Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өздік етіс

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өздік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі күннің ретін жазу.

Жаңа сабақ:
Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің өзіне қарай бағыттылғанын, оқу іс - әрекеті тікелей қимыл иесі(ол) арқылы емес, екінші бір иесі арқылы орындалғандығын білдіріп, ол мағыналар түбірге
– ын,- т,- ыл,, ыс жұрнақтары арқылы берілген.

Етістер төрт түрге бөлінеді:
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіс
4. Ортақ етіс
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт - қыз - ба, ки - ін - бе, сөйле - с - пе, т. б.

Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.

Жаттығумен жұмыс:
238 - жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды, тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...

239 - жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп.

240 - жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай...

Сабақты бекіту:
1. Етістің түрлерін ата.
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата.
3. Мысал келтір.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
116 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзгелік етіс
Өзгелік етіс
Етістіктің түрлері, оның ішінде етістің түрлері туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Ортақ етіс
Ортақ етіс
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Ерболатқызы
Есімше
Есімше
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Өрік
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс
Астана қаласы №53 мектеп - лицей мұғалімі Базарова Ақкенже Мырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×