Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз. Көкөністер мен жемістер

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Күз. Көкөністер мен жемістер.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз құрамы, түбір, жұрнақ түрлерін меңгерту, түсіндіру барысында тапсырмалар орындау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды жақсылыққа, әдептілікке, табиғатты қорғауға баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшімен әңгіме.
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Ал, балалар көңіл - күйлерің қалай? Жақсы ма?
- Егер көңіл - күйіміз жақсы болса, бүгінгі сабағымызды жақсылықпен бастайық. Бүгін бізде қайталау сабағы. Яғни, біз осы күз тақырыбы, сөздік құрам тақырыбы бойынша білетіндерімізді қайталап, есімізге түсіреміз. Сабағымызды бастамас бұрын сіздерді екі топқа бөлейік: (жапыраққа жемістер мен көкөністің атауын жазып, оқушыларға алғызамын. Кім не алғанын оқиды.) Жемістер бір бөлек, көкөністер бір бөлек отырғызылады.
I - топ: Жемістер
II – топ: Көкөністер
Сабақтың құрылымы:
Балалар, біздің сайыс сабағымыз мынадай тапсырмалардан тұрады.
I. Бой сергіту.
Екі топқа өткен тақырып бойынша граматикалық, сұрақтар қою.
( дұрыс жауапқа 1 жетоннан беріледі)
Грамматикалық сұрақтар:
1. Сөз құрамы дегеніміз не?
Сөз құрамы дегеніміз ұғымға берілген атау
2. Қазақ тілінің сөз құрамы неден тұрады?
Түбір мен қосымшадан тұрады
3. Қосымша дегеніміз не, нешеге бөлінеді?
Түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз. Қосымша екіге бөлінеді, жұрнақ және жалғау. М: бақ+ша+лар
4. Негізгі түбір дегеніміз не?
Түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз белгілі мағынаға ие болса, оны негізгі түбір д. а. Мыс: көмек
5. Туынды түбір дегеніміз не?
Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан сөз жасалса, онда оны туынды түбір д. а. Мыс: көмек+ші
II. Суретпен жұмыс.
Күз мезгіліне байланысты суреттерді көрсете отырып, мәтін құрау.
- Балалар, бұл қай жыл мезгілі? Бұл күз мезгілі.
- Күз айлары қай айлар? қыркүйек, қазан, қараша.
- Балалар мектепке қай айда барады? қыркүйек айында барады.
- Ауа - райы қандай болады? Салқын, жаңбырлы, бұлтты болады.
- Күзде қандай өзгерістер болады? Жапырақтар сарғаяды, адамдар жылы киіне бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн қысқарып, түн ұзарады.
- Күзде нелер піседі? Күзде жемістер мен көкөністер піседі.
- Күзде қандай жемістер мен көкөністер піседі? Күзде алма, алмұрт, өрік, картоп, пияз, қарбыз, қызанақ, қияр т. б
III. "Жаңғақ шағу."
(Жаңғақтың ішіне сөздер салып, оқушыларға алғызамыз. Ол сөздерді сөз құрамына талдайды.)
Жемістер, құстар, мезгілді, күзгі, бұлтты, көмекші, қарақатты, көкөністі, қыста, жапырақтары, жаңбырлы, астық.
IV. Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып - ұшып қонайық.
V. "Қай әріпті жоғалттым " ойынын ойнау.
Тақтада бірнеше сөздер жазылып тұрады. Оқушылар жоғалған әріпті орнына қойып, сөзді оқып, аударады.
К... к... н... с, қ... с,... з... қ, қ... р... қ... т, қ... с, ж... ңб... р, т... б... ғ... т, к... з, п... ст..., к... н, м... зг... л, ж... м... с.
VI. "Кім көп біледі?"
Сөздік бойынша жұмыс. Екі топтың оқушыларына сөздің орысшасы айтылады, оқушылар сол сөздің аудармасын айту керек.
Жемістер тобына: время года - жыл мезгілі, посевное поле - егіс, желтеть - сарғаю, короткий - қысқа, длинный - ұзақ, расти - өсу, природа - табиғат, завтра - ертең, овощи - көкөніс, ягоды - жидек.
Көкөністер тобына: помогать - көмектесу, сезон - мезгіл, желтеть - сарғаю, сильный - қатты, нравится - ұнайды, кушать - жеу, ветер - жел,
завтра будет тепло - ертең жылы болады, облачный - бұлтты, фрукты - жемістер.
VII. Кітаппен жұмыс.
41 - бет. 1 - тапсырма. Тақтаға екі оқушы шығып орындайды.
VIII. Сабақты қорыту:
Енді, балалар грамматикалық тақырыбымызды тағыда еске түсіріп жіберейік, қане.
- сөз құрамы дегеніміз не?
- негізгі түбір мен туынды түбірге 2 мысалдан айтайық?
- күз айларын ата?
- күзде қандай өзгерістер болады?
- мектеп қай айда басталады?
Сонымен, балалар, бүгін бәріміз КҮЗ мезгіліне дайындалып келген екенбіз. Өте жақсы. Бәріміз не білетінімізді көрсеттік. Енді қане, қай топ көп ұпай жинады екен. Санайықшы!
IX. Бағалау.
Жақсы олай болса, бүгінгі сабақта мына оқушылар 5, 4, 3 деген баға алды. Балалар, сабақ ұнады ма? Олай болса ертеңгі сабаққа да осылай дайындалып келейік.
X. Үйге тапсырма: 1. Ереже қайталаймыз.
2. Күзгі көрініс (әңгіме жазу)
18 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сөз көлемі мен сөздік қорды молайту. Олардың адам денсаулығына пайдалы екендігін ұғыну.
Жемістер мен көкөністер әлемінде
Жемістер мен көкөністер әлемінде
жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру, түсінік беру. Тақпақ айту бойынша ой – қиялын дамыту. Оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер.
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×