Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітапты күте білесің бе?

28 наурыз 2013, Бейсенбі
8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кітапты күте білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
2. Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой - өрісін байыту, Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО әдісі, ой қозғау,
Сабақтың формасы: Топпен
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, орыс тілі, тарих
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақ парақтар, түрлі - түсті қаламдар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру

ІІ. Жаңа сабақ барысы:
1. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу керек. Ол үшін оқушылар «Адасқан суреттерді» тиісті конвертке салады.
«Кітапхана қорына» әдеби кітаптардың суретін, «Оқу құралдарына» оқу құралдарын салып, топ мүшелері анықталады.
2. Мұра деген не? деген сұраққа оқушылар ақ параққа сурет салып, өз ойларын жеткізеді. (Презентация қорғайды.)
3. Екі топ бір – бірін бағалайды
0 1 2 3
Тақырыптың ашылуы
Ой нақтылығы
Безендірілуі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1. Екі топқа Әжем, қазына, әкем, кітапхана деген сөздер беріледі. Берілген сөздерге байланысты өздері әңгіме құрастырады.
2. Дұрыс, бұрыстығын анықтап, мәтіннен үзінді оқылады.
Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, қаншама сөздіктер бар. Әжем өзі оқымысты болыпты, кітапты үлкен қазына деп есептеген екен.
3. Әжесі неге кітапты үлкен қазына деп есептеген?
Деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтады.
2. ДЖИГСО әдісі
1. Кітап - адамның білімін арттыратын ең құнды сыйлық. Өкінішке орай, біз оларды күте білмейміз.
Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, қаншама сөздіктер бар. Кітаптардың біразы сарғайып кеткен. Әжем өзі оқымысты болыпты, кітапты үлкен қазына деп есептеген екен. Балаларына да соны үйреткен. Сондықтан біздің отбасымызда кітапқа деген құрмет ерекше.
2. Мысалы, әкем үнемі кітапты оқығанда сыртын қаптап алады. Кітаптарын тек кітапханада отырып оқиды, бізден де соны талап етеді. Тамақ ішіп отырып кітап ұстасақ, қатты ашуланып:”Қандай ұқыпсызсыңдар,”- деп ұрсады. Кітапты оқыған кезде парағын бүктесек, оған да ренжиді, ескерту жасайды.
Әкеме кітапханасын таза ұстау үшін үнемі көмектесеміз. Мүмкіндігінше күнара сөрелердің шаңын сүртеміз. Аптасына екі рет кітаптарды сөрелерден алып, парақтап, жеке - жеке шаңдарын сүртіп аламыз. Оның себебі, кейбір зиянды жәндіктер қағазды бүлдіреді екен.
3. Мәтінге оқушылар тақырып қояды

4. Есте сақта!
Сарғайып кеткен - пожелтели
Қазына - сокровище
Оқымысты - ученая
Құнды - ценный
Ұқыпсыз - небрежный
Күнара - через день

5. Мұра сөзінің мағынасын түсіндіреді.
Атадан қалған құнды затты мұра дейді.
Асыл мұра
Мәдени мұра
Әдеби мұра
Әке мұрасы
Ата – баба мұрасы

6. Әуен ойнап тұрады. Суреттер көрсетіліп, қанатты сөздер жазылады.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге. (Абай).
Кітап – алтын қазына.

Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

«Дорбадағы маржан сөз»
Әрбір 4 - ші әріптен сөздер құрастырулары керек.
о п а к а ы
л і е д. т
с с а а й,
д п л л і -
Жауабы: Кітап - адал пейіл, асыл дос.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. Рөлдік тапсырма.
«Өкіл». Оқушылар тапсырманы орындау үшін топ ішінен бір өкілді жібереді, берілген тапсырманы орындайды.
«Бәрі». Топ мүшелеріне ортақ тапсырма беріледі.
«Сенім». Оқушылар топ ішінен бір сенімді топ мүшесін жібереді.
«Таңдау». Мұғалім топ мүшелерінің ішінен бір оқушыны таңдап алып, тапсырма береді.
Ү. Жаңа сабақтың қорытындысы
. Жағдаятты оқып, оқушылар өз ойларын айтады
1.
Атасы:
- Балам, менің көзім нашар көреді, маған кітап оқып берші.
Баласы:
- Туу, ата, менің уақытым жоқ. Кітапты қайтесіз, онан да ғаламторға кіріп, керекті мәліметіңізді алыңыз.
2.
1 - ші бала:
- Асхат, маған парақ бересің бе?
2 - ші бала:
- Менде парақ жоқ.
1 - ші бала:
- Ендеше мына нөмірді есіңе сақтап қалшы.
2 - ші бала:
- Басыңды ауыртқанша, ана кітаптың бір бетіне жаза салмайсың ба?
ҮІ. Үй тапсырмасын беру
“Кітап – киелі мұра” эссе. 4 - тапсырма. 81 бет
ҮІІ. Оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Кітап-сарқылмас рухани қазына
Кітап-сарқылмас рухани қазына
Адамның досы – кітап, өмір кілті, Тең келмес оған жиған дүние мүлкі. Ақылшы, жанға серік жол бастаушы, Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×