Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай - лирик ақын

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Тақырып: Абай - лирик ақын

Мақсаты: Ақынның оқу - білімді, өнерді үнедеу арқылы әділдік пен бақытқа жеткізетін жолды айқындап бергенін түсіндіру; өз ортасының жағымсыз әрекеттерін әшкерелей отырып, ашына сынағанын ұғындыру; Қазіргі заманда білімнің маңызын түйсінуге баулу; Ақын өлеңдерінің негізгі түйінін айшықтап, поэтикалық тілін талдауға баулу.

Көрнекілігі: Ақынның суреті, «Абай», «Абай ауылы» кітаптары, слайдтар, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар; «Қазақтың Қанипасы» кітабы, Қ. О. Бітібаеваның «Мектепте Абай шығармаларын оқыту», «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» кітаптары, Бітібаева Қ. О. туралы газет - журналдарда шыққан мақалалар.
(Мультимедиа кабинетінде өтеді).

Әдісі: Ой салу технологиясы, Жоболап оқыту технологиясы, көркем мәтінді талдау моделі, Ақын тілінің сөздігін құрастыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу. 1. «Абай» тобы
2. «Телғара» тобы
3. «Мұхтар» тобы
Әр топ алдын ала берілген тапсырмалар жүйесімен жұмыс атқарады. Топтардың тапсырмасы: 1 - топ: «Дүние де өзі, мал да өзі» - Абайдың өнер - білім туралы өлеңдерін талдайды. А) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», ә) «Ғылым таппай мақтанба», Б) «Интернатта оқып жүр»
2 - топ: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» - а) «Қалаң елім, қазағым, қайран жұртым», ә) «Болыс болдым мінеки» б) «Сегіз аяқ» в) «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да».
3 - топ: «Желсіз түнде жарық ай» - а) «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» ә) «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» б) «Желсіз түнде жарық ай»

ІІ. Ой салу технологиясы бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды, анализ жасайды, жауаптарын бағалайды.
Оқушы ---------------------- мұғалім ---------------------------- мұғалім -------- оқушы
Білімін қолданады, анализ, синтез жасайды. ----------- Анализ, синтез жасайды

ІІІ. І топ: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне Венн диаграммасын толтырады. Қазіргі заманда жастарға терең білімнің, қазақы тәрбиенің қажеттігін, адамгершіліктің, еңбектің керектігін дәлелмен айшықтап сөйлейді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің композициялық құрылымын айқындайды. 1. Ақынның өкініші 2. Баланы оқытудағы мақсаты 3. Өзі туралы. «Менің оқудағы мақсатым» - оқушы өзінің алға қойған, қоғамға керекті істері туралы баяндайды. «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламамен байланыстарады.
ІІ топ: Ақынның «қазағым, елім, жұртым» деп өзінің жүрегіне жақын тартып алғаш «елім» деп еміренген жұртының бойындағы кемшіліктерді өткір сынға алған тұстарын ашып, өлең жолдарымен дәлелдейді. Өлеңнің тіл ерекшелігіне назар аудару арқылы ақынның тілінің сөздігін жасайды. Елбасының «Еңбекке 20 қадам» идеясымен ұштастырады. Парақорлық, жалқаулық сияқты келеңсіз қылықтарды сынаған тұстарын айқындап береді.

ІІІ топ: Адам – табиғат проблемасы. Абайдың табиғатты жанды дүниенің өмір сүрер қайнар көзі әрі сұлу да жарасымды көрінісінің адам тіршілігімен, ауыл өмірімен астаса жырлануына ерекше назар аударып, жансызға жан бітірген суреткерлігін, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын идеялық - көркемдік бірлікте баяндайды. Лирикалық кейіпкердің жыл мезгілінің суреттелуіне қарай алуан сезімге орануына көңіл аударады. Экология мәселесі. «Жасыл ел» бағдарламасының маңызы, өз үлестері туралы қосымша айтады.

ІҮ. Ақын өлеңдерінің поэтикалық тіліне талдау
Әр топ тапсырма жазылған кестелерді толтырады. Ақынның тілі, өлең ұйқасы, жаңашылдығы, маңызы мен көркемдік құралын айқындайды. (Теңеу, эпитет, метафора, шендестіру, кейіптеулерді өлең жолдарынан табады. Таблица толтырады).
Ү. Оқушылар білімін жинақтау. Топ жетекшілері өз тобындағы әр оқушының жауабын объективті түрде бағалайды. Комментарий жасайды.
ҮІ. Үйге. Ақын өлеңдерін жаттау.
14 075
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×