Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Шылау» (6 сынып)
Мақсаты:
Білімділік: түрлі жұмыстар, жаттығулар, тест орындау арқылы теориялық білімдерін жинақтау, қорытындылау.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз заманының озық ойлы, мәдениетті азаматы болуына тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, тест, интерактивті тақта, сөзжұмбақтар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызбалар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ:
Балалар, біз өткен тақырыптарда одағай сөздерді өткен болатынбыз. Одағай дегеніміз не еді? Одағай дегеніміз - толық мағынасы жоқ, затты, құбылысты нақты білдірмей, тек адамның әртүрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан - жануарларға айтылатын сөздерді айтады екенбіз. Мысал келтірейік: Қап, мына затымды ұмытып кетіппін.(мұндағы «қап» сөзі). Япыр - ай, қайда сол күндер! (мұндағы «япыр - ай» сөзі).

Сол сияқты бүгінгі өтетін тақырыбымыз «шылауға» келсек, бұл да толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылау деп атаймыз.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Мұндағы: үшін, мен деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр.

Балалар, сөз таптарын атап шығайықшы...
1. Зат есім. 2. Сын есім. 3. Сан есім. 4. Есімдік. 5. Етістік. 6. Үстеу. 7. Еліктеуіш сөздер. 8. Одағай сөздер. 9. Шылау.
Енді әрқайсысына мысал келтіріп кетейік. Бір жағынан еске түсіреміз, бір жағынан жадымызда сақталып қалады.
1. Зат есім - кім? не?- адам, оқушы, кітап.
2. Сын есім - қандай? қай?- қызыл, әдемі, таза.
3. Сан есім - қанша? неше?- бір, екеу, үшінші.
4. Есімдік - жіктеу, сілтеу... мен, сен, ол.
5. Етістік - не істеді? Не қылды? қайтті?- барды, келді.
6. Үстеу - белгісін, амалын, мекенін, мезгілін - ертең. биыл.
7. Еліктеуіш сөздер - әр түрлі дыбыстың пайда болуы - тарс - тұрс...
8. Одағай сөздер - көңіл күйге байл. туған сөздер - япыр - ай...
9. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
4) Шылаулар түрленбейді.
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау.

Кітаппен жұмыс:
323 - жаттығу. Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар.
Үлгі: пен шылауы тыныштық және ойнақы сағым деген бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұр.
Пен, мен, ма, әйтуір, соң,- ақ, да, қана, сайын.

Сергіту сәті:
- Балалар, шаршаған сияқтысыңдар. Олай болса, «Елім менің» әнінің бір шумағын бәріміз қосылып орындап көрейік. Әннің сөзі тақтада жазулы тұр.
«Елім менің»
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!

Тапсырма.
Өлең шумағындағы шылауларды табыңдар.(үшін, мен)
1. Ән не туралы екен?
2. Олай болса «Отан» сөзін қалай түсінеміз.
Отан - жер, ана, туған далам, кең өлкем...

Тест сұрақтары:
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?
А) сөйлем мүшесі бола алмайды.
В) көңіл - күйді білдіреді.
С) Заттың атын білдіреді.
2. Шылау тұрған қатарды тап.
А) он бес, қырық
В) ғана, ғой
С) келді, оқыды
3. Шылаудың неше түрі бар?
А) 4
В) 3
С) 2
4. Берілген сөйлемнен шылауды тап.
Мен де ұшқыш болғым келеді.
А) мен
В) ұшқыш
С) де
5. Мақалдан шылауды тап.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
А) Отан
В) үшін
С) түс
Кілті: 1 - а, 2 - в, 3 - в, 4 - с, 5 - в

Сөзжұмбақ: «Шылау»
1 - сұрақ: Қазақ тіліне тән қанша дыбыс бар?- 9
2 - сұрақ: Тұрлаулы мүшелерді ата - бастауыш, баяндауыш
3 - сұрақ: Қазақ тілінде неше септік бар?- 7
4 - сұрақ: Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша - жұрнақ
5 - сұрақ: Тұрлаусыз мүшелерді ата - анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
6 - сұрақ: Етістіктің қанша шағы бар?- осы шақ, келер шақ, өткен шақ.
7 - сұрақ: Мағынасы бір - біріне ұқсас сөздерді қалай атайды?- синоним
8 - сұрақ: Орфография дегеніміз не?- дұрыс жазамын.
9 - сұрақ: Орфоэпия дегеніміз не?- дұрыс айтамын.

Сабақты бекіту:
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін - депті Қадір Мырзалиев ағамыз.
Ал, шылау не үшін қажет?... Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін керек екен.

Қорытынды:
- Иә, балалар, туған жерге жету үшін екі аяғың қалай керек болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына шылау сынды сөз табының қосар үлесі зор. Міне, балалар, жүйелі ойлау, ой - өріс кеңістігімізді кеңеюіне шылаулар да үлкен ықпал етеді.

Бағалау.
Үй тапсырмасы: 324 - жаттығу. Оқып шығып, шылауларды табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 510
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру. Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Одағай туралы түсінік
Одағай туралы түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Калмурзина Алия
Одағай
Одағай
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×