Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ананың анасы

01 наурыз 2012, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы»әңгімесі бойынша талдау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау.
ә) тәрбиелік: Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
б) дамытушылық: Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, бес жол өлең, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: 1. Ғ.Мүсірепов портреті
2. Әңгіменің жоспары
3. Композиция

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру
1).Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын сұрау.
1.Әйтілестің әңгімесі
2.Жалпақ Ергенекті елінде
3.Қуғыншы ана
4.Бостандық. Ана сәлемі.

2). Сұрақ-жауап
1.Шығармада уақиға кімнің атынан әңгімеленеді?
2. Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
3. Әңгіменің соңында Жалпақтың есінен танып құлауының себебі неде?
4. Әңгіме қандай шығармаға жатады?

III. Талдау жұмыстары.
1. –Сонымен, әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы, оның бір-бірімен байланысты құрылған оқиғалардан тұратындығын білдік. Ендеше әңгімені құрылысына қарай талдайық.
- Шығарма құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
- Композиция – Экспозиция
Байланыс
Шиеленіс
Шарықтау шегі
Шешімі - деген бөлшектерден тұрады.

Экспозиция ------ Әйтілестің әңгімесі
Байланыс --------- Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, Қалың жылқы. Тұрақты қыз.
Шиеленіс -------- Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ана
Шарықтау шегі -------- Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.
Шешімі ---------- Ана мен қызына бостандық берілуі

2. Шығармадағы басты кейіпкерлер бейнесін ашу.
а) Ана бейнесі суреттелетін тұсты таптырып, оқыту.
Ана – Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
ә) Жалпақ - керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.

«Бес жол өлең» стратегиясы
1. Ана
2. Қайратты, батыл
3. Қорықпайды, именбейді, сүйеді
4. Шешеге қарап қыз өсер
5. Шеше

1. Жалпақ
2. Намысқой, мейірімді
3. Шайқасады
4. Жалпақ - адамгершілігін сақтаған адам
5. Батыр

б) Венн диаграммасы арқылы Жалпақ пен Кейкі бейнелерін алмастыру
Шығарманың тілдік ерекшеліктеріне талдау.
Әңгімені төрт бөлікке бөліп, әр топқа үзінді беріледі. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, кестені толтыру.
Көркем тіл
Мысалдар
Портрет
Әйтілес - аппақ, ақ қарбас, соқыр балуан бармақты
Метафора – Қара таңба бір қара көрінді.
Эпитет – Кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы.

Теңдеу
Іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай ойнау.т.с.с
Тұрақты тіркес
Ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сыймау, қабаттан қан жауу.
Географиялық атаулар
Үркер, Шолпан
Антонимдер

Сұрақ-жауап, оң - сол өлі - тірі,ашу - жұму

Қорытынды
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызды Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын жүргіздік. Әңгімеде кейіпкерлер бейнесін ашып шығарманың тілдік ерекшеліктерін, жазушы қолданған айшықты сөздерді тауып талдадық.
- «Ананың анасы» Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбына арналған шығармашылығының бірі ғана. Бірі дейтініміз, Ғ. Мүсірепов аса қайратты, қуатты әйел тұлғасы «Ашынған ана», «Ер ана» , «Ананың арашасы», «Ақлима» сынды әңгімелерін де шебер суреттейді.
- Әлем сөз өнерінде үлкен орын алатын ананың атақты бейнесі жазушы шығармаларында ел рухының асқақтығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.

Үйге тапсырма
1. Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін тауып оқып, қазіргі кезеңмен байланыстыра әңгімелеу.
2.«Ана бәйтерек, ана - аққу, ана - жүрек тақырыбына шығарма жазуға дайындық.
Бағалау.
13 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Ана - теңдесі жоқ құдірет
Ана - теңдесі жоқ құдірет
Сам орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегендикова Жазира
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Қызылорда қаласы, «Казрис» негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г.Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×