Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

04 мам 2013, Сенбі
І. Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі. (презентациясымен)
ІІ. Сабақтың мақсаты: оқушылардың М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесінен алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру, бекіту.
ІІІ. Сабақтың міндеттері: а) білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысы -
нан ойлап, талқылауға үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу
ІІІ. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
ІV. Сабақтың түрі: сайыс - ойын сабағы («ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік
ойыны)
V. Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, пікірталас, тест, топтық жұмыс
VІ. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, плакат, түрлі - түсті қағаздар, желім, бағалау парақшалары, топ аттары
VІІ. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих, биология, қазақ тілі
VІІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
• Сәлемдесу
• Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру
- Өткен сабақта мен сендерді екі топқа, яғни «Арлан», «Абадан» деп бөлген болатынмын. Ал сендерге үйде бұл сөздер қандай мағына беретінін біліп келу тапсырылды.
«Арлан» тобы: - Арлан - ірі, күшті қасқыр.
«Абадан» тобы: - Абадан - еркек, көсем қасқыр.
- Өте жақсы. Олай болса, топ жетекшілеріңді тағайындадыңдар ма?
- Иә, «Арлан» тобының жетекшісі: Имантусупова Айжан.
- «Абадан» тобының жетекшісі: Нұрымбекқызы Нұрасыл.

ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. – Балалар, өткен сабақтарда біз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен берілген үзіндімен танысып, мазмұнын меңгеріп, талдау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Ал бүгінгі сабақта алған білімдерімізді қорытындылаймыз. Сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше болмақ. Білімдеріңді «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны ар - қылы тексеретін болатынмын. Ойынымызды бастамас бұрын, әр топқа алғашқы тек -
серу, еске түсіру тапсырмасы беріледі.
3. Тапсырма: «Қасқыр» және «Адам» сөздеріне топтастыру жасаңдар. Әр топ интерактивті тақта арқылы тиесілі сөзді таңдап алып, арнайы берілген плакаттарға топтастыру жасайды. (5 - 6 слайдтар).

4. – Ал енді, ойынымызды бастайық. Топтар дайынбыз ба? Іске сәт!
1. «Бәйге» (10 ұпай) Бұл кезеңде барлығы 8 ұяшық берілген. Әр топ өздері таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруіне болады.

1. М. Әуезовтің ең алғашқы әңгімесі ( «Көксерек» әңгімесі)
2. “Көксерек” әңгімесі қай жылы жазылған? (1929 жылы)
3. Қасен деген кім? (Белгілі аңшы)
4. Көксеректі жеңген иттің аты (Аққасқа)
5. Қара ала төбеттің иесі кім? (Жұмаш)
6. Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? (1929 жылғы)
7. Құрмаштың елі (Қараадыр)
8. “Көксерек” әңгімесінің тақырыбы (Адам - Табиғат - Қасқыр)
9. Көксеректі жұрт несіне қарап таныды? (құлағына)
10. “Көксерек” фильміне қасқыр Көксеректі қай қаладан алып келді? (Мәскеуден)
2. «Көкпар (20 ұпай) Бұл кезеңде 5 ұяшық берілген. Таңдаған ұяшықтағы сұрақ - тапсырмаларға жауап береді.

1. Қай кейіпкер туралы айтылған?
Бірде - бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Әлі күнге еш -
бір уақытта “қыңқ” етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Тісі батып, қиналып бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады. Тамаққа өлгенше ашқарақ. Өзі ізденіп ешкімге соқтықпайды. (Көксерек)
2. Грекше «Кірістіру» деген ұғымды білдіретін сөз. (Эпизод)
3. Жоспарды ретімен орналастырыңдар.
1. Құрмаш ажалы (3)
2. Қаңырап қалған ін (1)
3. Ала төбетті жеңу (2)
4. Аққасқа мен Көксерек (4)
4. Оқиғаның шешімі (Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы.)
5. Шығармадағы кейіпкерлерді атаңдар (Құрмаш, Жұмаш, Қасен, әжесі, Көксерек, Аққасқа, қара ала төбет, ауыл адамдары)

3. «Арнайы сұрақтар (10 ұпай). Бұл кезеңде мектебіміздің мұғалімдерінің сендерге дайындаған тест тапсырмаларына жауап береміз. Интерактивті тақтадағы керекті санды таңдап, кім сендерге сұрақ дайындағанын көріп, жауап береміз.
1. Сакимова Махаббат Өміртайқызы - оқу ісінің меңгерушісі
«Көксерек» фильмі қай киностудияда түсірілген?
1. «Қазақфильм» киностудиясында
2. «Мосфильм» киностудиясында
3. «Қырғызфильм» киностудиясында +
4. «Ленфильм» киностудиясында

2. Шалдыбаева Әсемгүл Матайқызы - биология пәнінің мұғалімі
Көксерек сөзі нені білдіреді?
1. Ірі, күшті қасқыр
2. Жас қасқырдың ең мықтысы +
3. Қасқырдың қарақұлақтанған күшігі
4. Ұрғашы қасқыр

3. Саденова Лейла Қанатқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
“Көксерек” әңгімесінің алғашқы нұсқасында Құрмаштың есімі кім деп беріледі?
1. Жұмаш
2. Тұраш
3. Алмаш
4. Мұқаш +

4. Сембаева Әсел Серікқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Құрмаш рөлінде ойнаған кім?
1. Қамбар Уәлиев +
2. Толоуш Океев
3. Нұрлан Сегізбаев
4. Ермек Төлепбаев

4. «7 пән» (20 ұпай). Бұл кезеңде берілген пәндердің біреуін таңдап, сұрағына жауап береді. Жауап бере алмаған болса, келесі топтың жауап беру мүмкіндігі болады.
Қазақ тілі
Орыс әдебиеті
Тарих
Математика
География
Биология
Ағылшын тілі

1. Тарих - 200 томдық дүниежүзі әдебиеті кітапханасына М. Әуезовтің қай шығармалары кірген? ( «Абай жолы» эпопеясы мен «Көксерек» хикаяты)
2. Қазақ тілі – Мәтіннен біріккен сөздерді тауып айтыңдар. (Көксерек, Аққасқа, Қараадыр, итмұрын)
3. Орыс әдебиеті - “Көксеректі” А. Пантилеев қалай деп аударған? (Серый Лютый)
4. География – Мұхтар Әуезов қай жерде дүниеге келген? (Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыстау етегінде)
5. Математика – інде барлығы неше бөлтірік болды? (Жеті)
6. Биология - Қасқырды неге орман санитары дейді? (Ормандағы әлсіз, ауру және өлімсектерді жейді)
7. Ағылшын тілі – Who did write the conversation “Kokserek? (Muhtar Auezov wrote the conversation “Kokserek”).

5. «Полиглот» (30 - 20 - 10 ұпай). Бұл кезеңде оқушылар керекті ұяшықты таңдап, жұмбақ пен мақал - мәтелдерге керекті сөзді тауып айтып, үш тілде айтып шығады.
1. Күш десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды
Түнде жортар ісі бар.
Ол не? (Қасқыр - волк - wolf )
2. Қасқырды қанша асырасаң да
_____________- ға қарап ұлиды. (Орман - Лес - Forest )
3. Қасқырды сұрлығы үшін емес,
_____________ үшін ұрамыз. (Ұрлығы - воровство - Stealing )
4. Қасқырдың ауызы жесе де қан,
жемесе де________. (Қан - Кровь - Blood )
6. «Жорға» (10 ұпай). Бұл кезеңде оқушылар кезекпен шығып, семантикалық картаны толтырады.
№-- Кейіпкер сөзі ------------- Ауыл адамдары -------- Жұмаш ----- Құрмаштың әжесі ---- Бейсембай

1. Қуарған - ай, неңді
алып ем? Не жазып ем?+
2. Кәпір қырыс, неме, кеудесін
бермейді, жасымайды. +
3. Мына кәпірдің екі көзі
жап-жасыл болып кетіпті,
тұқымын сезген екен, мұны
өлтіріп, терісін алайық. +
4. Қасқырың болса қайтейін,
менің қара ала төбетім
бір - ақ соғады. Арашалай алмасаң,
әлдеқашан өлтіріп тастар еді. +
5. Іздегендеріңнің өзі - сол, бәрін
істеп жүр - ген сол. Енді оны бір
қолға берсе - ау! +
6. - Осы... осы... осы ит! +

7. «Шешендік сайыс» (50 ұпай). Топ жетекшілері сайысқа түседі. Берілген сұрақ бойынша біреуі жақтайды, біреуі даттайды.
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Кінәлі
Кінәлі емес

ІІІ. Қорытындылау
● Бақылаушы арқылы жеңімпаз топты анықтау
● Оқушыларды мадақтап, марапаттау
● Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

ІV. Үйге тапсырма
Егер де сен жазушы болсаң, әңгімені қалай аяқтар едің?
V. Бағалау
Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 672
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Мұхтар Әуезов Көксерек
Мұхтар Әуезов Көксерек
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×