Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cәбит Мұқановтың "Сұлушаш" поэмасы

31 наурыз 2013, Жексенбі
Әдебиет. 11 - сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы образдар жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту.
Міндеті: а) Білімділік: поэманың композициялық құрылымын меңгерту арқылы ақынның тіл шеберлігіне назар аударту.
б) Дамытушылық: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой – өрістерін кеңейту шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.
в) Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: таблица.
Әдістері: Сұрақ - жауап, мәнерлеп оқыту, талдау, пікірталас.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. / топқа бөлу, бағалау барысын түсіндіру/
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. « Сұлушаш» поэмасы қандай мәселені көтеріп отыр?
2. Поэманың оқиғасы кімдердің төңірегінде құралған?
3.« Сұлушаш» поэмасына ұқсас поэмаларды ата /«Қалқаман - Мамыр», «Қамар сұлу», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік - Кебек»/

ІІІ. Сабақты дамыту: «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман деп жазылсын»- депті С. Мұқанов. Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір - біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.
Шығарма халықтық «Сұлушаш» эпосының негізінде жазылған. Себебі Сәбит Мұқанов кішкентайынан халық эпостарын жаттап өскен. Бұлай деп айтатын болсақ, негізгі кейіпкер Сұлушаштың прототипі Мариям екенін дәлелдеу қиынға соғады. Бірақ С. Мұқанов эпос желісіне сүйене отырып, кейіпкерлерді өзі араласып жүрген ортадан алып суреттеп, бейнелейді.

Идеясы Әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.
Тақырыбы Тарих шындығы мен махаббат шындығы
Мәтінмен жұмыс: 1. Алтай мен Сұлушаштың кездескен тұсын оқы
2. Алтай ән салғандағы табиғат көрінісі
3. Күйеудің ұрын келер сәтінде ауа - райы қалай құбылды?

Қысқаша мінездеме бер:
1 - топ: Сұлушаш
2 - топ: Қайсар
3 - топ: Алтай
Кеспе қағазы:
1 - оқушыға: Қандай кәсіп суреттелген?
Желіде жүр сауыншы көнек іліп,
Кеудесі ашық шынтақтан түгел жеңі...
Пісілді күрт - күрт етіп қара саба,
Даусына жаңғырықты мидай дала.
Иіндеп саба - саба жиған іркіт
Асылып жер ошақта қайнады құрт...
2 - оқушыға: Алтай мен Қайсар қандай кәсіппен айналысады?
Қазіргі таңда сол кәсіппен тең деп қай мамандықты атар едің?

Сабақты бекіту:
1.
2. Үш жастың тағдыры
Алтайдың өлімі қандай ой салды? (Қазіргі заманмен салыстыру)
3. Прототип деген не?

«Сұлушашты» сенің алтын шашыңа арнадым, Мәриям»
С. Мұқанов
Сабақты қорыту. «Мен маңғаз Алтайды құлдың баласы, өмірі кісі есігінде мехнат көрген батырақ еттім. Құлдың баласына ғашық Сұлушаш сүйіктісімен елге сыймай, тағы тауға барып паналаған болып шықты. Қайсар, Ермектерді жанымнан қостым да, сюжет құрдым»,- дейді С. Мұқанов
Үйге тапсырма: Шығармадағы әдет – ғұрыптарды жазып келу
Бағалау.
37 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Сұлушаш» поэмасын талдау жасау арқылы меңгерту. Жазушының биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу.
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Поэма мазмұнын меңгерте отырып адамгершілікке, адалдыққа, шынайылық, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы
С. Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар көптеген поэмалар жазды. Поэмада ақын сан алуан өмір құбылысын кең алып, белгілі кейіпкерлердің іс - әрекетін көрсету арқылы дәуірге сай негізгі айтпақ идеямен баяндайды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
Сәбит Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Сәбит Мұқанов өмірі, шығармашылығы «Сұлушаш» поэмасы»
Сәбит Мұқанов өмірі, шығармашылығы «Сұлушаш» поэмасы»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×