Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә. Шынбатыров «Ақ кептер»

21 сәуір 2013, Жексенбі
Сабақ сыни тұрғыдан ойлау, жазу және аймақтық компонент технологиясының әдіс - тәсілін қолдана отырып, өткізілді. Павлодар өңіріндегі кептерлердің түрлері ізденіс жұмыс түрінде алдын ала анықталды.

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ә. Шынбатыров. «Ақ кептер».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кептердің түрлері туралы түсінік беру, әңгіменің мазмұнына сыни көзқарасты ояту.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету. Ойларын еркін жеткізуге жетелеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, гумандық көзқарасқа, адамгершілікке баулу.
Көрнекті құралдар: Үнтаспадағы кептердің дыбысын тыңдау.
Кептерлердің түрлері, банер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдері: «Ой қозғау», «Жиксо» стратегиясы
(Сыни тұрғыдан ойлау, жазу), «Аймақтық компонент».
Сабақтың түрі: Ізденіс, мәтін талдау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар «Бүркіттер», «Қарлығаштар», «Аққулар», «Бұлбұлдар» тобына бөлінеді. №1, №2, №3, №4 нөмірлі бейджиктерді тағады.
Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау».
Үнтаспадан кептердің дыбысын тыңдайды.
Үй тапсырмасы - Кептерлер туралы мәлімет дайындау болатын.
- Кептерлер туралы не білдіңдер? (4 оқушының жауабы)
Бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
(Тақырыпқа шығу)
- Кептер туралы.
- Бүгінгі тақырыбымыз Ә. Шынбатыровтың «Ақ кептер» әңгімесі.
бетті ашып, суретке қараңдар. (Оқушылармен бірге сабақтың
мақсатын анықтау)
- Бүгін кептерлер туралы білімдеріңді толықтырасыңдар және әңгімедегі бала кептермен қалай кездесіпті, қандай бала екен? білесіңдер.

II. Мағынаны ажырату.
Мәтінді мәнерлеп кезекпен оқып, 4 бөлімге бөлеміз.
(1 оқушы мәнерлеп оқиды)
«ЖИКСО» стратегиясы. №1, №2, №3, №4 - ке нөмірленген бейджиктерді киеді.

1. Әр топ өз бөлімін оқиды.
2. Негізгі ойды табады. (жеке және жұппен ойлайды.)
3. Топпен бөлімге ат қояды, әңгімелейді.
4. Өз орындарына қайтады.
5. Әр бөлімнің идеясын ашады.
6. Әр топтан спикерлер қорғайды.

Сергіту сәті.
«Ақ көгершін» әнін үнтаспадан тыңдай отыра, қимылдар жасап билейді. Аналитикалық әңгімелесу.
Оқушыларды өз пікірін айтуға жетелеу.
- Еркін неге кешікті?
- Әжесі Еркінге неліктен риза болды?
- Еркін кептерді қалай күтті?
- Еркін қандай бала?
- Кептердің адамдарға жақындығы қай кезде байқалады?
- Еркін болашақта қандай азамат болады? - деп ойлайсыңдар?
Аймақтық компонент.
- Біздің Павлодар өңірінде қандай кептерлер тіршілік етеді?
(Мәліметті 4 топқа бөліп беру). Оқушылар түсініктерін айтып береді.
Тұжырымдау.
- Кептерлер туралы не білдіңдер?
- Достыққа бейім құс. Адамға жақын жүреді.
- Көгершіндер – бейбітшіліктің символы. Олар бір - біріне адал құс.
- Көгершіндер ертеде хат тасып, хабарласуға адамдарға жәрдем көрсеткен.

Рефлексия.
- Өздеріңнің көзқарастарың құстарға, табиғатқа өзгерді ме?
- Құстарға жем салып ұя жасап, көмектесу керек.
- Тас лақтыруға, жарақаттауға болмайды.
Үй тапсырмасы: Мазмұнын толық білу.
- Осы әңгімеге ұқсас әңгіме тауып оқып келу.
- Бағалау парағы бойынша балалар бағаланады.

Павлодар қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Картабаева Динара Гиззатовна
7 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×