Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту 1001 мақал,101 жұмбақ

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту
1001 мақал, 101 жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа алдын - ала дайындық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - 1001 мақал, 101 жұмбақ. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары екі топқа бөлінді. Топ мүшелерінің білімдері ұпай сандарымен белгіленеді. Сайыс бірнеше айналымнан тұрады.
1 - топ: Тілші: Қане, тауып берші!
2 - топ: Тапқыш: Білейік, кім айтқыш!
1 - айналым
Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал - мәтел айту.
1 - топқа: жолдас, бата, еңбек, халық, еріншек, жер.
2 - топқа: ақыл, өнер, сөз, жалқаулық, білім, жігіт.

2 - айналым: Мақал - мәтелді аяқтау.
1. Білімсіз өмір...
2. Отансыз адам -...
3. Туған жердей жер болмас...
4. Отан үшін отқа түс -...
5. Не ексең соны -...
6. Оқу білім бұлағы -...
7. Жақсыға сөз ілеседі,...
8. Туған жердің қадірін,...
9. Бал тамған тілден,...
10. Жылы - жылы сөйлесең,..
11. Ерінбеген етікші...

3 - айналым: Мақал - мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын табу.
1. Труд человека кормит.
2. Добрый сын – родителям радость.
3. Хлеб всему голова.
4. Глаза бояться, руки делают.
5. Труд украшает жизнь.
6. Сила в знаний - знание в книгах.

4 - айналым.
«Кім тапқыр?» ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толқықтыру.

ә ) Ашу...................., ақыл...................
а)............ сөз - көмір,.................... сөз - алтын.
б )............ еңбектен -....................... нан.
в )............... қорқақ, қол.........................

5 - айналым
7, 3 сөзі қатысатын қандай тіркес, қандай халықтық ырым - тиымы бар, тиым сөздердің мәнін түсіндір
Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды.
Тізеңді құшақтама.
Үйде ысқырма.
Үйдегі жан басын санама.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Аққуды атпа.
Малды теппе, ақты төкпе.

6 - айналым
Аралас сөздерден мақал құрастыру.
1) Атандырады, ер, еңбек.
2) Ыстық, оттан да, Отан -.
3) Ер, болар, сүйген, елін.
4) Қазғандай, құдық, оқу -, инемен.

7 - айналым
Балалар, қазақша ай аттарын білеміз бе? Қәне, енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойынын ойнаймыз. Тақтаға жазылған қате жазуларды дұрыс жазып шығу.
1 - топқа: пақна, мазыт, деліш, суірә.
2 - топқа: мысума, зақан, арқаша, рыкүқыйке.

8 - айналым
Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыру.
Ұстаз, ат, нан, көз, бас, қол.

9 - айналым
Жұмбақтарды шешу.
1. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.

2. Иір - иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.

3. Аузы жоқ, қолы жоқ,
Ұшқан құстан озады.

4. Күндіз бар, түнде жоқ.

5. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

6. Кішкентай ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар.

7. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.

8. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Иегінде сақалы бар.
9. Темір тілді,
Күміс үнді.
10. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың.

11. Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

10 - айналым

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын жазу.
1. Иығынан су кету -
2. Тонның ішкі бауындай -
3. Ат шаптырым жер -
4. Таяқ тастам жер -
5. Екі көзі төрт болу -
6. Тайға таңба басқандай -
7. Ит өлген жер -
8. Тілді үйіреді -
9. Көз шырымын алу -
10. Қоян жүрек -
11 - айналым
Мақалдың бірінші бөлігі айтылады, ал сендер 1 минуттың ішінде оны жалғастырасыңдар.
1 - топқа
1. Адамнан үлкен ат жоқ,
2. Жасық адам жасына жетпей,
3. Атаңның баласы болма,
4. Күлме досыңа,
5. Оқусыз білім жоқ,

2 - топқа
1. Отан от басынан
2. Ағаш тамырымен,
3. Ел – елдің бәрі жақсы,
4. Білегіңе сенбе,
5. Мектеп - кеме,

Қазақ тіліне аударып шешуін табыңыздар.
1. На дворе горой,
А в избе водой.
2. Без рук, без ног, а рисовать умеет.
3. Зимой и летом одним цветом.
4. Не лает, не кусает, а в дом не пускает.

Сабақты бекіту.
Оқушылардың білімін бағалау: шапшаңдық, сөздік қор, логикалық ойлау, мәнерлі сөйлеу, ойын анық жеткізе білу.
Тілшілерге! « Озат тілші», тапқыштарға - «Тапқыш ұлан»деген атақ беру
19 035
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойындар
Ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.
Сөз құрамы
Сөз құрамы
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Каирова Гульмира Мейрамбековна
Шығармашылар сайыс жоспары
Шығармашылар сайыс жоспары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм мен дисфемизм
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
Тіл ұстарту
Тіл ұстарту
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Терминдер
Терминдер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×