Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мерекелері

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Өмірден өз орныңды табу,
Одан ұзақ жол болмас.
Өмірден өз орныңды табу,
Жан дүниеңе рахат табу.
Өмірден өз орныңды табу,
Әрқашанда алға ұмтылу!
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекелері
Сабақтың мақсаты:
1. Наурыз мерекелері туралы мәлімет беру, ұлыстың ұлы наурыз мерекесін тойлау дәстүріне, тарихына, қазақтың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына тоқталу.
2. Өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру және үстеулерді дұрыс пайдалана білуге үйрету.
3. Наурыз мейрамының тойлануына үлес қосу және қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық абақ
Әдісі: сұрақ – жауап, ойын түрлері.
Көрнекілігі: оқулық, слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Сабақтың барысын, мақсатын айту
Балалар, айтыңыздаршы, наурыз айындағы қандай мерекелерді білесіздер? Балалардың жауабын тыңдап, осы мерекелерге тоқталу. Наурыз айында өздеріңіз білетін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз - Наурыз мерекесі. Олай болса балалар тақтаға назар аударайық.

Балалар аналарға, әжелерге, ұстаздарға арналған тілектерін айтады. Ал, келесі мереке жөнінде айтпас бұрын тақтаға назар аударайық. Әрине, бұл Наурыз мерекесі, олай болса біз наурыз сөзінің мағынасына көз жүгіртейік.
Наурыз немесе Новруз сөзі парсы тілінен аударғанда «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекені табиғаттың жандануымен және жаңа жылдың басталуымен байланыстырады екен.
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынадай аңыз бар екен: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.
Наурыз тойындағы қазақтың сат - дәстүрлеріне келетін болсақ, бұл күні түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. (Балалардың ұлттық ойындар туралы ойларын тыңдау)

II. Оқулықпен жұмыс.
«Сөздік алқабы»
1) Сабаққа байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
2) Мағыналарын түсіндіру.
3) берілген етістіктермен үстеулер қосу арқылы сөз тіркесін немесе сөйлемдер құрастыру.
өткізу - проводить
сыйлық сыйлау - дарить подарки
шақыру - пригласить

III. Дәптермен жұмыс.
Оқулықтың 141 - бетіндегі 3 - тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемдерді үстеулермен толықтыру.
1. Анама, сыйлаймын, гүл, мен.
2. Әпкеме, сатып, алып, бердім, бұйымдар, зергерлік.
3. Сабақты, қарындасым, оқиды.
4. Жүгіріп, Самат, келді, сабаққа.
5. Мен, бердім, айтып, өлеңді.

IV. Бәйге.
Кім сұрақтарға жылдам жауап береді?
1. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді?
2. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі қандай?
3. «Мейрам» сөзінің синонимін тап.
4. Адамдарға бақ, дәулет қондыратын ақсақал кейпіндегі қиял - ғажайып бейнені ата.
5. Қыран құсты баулап, аңға салатын кім?
6. Қойдың жүнінен басылған затты ата.
7. Сүйекті пайдаланып ойналатын ойын түрі.

V. «Кім жылдам?» Сөзжұмбақты шешу.
VI. Шешуіндегі сөздердің бастапқы әріптерін жазып отыру.
1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? Наурыз
2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік. атағаш
3. Жаңа туған малдың сүті... уыз
4. Қасиетті ай. рамазан
5. Ас үйде қолданылатын... ыдыс
6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды. зерен
7. Наурыз.... көже
8. Қазақстанның қаласы... өскемен
9. Қасиетті сан. жеті
10. Мал өнімінің негізгі түрі. ет

VII. Венн диаграммасы.
Екі мереке жөнінде балалардың жауабын тыңдап, дәптерлеріне жазғызу.
VIII. «Сөйлем көлі» Сөйлемдерден үстеулерді табу.
Дүкеннің ішінде адамдар көп екен.
Оқушылар тақтаның алдында тұр.
Бүгін орталық алаңға адамдар өте көп жиналды.
Біз балабақшаның алдына ағаш отырғыздық.
Біздің сыныптың ұлдары футболды жақсы ойнайды.
Айдар өлеңді жатқа айтты.

IX. «Мақал - мәтелдер алқабы»
1. Сәуір болмай,... болмас.
2. Нөсер алдында... ойнайды.
3. Еріншектің... таусылмайды.
4. Алдыңа бір қарасаң, артыңа... қара.
5. Аз сөз -...., көп сөз -....
6. Еңбектің наны -..., жалқаудың жаны -...
7. Ас атасы -...
X. Қорыту.
Оқушылар бір - біріне Наурыз мерекесіне байланысты ақ тілектерін айтады.
XI. Бағалау.
XII. Үйге тапсырма.
Наурыз мерекелері туралы эссе жазу
6 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз мерекелері
Наурыз мерекелері
Ақтау қаласы №7 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қойшибаева Айжан Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×