Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ж. Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»
Сабақтың мақсаты:
1. Ақын өлеңдерінің өзіндік табиғатына, өзгешелігіне көңіл бөлу; өлеңдегі түйінді ойды аңғарту, Жамбыл туралы білгендерін кеңейту, бекіту.
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
3. Өз елін, Отанын, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- Өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Өлеңдегі Алғадай бейнесіне орай жақсы мінез - құлық, іс - әрекеттерін талдау арқылы өзінше ой қорытады.
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады.
Сабақтың түрі:
Әдіс - тәсілдер: топтастыру, инсерт, бес жолды өлең стратегиялары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Мәлімет жинау.
Жамбыл жайлы тағы не білдім?
«Топтастыру»

ІІ. Мағынаны тану.
Жамбыл өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңінің кейіпкері кім?
Алғадай және одан тараған ұрпақ Қуаныш туралы өлеңдерімен танысамыз.
Оқушылар, сіздердің ойларыңызға қосымша түсінік бере кетейін. Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.

- Өлеңдерді оқып шығу.
Инсерт әдісі бойынша өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді түртіп отырады.
Сөздікпен жұмыс.
Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.
Көзел - көпті көрген, сұңғыла
Саулақ – елден ерен
Жабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі
Кәріп - соқыр, мүгедек.
Өлең құрылысына талдау жасау.
Өлеңдер топтамасын екі топқа бөліп беремін.
3 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буын
2 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 - 8 буын

ІІІ. Ой толғаныс.
Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім. Соғыс
Сын есім.
Етістік.
Сөйлем.
Синоним.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Ұнаған өлеңді жаттау.
43 882
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, Ақынның Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін эпикалық сарында көркем бейнелеуі туралы түсінік беру.
Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі
Жамбыл Жабаев “Аттандыру”, “Атаның әлдиі” өлеңі
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ауыз әдебиетінің көңіл айту, естірту, жоқтау, үлгілерінің Жамбыл өлеңдеріндегі көрінісі, әкенің мейірімі, тақырыптың ерекшелігі туралы білуі тиіс.
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаевтың "Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі
Жамбыл Жабаевтың "Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ы. Мұхамеджанов атындағы негізгі мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қаражанова Бибігүл Төлегенқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×