Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұрау есімдігінің түрленуі

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Сұрау есімдігінің түрленуі» (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сұрау есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Сұрау есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуін үйрету.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, тірек - сызбалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Есімдік дегеніміз не?
- Оның қандай түрлері бар?
- Мысалдар келтіру.
Жаңа сабақ:
Сұрау есімдігінің түрленуі
Әр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету.
Мысалы: I жақ менің кімім?
II жақ сенің кімің?
Сіздің кіміңіз?
III жақ оның кімі?
Бұл тәуелдену үлгісі
I жақ мен кіммін?
II жақ сен кімсің?
Сіз кімсіз?
III жақ ол кім?
Бұл жіктелу үлгісі
Атау: кім?
Ілік: кімнің?
Барыс: кімге?
Табыс: кімді?
Жатыс: кімде?
Шығыс: кімнен?
Көмектес: кіммен?
Бұл септелу үлгісі
Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Cебебі I және II жақ, яғни айтушы(мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:
Тәуелдіктің жақтары ------ Кім? ------------ Нешеу? ------------ қайсы?
І менің ------------------------- Кімім? ------------ Нешеуім? ------------ қайсым?
ІІ сенің ------------------------- Кімің? ------------ Нешеуің? ------------ қайсың?
сіздің ------------------------- Кіміңіз? ------------ Нешеуіңіз? ------------ қайсыңыз?
ІІІ оның ------------------------- Кімі? ------------ Нешеуі? ------------ қайсысы?

Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі:
Септік ------ Кім?--------------- Нешеу?------------ қайсы?
А. ----------- Кім? ------------- Нешеу? ------------ қайсы?
І. ----------- Кімнің? ----------- Нешеудің? ------- қайсының?
Б. ----------- Кімге? ------------ Нешеуге? -------- қайсыған?
Т. ----------- Кімді? ------------ Нешеуді? -------- қайсыны?
Ж. ----------- Кімде? ---------- Нешеуде? ------- қайсыда?
Ш. ----------- Кімнен? -------- Нешеуден? ------ қайсыдан?
К. ----------- Кіммен? -------- Нешеумен? қайсымен?

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған барлық сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады.
Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.

Оқулықпен жұмыс:
100 - жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударыңыздар. Тақтаға теріп жазу.
- Ойбай, балаларды әкеткелі жатыр.
- Солдат қаптап кетіпті.
- Қайда бұл, түге, осы елдің еркегі?
- Жүр, не тұрыс бар? Көріп алайық, көрейік!
- Қайда осының болысы, старшыны қайда, түге?!
- Осы ер - азамат қайда? Атына неге мінбейді?
Бұл жерде сұрау есімдіктері: қайда, неге,...

101 - жаттығу. Жаңылтпаштарды айтып үйреніңіздер. Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?!
* * *
Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз?
Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?
* * *
Менің нем кем деп ең,
Бер үйді ең кең деген?
Бер үйді ең кең деген,
Менің нем кем деп ең?!

Балаларға жаңылтпашты жатқа айтқызып, ішіндегі сұрау есімдіктерін тапқызу.
Неше, нем,...

Сергіту сәті:
Сөздер мен сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығына қимылдар жасату. Егер қате болса аяқтарды жай ғана топылдатып, егер дұрыс болса, жай ғана шапалақтаумен білдіру. Айтылған сөздер мен сөйлемдер әрі көңіл көтеріп, әрі тәрбиелеуге арналған.

- Біз бүгін ашық сабақ өтіп жатырмыз!
- Біз бүгін жіктеу есімдігін өтіп жатырмыз!
- Біз сабақты қызыға тыңдап отырмыз!
- «Ғылым таппай мақтанба» Сәкеннің өлеңі.
- «Абай жолы»романын Мұхтар Әуезов жазды.
- Саяхат жасауға дайынбыз ба?
Олай болса, балалар біз қай қалада тұрамыз? Барлығымыз да басқа қалаларға қыдырғанды ұнатамыз ғой. Ендеше, бізге көптеген мүмкіндіктер бар. Егер де біз Мына сұрақтарға жауап берер болсақ, біз Қазақстанның қалаларына саяхат жасай алады екенбіз.

1 - сұрақ. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мақал - мәтелді толықтыр.
... ексең,... орасың.
(не - сұрау есімдігі, соны - сілтеу есімдігі)
Шымкент қаласына жеттік.

2 - сұрақ.
Нешінші? деген сұрау есімдігін жіктеп және тәуелдеп жаз.
Мен нешіншімін?
Сен нешіншісің?
Сіз нешіншісіз?
Ол нешінші?

Менің нешіншім?
Сенің нешіншің?
Сіздің нешіншіңіз?
Оның нешіншісі?
Алматы қаласына да келіп жеттік.

Астана қаласына жету үшін бізге «Есімдік» деген сөзжұмбақ беріліпті.
1. Заттың қимылын, іс - әрекетін, жай - күйін білдіретін сөз табы. (етістік)
2. Қимыл, іс әрекеттің әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы. (үстеу)
3. Заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. (сан есім)
4. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. (зат есім)
5. Толық мағынасы жоқ, тек адамның көңіл - күйін білдіретін сөз табы.(одағай)
6. Заттың түрін, түсін, сынын білдіретін сөз табы.(сын есім)
7. Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.(еліктеуіш)

Балалар, осы жерде нені байқадыңдар? Бірыңғай сөз таптарынан жасалған сөзжұмбақты байқап отырмыз. Бұл жерде тек бір ғана сөз табы жетпейді, ол қандай сөз табы? Шылау деген сөз табы.

Сабақты бекіту.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 102, 103 - жаттығулар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
40 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдік жайлы білімдерін нығайтып, есімдіктерді түрлендіруге, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолын меңгеруі тиіс. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру қажет.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Есімдік. Өздік есімдігі
Есімдік. Өздік есімдігі
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжамила Шынтасовна Қалмағамбетова
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×