Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айтыс

06 сәуір 2013, Сенбі
«Айтыс – халық тарихы»
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Айтыс – халық тарихы
Мақсаты:
1. Білімділік: қазіргі кездегі ақындар айтысын, олардың шығармашылық ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың айтыс ақындары жайлы білімдерін толықтыру.
2. Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті арттыру. Өз ойларын, көзқарастарын еркін жеткізуге үйрету
3. Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:. Дәстүрлі емес сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Миға шабуыл, шығармашылық жұмыс жасау, сұрақ - жауап, іздестіру, таблица толтыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, ақындар шығармашылығынан дайындалған стенд, плакаттар, компьютер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлікті қадағалау. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру
Сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Біржан мен Сара айтысы туралы мазмұндау. Екі оқушы шығып өздері дайындап әкелген баяндамаларын қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Айтыс – халық тарихы»
1. Айтысқа көзқарас уығы
Мұғалім: балалар айтыс жайлы бұл біздің алғашқы сабағымыз емес. Сондықтан сендердің осы айтыс туралы көзқарастарың қалыптасқан болар. Өз көзқарастарыңызды білдірсеңдер.
Оқушылардың пікірлері:

2. Айтыстың түрлер уығы
Мұғалім:
Өте жақсы. Енді мына плакатқа көңіл аударайық. Мұнда «Айтыс» сөзі берілген. Сендер осы айтыстың түрлерін топтастырсаңдар. Яғни мына стрелкалар бойынша таратып жазайық. Кәне, кім бастайды?

3. Жұмбақ айтыс уығы.
Мұғалім: осының ішінде жұмбақ айтысына тоқтала өтейік. Ол айтыстың қандай түрі.
Оқушы жауабы:
Мұғалім:
- Ендеше екі қатар бір - бірімізбен жұмбақтасып, жұмбақ айтысын ұйымдастырайық.

4. «Айтыскер ақындар» уығы.
Мұғалім:
Айтыскер ақындарға тән қасиеттер туралы ата өтейік.
Ақынға тән қасиеттер:
1. парасат, білім
2. сөзге тоқтау
3. намыс, жігер, қызу шабыт
4. талант, арқа
5. тапқырлық, ұтымды ой, қолма - қол суырыпсалушылық
- Енді оқушылар мына тақтаға көңіл аударайық. Бұл ақындар жайлы сендер жақсы білесіңдер. Айтыскер ақындар жайлы қысқаша айтып өтсек.
Оқушылар:
- Сүйінбай Аронұлы
- Жамбыл Жабаев
- Сара Тастанбекқызы
- Ұлбике Ханкелдіқызы
- Біржан сал.
Мұғалім:
- Тағы да басқа ХХ ғасырда өмір сүрген айтыскер ақын жазушыларды білесіздер?
Оқушылар:
- Шортанбай Қанайұлы т. б......

5«Әдебиет лотосы» ойыны уығы.
Мұғалім:
Осы ақындар туралы мынадай кете толтырайық:
Ақын - Сүйінбай.
Кімдермен айтысты - Тезек төремен, Қатағанмен
Тақырыбы - Әлеуметтік мәселелер
Шығармалары - «Болыстарға баға», «Қасымға», «Жетісу билеріне», «Жамбылға берілген бата»

6.«Осы күнгі айтыс» уығы.
- Қазіргі кезде де айтыс өнері дамып келеді. Теледидардан түрлі айтыстар болып жатыр. Қазіргі айтыстардың ерекшелігін неде деп ойлайсыңдар?
Жауап
- Осы күні теледидарда қандай айтыстар көрсетіліп жатыр?
Жауап:
- Жас айтыс ақындарын білесіңдер ме? Атап өт.
Жауап:
- Ендеше мен айтыскер ақындардың фотосын компьютер арқылы көрсетемін. Сендер олар жайлы білетіндеріңді ортаға саласыңдар.
(Компьютермен жұмыс)

1. «Аламан айтыс» уығы.
Мұғалім:
- Қазір бәріміз соңғы жексенбіде болған айтыстан үзінді тыңдайық. Тыңдап қана қоймай әр сөзін көңілге тоқып, өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Мұғалім:
- Енді бізде «Аламан» айтысын ұйымдастырайық. Өздерің білесіңдер біздің ортамызда Айман мен Маша атты аудан көлеміне танымал жас ақынымыз бар. Солардың тамаша бір айтысын тамашалап, дауыс берелік. Келген қонақтарға және оқушыларға алдын ала билет таратылған болатын, соны қораптың сары жағына Машаға, көк жағына Айманға дауыс бересіздер.

ІҮ. Қорытынды.
1. Айтысқа баға беру
Мұғалім:
- Оқушылар өздерің білесіңдер көптеген ақын - жазушылар осы айтысқа өз бағаларын берген, ендеше бізде « ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай сол кісілерге ұқсап өз бағамызды берейік.
Оқушылар ойларын жинақтағанша үйге тапсырманы тақтаға жазып қоямын.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» атты эссе жазу

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы,
Тассуат орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі: Жұмабаева Сайранкүл Серікқызы
27 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Аяз бен Қыдыр (айтыс)                                              (4-сынып)
Аяз бен Қыдыр (айтыс) (4-сынып)
Қызылорда қаласы №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Үміт
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Ақындар айтысы
Ақындар айтысы
Атырау қаласы, Құрманғазы селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің ағылшын және музыка пәні мұғалімі Абилтаева Гүлхат Имуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×