Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

29 наурыз 2012, Бейсенбі
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.

Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;
- монитор экранындағы фонына назар аудару;
- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2)жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3)жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау;
4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді /18,32б/.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.

Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;

ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.

Мысалы, 8 сыныптағы қазақ тілі салбағында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбын өткен кезде алдын – ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушы пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады.

Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.

Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:

•Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.
•2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
•3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
•ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың
•арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
•4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
•5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
•табысты байланыстырады.
•6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
10 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×