Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
2. Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, қосымша материалдар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
ІІ. Ой қозғау стратегиясы.
1. Абай мен Шәкәрім арасында қандай туыстық қатынас бар?
1. Абай шығармашылығы туралы қандай ой түйдіңдер?
2. Абай мен Шәкәрім сабақтастығы неде?
3. Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіңдер?
4. Біздің мектепте аудандық Шәкәрім оқуларының жүлдегері кім?

ІІІ. Жаңа тақырыптың өзекті мәселесін жүйелеу:
1. «Қалқаман - Мамыр» поэмасының өзекті мәселе.
2. Сол заманның шындығы, қатал үкімі, құрбандары.
3. Кейіпкерлердің іс - әрекетін бағалау (өзіндік пікірін тыңдау).
ІҮ. Поэманың композициялық құрылымы.
1. Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс
2. Оқиғаның байланысы: 1. Мамырдың бой жетуі
2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі
3. Қос ғашықтың қашып кетуі
3. Оқиғаның дамуы: Мәмбетей мен Көкенайдың Әнет баба сөзіне құлақ аспауы
4. Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі
5. Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім
2. Қалқаманның елден кетуі
6. Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.

Ү. Оқулықпен жұмыс. І. Ізде, тап.
1. Мамырдың соңғы сөзі
2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі
3. Қалқаманның елімен қоштасқандағы сөзі

ІІ. Сөздік жұмысы: Еркек – шора, Бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу деген сөздердің мән - мазмұнын ашу.

ҮІ. «Білім мен дәстүр» сыны.
І. Поэмадағы салт - дәстүр көрінісін атайық.
1. Жақыннан қыз алмау
2. Уәдеге беріктік
3. қалың мал беру.
4. құда түсу
5. бастаңғы жасау
6. бата беру
ІІ. Заман шындығын сұрыптау:
1. теңсіздік
2. жастардың бас бостандығы
3. қалың мал
4. оққа байлау
5. жесір дауы
ІІІ. Поэмадағы жер - су атауларын теріп жазыңдар

ҮІІ. Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап алу.
1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы? (1722 жыл).
2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім? (Әнет баба)
3. Қалқаманның әкесі кім? (Олжай).
4. Мамыр Қалқаманды қай жерге, қашан келуге шақырды? (Бүрсігүні, қалың қамыс)
5. Мамыр қыздың киімін кигеніне неге қуанбады? (Әкесі құда түсірмекші болды).
6. Екі жастың қосылуына не кедергі болды? (Туыс, аталас болуы).
7. Қалқаман неліктен өз елінен кетіп қалды? (Оққа байлағаны үшін)
8. Қалқаманды елі неге іздемеді? (Қазақ - қалмақ соғысының кесірінен)
9. Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр? (Ұлы жүз).

ҮІІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: «Салтыңды қадір тұт» толғау жазу. Өз таңдауы бойынша үзінді жаттау.
14 827
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан - жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×