Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі

17 наурыз 2013, Жексенбі
5 - сынып
Пән: әдебиет
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалиннің « Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, Шоқанның бейнесін ашу.
ә) дамытушылық: Тың мәліметтер бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
б) тәрбиелік: Балалар арасындағы достық қарым - қатынастың адалдығы, бала Шоқанның бойындағы кішіпейілділік, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеу, оқушыларға үлгі ету.
Әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс. СТО технологиясы.
Көрнекілігі: Шоқанның балалық шақ суреті, басқа да суреті, слайд көрсету, Шоқан салған суреттер, дидактикалық материалдар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабаққа қатысуларын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Әңгіме мазмұнын еске түсіру мақсатында зымыран сұрақтар қою.
а) Шоқан қай жерде туып өскен?
ә) Шыңғыс Шоқанға кім болып келеді?
б) Әжесі Айғаным қандай кісі болған?
в) Шоқан мен Мысық қай жерде кездесті?
г) Шоқан мен Мысықтың шыққан тегінде айырмашылық бар ма?
ғ) Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
д) Мысықтың ермегі не?
ж) С. Бегалиннің қандай шығармалары бар?

1 - слайд
« Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық боп өседі».
М. Әуезов
2 - слайд.
Орыс ғалымы Г. Н. Потанин: « Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан
тез жетілді. Оған талайлар - ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып - ақ сала білетін»,- деп жазды.
3 - слайд.
Мүсін - бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасау.
Сабақты әрі қарай сын тұрғысынан ойлау технологиясының бөлімдеріне сай жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Қызығушылықты ояту.
1. Сыныпты екі топқа бөлу:
1) «Алғыр» тобы
2) «Адал» тобы

ІІ. Мағынаны тану кезеңі.
1. Топпен жұмыс. Шығарманы талдау кестесі
№ Шығарманың аты “Бала Шоқан”
1 Авторы С. Бегалин
2 Кейіпкелері Шыңғыс, Шоқанның анасы, Мысық, Жақып, Сыдық, Шоқан
3 Оқиға орны Құсмұрын бекеті, Шыңғыс күзегі
4 Шоқан кіммен кездесті? Күзетші баласы Мысықпен
5 Мысықтың күні - бойғы ермегі не? Саз балшықтан мүсін жасау.
6 Шоқанға жасаған қандай мүсінін берді? Түйе
7 Шоқан Мысықты қайда ертіп апарды? Өзінің үйіне апарды.
8 Шоқан Мысықты ертіп келгенде оған анасының көзқарасы, інісі Жақыптың әрекеті қандай болды? Мысықты жаратпады.
9 Мысық неден қорқып неден жылап жіберді? Қаршығадан қорықты.
10 Мысықтың басына келген ой? Мені құсқа жегізгелі жатыр деп түсінеді.
11 Шоқан Мысыққа не бергізді? Бауырсақ пен қымыз
12 Мысықты үйіне шығарып салып тұрып Шоқан не айтты? Ертең мен барамын, маған жақсылап түйе жасап қой,- деді
13 Мысықтың жауабы. Мен құс істеймін.
14 Шоқан Мысыққа берген уәдесінде тұрды ма? Уәде етпеу керек, уәде еттің орында

“Суреттер сөйлейді” стратегиясы
Оқушылар әңгіме бойынша салған суреттерін қорғайды.
ІІ. “Кейіпкерді таны” стратегиясы.

І топ
- Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді? ( Шоқан )
- Шоқанжан, әне бір балшықтарың не? (Шыңғыс )
- Жоқ, сенің құнаның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын. Кеше әлгі бір тентек бала өзімді сабап кетті. Сен тимейсің бе? (Мысық)
- Ей, өзін қара, неге келдің, шық үйден. (Жақып )
- Шоқан – ау, мынауың кім? Қайдағыны қасыңа ертіп, үсті басы немене, қасына жоламашы. Ойнауыңа бір жөнді бала табылмады ма? ( Анасы )
- Ей, сен қай ауылдың баласысың? (Жақып )

ІІ топ
- Мұнда қайдан келдің? деп сұрады. (Жақып )
- Аулақ кет, мұнда нең бар? Қорқытпа, тиіспе, бұл - менің жолдасым. (Шоқан)
- Жоқ, мен құс істеймін. (Мысық)
- Ей мынауың кім, қайдан ерттің, түу өзі сап – сары. ( Жақып )
- Кәмила, мына балаға ана әбдіредегі кездемеден көйлектік шыт жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп кисін, - деді ( Шоқанның анасы)
Көрініс «Уәде»
Рольдерде: 1 Шоқан – Санжар
2 Мысық – Елдар
3 Шыңғыс – Дәулет
4 Автор – Гүлден

ІІІ. Ой толғаныс
1. «Мен таныған Шоқан»
2. «Менің сүйікті кейіпкерім»
Топтастыру стратегиясы:
Үйге тапсырма: С. Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін оқу.
Оқушы білімін бағалау.
24 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
Поэмадағы Шоқан бейнесін жан – жақты талдау, сыни тұрғыдан баға беру. Оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау.
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Бопанова Дана Кайратовна Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» Мақсаты: білімділік: әңгіме кейіпкерлерінің бейнелерін талдау, шығармашылық идеясын таныту. Дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытындылау
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×