағынсыз тіршілігі жоқ.
Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі. Қызғыш құстың жауы – лашын, ал Махамбеттің жауы – Жәңгір. Елінен айырып, қуғынға ұшыратқан да – Жәңгір.

1. Поэзия минуты
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту
2. Сөздік жұмыс
Қызғыш – қызғыштай қорғады, қорғаштады
Қорыған – қорғаған
Құсалық – уайым, шер, қайғыру
Қызғыш құс - желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс. Қазақстанның барлық жерінде мекендейді.
Лашын – тепкіні қатты тегеурінді құс. Сұңқар тектестер отрядына жатады.

3. Құстар галереясы
«Соғыс» (Қызғыштай болған асыл ер)
«Арғымақтың баласы» (Сұңқарлар үлгі алар деп)
«Мұнар күн» (Лашын қуға төнген күн)
«Орай да борай қар жауса» (Лашын, сұңқар жүн төксе, далада қалған сүйек деп, шеніне қарға жолар ма)
«Аймақ көл» (Егізімнен айырылып, мен де бір аққу болдым халықтан соң)
«Қаршыға деген бір құс бар» (Қаршыға деген бір құс бар, қанаты айдың астында)
( Осы өлеңдерден оқушылар үзінді оқып, мысал келтіреді, құстарды мысал оқып болғаннан кейін құстарды тақтаға іледі )

4. Құрылысына талдау
Бунақ: 2
Буын саны: 7 - 8
Ұйқас түрі: 1 - қара өлең, 2 - 3 - шалыс, 4 - ерікті ұйқас түріне жатады.

5. Көркемдегіш құралдар
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр - сипатын
бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Қанатың қатты, мойның бос - эпитеттер
Психологиялық параллелизм – адам өзінің басындағы қайғы, мұң - шерін табиғаттағы басқа нәрсемен қатарластырып, егіздеп баяндау.
Қайталау – нәрсенің ісіне не өзіне назар салдыру үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айтуды қайталау дейді.
1. Жай қайталау
2. Анафора
3. Эпифора
4. Еспе қайталау
Еспе қайталау – алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып қайталауды еспе қайталау дейді. Мен едім, сен едің – қайталаулар

6. Венн диаграммасы
Махамбет – қызғыш құс Жәңгір – Лашын

7. Екі жақты түсініктеме күнделігі
Өлеңнен үзінді
Үзінді туралы пікір
8. Пікірталас картасы
Махамбет өмір сүрген қоғам Қазіргі замандағы қоғам
9.«Синквейн» әдісі
1. зат есім: батыр
2. сын есім: қайсар, жалынды
3. етістік: қорғады, сүйді
4. толықтауыш: жаудан қорғады, Отанын сүйді, еліне қамқор
5. Түйін сөз. Ол елін сүйген жалынды батыр

ІҮ. Бекіту сұрақтары:
1. Патриот дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Махамбет нені армандады?
3. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдіңдер?
4. Ақын не айтқысы келді?
5. Махамбет өлеңдерінің тақырыбы қандай?
Ү. Үйге тапсырма
А) «Қызғыш құс» өлеңін жаттау
Ә) өлеңге байланысты сурет салу
ҮІ. Бағалау
23 848
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі (5 класс)
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі (5 класс)
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмаханова Отангүл Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×