Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы

12 наурыз 2013, Сейсенбі
9 - сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт өмірі туралы жан - жақты мағлұмат беру, шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру;
Тәрбиелілік: Ақынның өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа туған тілін, әдебиетін сүюге құштарландыру;
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, өздіктерінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру.
Типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Түрі: ізденіс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Сұлтанмахмұт суреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта, т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Оқытушының кіріспе сөзі: «Сұлтанмахмұт – терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді», - деген Б. Кенжебаевтың сөзі төңірегінде әңгіме қозғаймын. Бүгінгі сабақтың мақсатын интерактивті тақта арқылы түсіндіріп өтемін.

IV. Іздендіру кезеңі
Жаңа сабақты меңгерту үшін сұрақтар бере отырып кітаппен жұмыс жасатамын.
1. Сұлтанмахмұт қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
1893 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы
2. Сұлтанмахмұт неше жасында хат таныған?
6 жасында
3. Сұлтанмахмұт алғашқы өлеңін неше жасында жазған, ол қалай аталады?
13 жасында «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»
4. Сұлтанмахмұт іздеп барған алғашқы қаласы қай қала?
Троицк
5. Еңбек жолын бастаған қазақ баспасөзі қалай аталады?
«Айқап» журналы
6. 1914 жылы ашқан ұйымы қалай аталады?
«Шоң серіктестігі»
7. 1915 жылы өлеңмен жазылған романның аты қандай?
«Кім жазықты»
8. Гимн үлгісінде жазылған өлеңінің аты?
«Алаш ұраны»
9. Аппақай қаламгердің қай шығармасының кейіпкері?
«Кім жазықты»
10. Ақынның 5 бөлімнен тұратын философиялық поэмасы қалай аталады?
«Адасқан өмір»
11. Сұлтанмахмұт туралы жазылған романның авторы кім?
Диқан Әбілов
12. Қандай поэмаларын білесіңдер?
«Таныстыру», «Кедей», «Қамар сұлу»
13. Қай жылы неше жасында дүниеден өтті?
1920 жылы 27 жасында

V. Дамытушылық кезеңі.
Сұраққа тиісті жауап алғаннан кейін ақынның бірнеше өлеңдерін оқытып, талдатамын.
1. «Шығамын тірі болсам адам болып»
а) Ақын мақсаты не? (адам болу, жаман болмау, еліне қолғабыс ету)
ә) Білім іздегенін қай сөзден көреміз? (жарық сәуле қуған)
б) Көрде жату ненің белгісі? (надандықтың)
в) Күн алына ма? Күн арқылы ақынның айтпақ ойы не? (оқу оқып білім алу, мақсатқа жету)

2. «Шәкірт ойы»
Қараңғы қазақ көгіне а
Өрмелеп шығып, күн болам б
Қараңғылықтың кегіне а
Күн болмағанда кім болам?! Б
Өлең құрылысы: 8 буынды, 18 тармақты, 3 шумақты, шалыс ұйқас

3. Өлеңдерден көркем сөз образдарын табу.
Өлеңнен үзінді Қай өлең? Көркем сөз образдары
Болмаса толған айдай балқып туған «Шығамын тірі болсам адам болып» теңеу

VI. Сабақты бекіту. Сұлтанмахмұт өмірі мен шығармашылығына баға бере отырып, топтастыру сызбасын құрастыру.

VII. Қорыту. Біз бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Ақын өлеңдері қайрат пен жігерге толы ұлттық намыс пен сана сезімді оятумен құнды туынды екенін білдік.
VIII. Үйге тапсырма.
1. Оқушыларға С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы тың материалдар іздеп келу..
IX. Оқушы білімін бағалау.
47 450
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×