Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнен өткенді қайталау (6-сынып)

29 наурыз 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Мақсаты:
1. Білімділік: сан есімнен алған білімдерін тереңдету, жинақтау. Әрбір оқушының өз бетінше білім алуына дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім – тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы
бойына сіңіру.
3. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту және күрделендіру. Ойлау процесін дамыту. Шығармашылық қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ – жауап, ойын элементтері, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, сызба - кестелер,
үлестірмелі қиықшалар, т. б.
Сабақтың типі: “Бәйге”ойын сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану, математика, ән - күй, орыс тілі,
ағылшын тілі, информатика, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
ә) Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қызығушылықты ояту. М. Шаханов “Төрт ана”
2. Ой қозғау“ Тойға шашу сұрақтары”.
3. Сергіту сәті. “Қаражорға” биі.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру. “Бәйге ” ойыны.
1. Бірінші мәре: “Жалғастыр”
2. Екінші мәре: “Мақал құра”
3. Үшінші мәре:“Ойла, ойлан, ойландыр” “”
4. Төртінші мәре: “Кім жүйрік?”
5. Бесінші мәре:“Құпия сөздің құлпын аш” полиглот ойыны
6. Алтыншы мәре: Шығармашылық деңгей.
«Қазақстан тәуелсіздікке 20 жыл»
7. Жетінші мәре: “Ұлттық дәстүрімізге тән киелі ұғымдар”

ІҮ. Қорытынды. Оқушының өткен сабақта алған білімін пысықтау, оқушы білімін бағалау.
1. Инсерт – “Түртіп алу”.
2. «Жүректен - жүрекке» әдісі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына балалық тілек.
Ү. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі..
Мұнда оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты орындалады.
А) Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен байланыстырып, сабағымызды Еліміздің Тәуелсіздігіне арнайтынымызды, сонымен қатар еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне қосар кішкене үлесіміз болатынын айтып, сабақ мақсатымен таныстырамын.
Ә) Оқушыларды «Дүлдүлдер», «Сұңқарлар», «Жүйріктер» топтарына бөліп, сабақ жоспарымен таныстырамын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қызығушылығын ояту. Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту мақсатында, мектебіміз қоғам қайраткері, тіл саясатының орындалуына аянбай көп еңбек сіңіріп жүрген атамыз М. Шахановтың атында болу себебі, бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен байланыстыра отырып, М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін оқып беремін.

2. Ой қозғау. Бұл жерде біліммен қатар тәрбиелік мақсаты қатар орындалады. Оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, салт - дәстүрлерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуге, Ұлы ақын Абай атамыздың өнегелі сөздерін жадында ұстауға, батырлыққа, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиеленеді. Ойлау қабілеттері арта түседі.
- Балалар біздің қазақтың салт – дәстүрінде «Шашу» деген жоралғы бар екен. Бұл қай кезде орындалады?
- Үлкен тойларда.
- Ал бізде қандай той болғалы жатыр?
- Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлағалы жатырмыз.
- Ия, олай болса мен Тәуелсіздік мерекесіне шашылатын шашу сұрақтарын берем, деп ойынды бастаймын.
Ал материал дайындауға өте көп уақытты қажет ететін «Шашу» ойынын ұйымдастыру үшін «басқа бетке көшу», «басқа объектіге көшу», сүйек лақтыру құралдарын қолданған өте тиімді.
Сұрақтарды таңдап алып берілген үш нұсқасындағы дұрысын таңдап көрсетулері керек. Power Point бағдарламасының көмегімен сұраққа жауап берген кезде, екінші команда сұрақтың дұрыстығын қадағалап отырады.
Қорытынды тестілеуді ActiVote құрылғысының көмегімен жүргізген де тиімді болып табылады.
Бұл әдіс баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал ойын түрлерін интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.
1 - Сұрақ: Сан есім сөздің қай тобына жатады?
2 - Заттың нақты санын білдіретін сан есімді ата?
3 - Күрделі сан есім қалай жасалады?
4 - Туынды сан есімді көрсет?
5 - Бұл қай жырдан алынған үзінді екенін тауып, құрамындағы сан есімнің мағынасын түсіндіріп бер.
6 - «Жарлы болсаң арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Алтын көрсе, періште жолдан таяр». Осы мақалдарды сынайтын Абайдың нешінші сөзі? Нешінші сұрағына жауап беретін сан есімді айт.
7 - Абай өлеңінен алынған үзіндіде сан есімнің қандай түрі кездесіп тұр?
8 - Атау септіктегі сан есімдер қандай сөйлем мүшесі болады?

Сергіту сәті: “Қара жорға” биінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бидің тарихы 7 ғасырдан да әрі асады. Тіпті бүкіл әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген, өйткені бір мезетте бұл биді 2009 жылы Қытайда 13 мың адам билеген екен. Алғаш болып бұл биді 1999 жылы қазақ жерінде жандандырған Қытай өлкесінен ата жұртына қоныс аударған Арыстан қажы Шәдетұлы алып келді. Ол кісінің айтуы бойынша «Қара жорға» Шыңжанның Алтай өлкесінде тұратын қазақтың Керей руының биі. Шығу тегі - бақсы биі екен. Қандастарымыз бұл биді «Қара жорға», «Бақсы» және «Буын» биі деп атайды екен. Кәсіби бишілердің пікірінше, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы - дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген адам өзін сергек сезініп, ынтасы да артады. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Би адамның буындарына қан жүгіртіп, денені шынықтырады. «Қара жорға» тек би ғана емес, нағыз спорт түрі. Бұл биді билегенде адамның он екі мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды екен.
«Қара жорға» Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің қайтадан жаңғырған және халықтың көкейінен шыққан би. Жастардың патриоттық сезімін оятатын ұлттық би.
Жоғалып табылған, өшіп барып жанған сол халық қазынасы жаңа ғасырда жаңаша леппен халық ортасына оралып, көпшілік қауымды бір қуантты.
Қара жорға биі оқушылардың көңіл – күйін көтерумен қатар, денелері серігіп қалады. Халық биін аса құрметпен билеп шығамыз.

ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру. Қазақтың «Бәйге» ойыны ойнатылады. Мұнда тағы да оқушылардан тойда ойналатын ойын түрлерін сұрап, «Бәйге» ойыны қандай ойын және ол қалай ойналатынын сұрап, халықтық педагогикамен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсемін.
Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?!
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, білім табар ма?! – деп оқушыларды «Бәйге» ойынын ойнауға шақырамын. Мұнда біз тайға мініп жарыспаймыз білім мен өнерді жарыстыратынымызды айтып, ойын шартын түсіндіремін.

1 мәре: «Жалғастыр». Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. 189 – жаттығуда берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрап, талдау жасайды. Бұл әдіс оқушылар білімін жинақтайды, шапшаң ойлау қабілеттерін арттырады.
2 мәре: «Мақал құра» ойыны. Қазақ халқының мақал - мәтелдерін жатқа біле отырып, оқушылар тез «Activstudio» бағдарламасымен құрастырып шығады. Тәлім тәрбиесі мол мақал – мәтелдерден оқушылар біліммен бірге өнегелі тәрбие алады.
3 мәре: Ойла, ойлан, ойландыр. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында дәптермен жұмыс жасатамын. Сан есімнің емлесін еске түсіріп, дәптерлеріне жылдам жазып шығады. Бұл жерде оқушылардың сауаттылығына мән беріледі.
Бір мың тоғыз жүз алпыс бес, бес жүз отыз бір, 25 – ке, 12 – ден, 5 - сынып, ҮІ ғасыр, жетеу алма, 1000 – даған, сағат 5 - терде, 20 дәптер, 50 - 50 - ден, 11 - ден, 16 желтоқсан, ХХ том, 2 - інші, он - оннан, 100 шамалы, отызға тарта, екі жарты, 90 - ға таман, он бес жарым, 1938 жыл, 7 - інші маусым.
Төртінші мәре: “Кім жүйрік?” ойыны арқылы орындалады. Оқушылар фонетика саласын еске түсіре отырып, сан есімдерді буынға бөліп «Activstudio» бағдарламасымен жазып шығады.

Бір буынды сан есімдер: бір, он, бес, үш, төрт, жүз, мың, т. б.
Екі буынды сан есімдер: екі, алты, жеті, сегіз, тоғыз, алпыс, отыз, т. б.
Үш буынды сан есімдер: жиырма, милион, т. б.
Бесінші мәре: “Құпия сөздің құлпын аш” полиглот ойыны «Power Point» бағдарламасымен орындалады. Елбасының «Үш тұғырлы тілдер» жобасын іске асыру мақсатында, берілген мақал – мәтелдердің ішінен түсіп қалған сан есімдерді тауып, үш тілде айту тапсырылады.
1.... атасын білмеген жетесіз. (жеті - семь - seven)
2. Қызды... үйден тию.(қырық – сорок - forty )
3.... ала болса, ауыздағы кетеді.
... түгел болса, төбедегі келеді. ( алтау, төртеу - шесть, четыри - six, four)
4. Білекті... жығар,
Білімді... жығар. (бірді, мыңды – один, тысича – one, one thousand)
5. Білгенің..., білмегенің.... ( тоғыз, тоқсан тоғыз – девять, девяносто девять – nine, ninety - nine )
6.... өлшеп,... рет кес. (жеті, бір – семь, один – seven, one)
Алтыншы мәре: “Шығармашылық деңгей”
Ел тәуесіздігіне арнап, сан есімдерді қатыстырып, өлең немесе шығарма жаз. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу мақсаты орындалады.

Сонда Рүстембек Ақмоншақтың жазған өлеңі:
«Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» деп белгілі ақынымыз Иса Байзақов айтқанындай, елдің елдігін білдіретін бірінші белгісі - тілі. Тіл құрыса, ел де жоқ. Отанға сүйіспеншілігің өз халқыңның тарихына, тіліне құрметтен басталады.
Асан Қайғы бабамыздың:
Қазаққа сөз дарыған,
Бір сөз үшін семіріп,
Бір сөз үшін арыған, - деуі тегін емес. Ал мен өз тілімді былай жырлар едім:
Қазақ тілім, ана тілім, бай тілім,
Қасиеттісің, қадірлісің, ай – күнім.
Құрметтейміз, бас иеміз, біз саған
Қорламаймыз деп мәңгіге айталам
Қазақ халқы қазақ тілде сөйлейді,
Қазақ тілі ешқашан да өлмейді.
Жоғалуын қаламаймыз мәңгіге
Өз тілімізбен мақтанамыз әлемге.

Қазақ тілі еліміздің ертеңі,
Қазақ тілі бұрынғыға ертегі.
Сен бар кезде ұрпақ та бар, бәрі бар
Жырым да бар, күйім де бар, әнім бар.

«Таза, терең өткір, күшті, кең тілім» - деп Мағжан жырлаған ана тілімізді қадірлеу, қастерлеу – перзенттік парызым. Мен ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне осы өлеңімді арнадым. Менің айтпағым тіл болмаса елде болмас еді. Тіліміз берік, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Жетінші мәре: Сан есімге байланысты ұлттық дәстүрімізге тән киелі ұғымдарды еске түсіріп, түсініктеме беру..
Жеті ата: ата, бала, немере, шөбере,, шөпшек, немене, туажат
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
Жеті жетім: киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, аққу – қазсыз көл жетім, елінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.
Жеті қазына: Қызыр, бақ, ақыл, денсаулық, ақжаулық, тұз, ит.
Жеті жұрттың жеті белгісі: ту, елтаңба, әнұран, елұран, төлтұмар, елтеңге, ұлтжазу.
Қырық санның қасиеті: қырқынан шығару, өлікке «Қырқын «беру.
Сабақты қорытындылау: Инсерт – “Түртіп алу”.

Бұл стратегия сабақты қаншалықты түсінгендігін білу мақсатында қолданылады. Сонымен қатар өз ойын жүйелеп айтуға үйренеді.
«Ү»- белгілі, оқып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз немесе білемін деп ойлаған жеріңізге қойылады.
«-» - белгісі, егер ақпарат сіздің білетініңізге сай келмесе немесе өзгеше болса қойылады.
«+»- белгісі, егер ақпарат сіз үшін жаңа болып табылса, сол жағдайда қойылады.
«?»- белгісі, егер ақпарат сізді таң қалдырса, сізге түсініксіз болса не болмаса ол туралы тереңірек білгіңіз келсе сол жағдайда қойылады.
Оқушылардың топ бойынша алған бағаларын топ басшысының есебімен жеңімпаз топты анықтап, оқушыларды бағалау.

Бағалау.
Өзін – өзі тану пәнімен байланыстыра отырып, оқушылар ортаға жиналып бір - бірлерімен қол ұстасып, «Жүректен - жүрекке» әдісі арқылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» арнап балалық тілектерімен қоса бір - бірін бағалайды. Мәселен Динара өз тілегін Дарияға былай білдірді:
- Дария сен бүгін сабаққа өте жақсы дайындықпен келдің. Мен саған қазақ тілін жақсы меңгеріп, қазақ ұлттық телеарнасының атақты жүргізушісі болуыңа тілектеспін. Ел Тәуелсіздігіміздің өркендеуіне өз үлесіңді қосады деген үміттемін.
- Динара сен бүгін үй тапсырмасын орындауда қате жіберіп қойдың, сол себепті мен сені жақсы деп бағалаймын. Алдағы уақытта жақсы оқып Тәуелсіздігімізді өркендеуіне өз үлесіңді қоса беруіңе тілектеспін.
Үйге тапсырма:
1. 191 - жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Сан есімдерді құрамына қарай ауызша талдау.
2. «Қазақша өлшем бірліктер қалай айтылған?» деген тақырыпта ізденіп келу тапсырылады.(Бұл жұмыс оқушыларды ғылыми ізденіске бағыт береді)
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім! – деген өлең жолдармен, балаларға рухани
патриоттық тәрбие бере отырып сабағымды аяқтаймын.
7 433
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен алған білімдерін тереңдету, жинақтау. Әрбір оқушының өз бетінше білім алуына дағдыландыру. Ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×