Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім "Сағаттар"

29 наурыз 2013, Жұма
Презентациясымен
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: сан есімнен өткенді пысықтау, санға байланысты қолданылатын сөздермен танысу, жаттығу;
Дамытушылық: ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру. Ынта қойып тыңдау, жазу машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, ой қозғау, жаттығу, СТО

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, барлық зейіндерін сабаққа аударуын талап ету.
ІІ. Өткенге шолу.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бекіту (жаттығу)
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, барлық зейіндерін сабаққа аудару
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

ІІ. Өткенге шолу.
І. кезең
“Қызығушылықты ояту”
Сұрақ - жауап
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Сан есім дегеніміз не?
3. Сан есім құрамына қарай қандай топқа бөлінеді?
4. Сұрақтарын ата.
5. - ыншы,- інші, - ншы,- нші жұрнақтары арқылы қандай сан есім жасалады?
6. Болжалдық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
7. Жүздеген, мыңға жуық қандай сан есім?
8. Қандай жағдайда дефис қойылмайды?
9. Біздің мектеп неше қабатты?
10. Реттік сан есімге мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабаққа кіріспе
ІІ кезең
“Мағынаны тану”
Сағаттың суреттері (көрнекілік)

- Мына суреттен нелерді көріп тұрмыз?
- Бұлар сағаттар..
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы осы сағаттарға байланысты. Біз қазақша уақыттың қанша болғандығын атып үйренеміз, жаттығамыз.
Сағаттың түрлері өте көп. Қандай сағаттар бар?
Сағаттардың түрлері

Мыналар қандай сағаттар?
Жұбын табу.
қол сағат
үстел сағаты
қабырға сағаты
құм сағаты
қалта сағат

Тіл білімі
Сан есім жалғаулары
Сан есім + шығыс септігі жалғауы
Сағат оннан бес минут кетті.
Сан есім + барыс септігі жалғауы
Сағат онға бес минут қалды
дәл
Сағат
тура
Сағат оннан он кетті
Сағат екіге он қалды

ІҮ. Жаттығу жұмыстарын орындау
4 - тапсырма. Сағат қанша болды.
Жазбаша жұмыс
Сағат тоғыз болды.
Сағат бір жарым болды
Сағат екіден он бес минут кетті
Сағат үшке он минут қалды

Ауызша сөйлесу
Берілген сағаттарды пайдаланып, бір - бірімен сөйлесу
5. Берілген сағаттарды оқылуымен жұптастыр
1. 11: 25 а) Сағат сегізге он бес минут қалды.
2. 15: 30 ә) Сағат он екіге бес минут қалды.
3. 19: 45 б) Сағат үш жарым.
4 23: 55 в) Сағат таңертеңгі он бір жиырма бес
Ү. Қорытынды
Біз бүгінгі сабақта нені білдік?
Сағаттың қандай түрі бар?
Мысал келтір
ҮІ. Үйге тапсырма
4 - тапсырма. 147 - бет
ҮІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×