Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын түрлері

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік – буын түрлері туралы теориялық білім беру, буын жігінің өзгеруін меңгерту.
Дамытушылық – буын түрлерін ажырата білуге, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Тәрбиелік – алған білімдерін өмірде пайдалануға, білімділікке, еңбексүйгіштікке баули отырып, білім алуға құштарлықтарын ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, талдау, жаттығулармен жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, қима қағаздар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
301 – жаттығу.
мәтіндегі 2 буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазу:
мі – не, и – не, шан – шар, о – рын, қа – лың, жұрт – тың, кі – ріп, ке – ліп, Мұ – хаң, түр – лі, тол – ған, ға – на, кү – ліп, үн – сіз, тұр – ды, а – лып, ке – йін, кет – ті, шір – кін, дер – сің, де – ген, ә – уен, ға – жап, жақ – тан, те – ңіз, мұ – хит, шет – сіз, шек – сіз, жат – қан, дү – ние, күн – де, ес – тіп, сөй – леп, жүр – ген, қа – зақ, бө – тен, үс – ті, ше – шен, біл – ген.
адамның шебер, шешен сөйлеуі үшін оның бойына қандай қасиеттер деп ойлайсыңдар?
өзің көріп жүрген адамдардың ішінде кімнің сөз сөйлеуі ұнайды? Несімен ұнайды?

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Өткен сабақты «кубизм» әдісімен бекітемін:
Буын дегеніміз не?
Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола ала ма?
Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай ала ма?
Сөз ішіндегі буын саны неге байланысты болады?
«Ғаламшар» сөзін буынға бөл.
3 буыннан құралған 3 сөз ата.
IV. Жаңа сабақ.
Буын түрлері туралы түсінік беру.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар.

Ескерту (тұйық буынға қатысты):
тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді:
оқ + ы = оғы; еп + і = ебі; ек + ін = егін, т. б.
V. Жаңа сабақты игерту тапсырмалары.
302 – жаттығу.
өлеңді оқу, неше жетім түрі айтылғанын айту;
әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түріне ажырату;
ашық буын: тұйық буын: бітеу буын: аралас буын:
дана, ата, бала. ел, ер. жер, құс, көл, жоқ, мал, көз, сөз, доссыз. қонбаса, жетім, кемпірі, соқыр, болса, тыңдамаған, қалса, жапырақсыз, бұтақ, оқылмаса, кітап, тыңдаушысыз, анасыз, қағазсыз, қалам, ақылсыз.

Жұптық жұмыс.
2 немесе 3 оқушыға бір кеспе – қағаз беріледі.
Ішінде сөз тұрады. Сол сөзді олар:
буынға бөлу керек;
соған сөз тіркесін құрау керек;
сөйлем құрау керек.
Қате жіберген оқушы сол сөзге тақтаға фонетикалық талдау жасайды.
Берілетін сөздер: доссыз, бұлақ, лашын, ат.
303 – жаттығу (ауызша).
мәтіннің тақырыбын анықтау;
мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табу;
Әл – Фараби туралы не білесіңдер?
VІ. Үй тапсырмасын беру:
306 - жаттығу.
VІІ. Бағалау.
10 351
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын және оның түрлері
Буын және оның түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды. Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз. Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін)
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×