Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Абай өнегесі

23 мам 2013, Бейсенбі
Ұлы Абай өнегесі
Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу - адамзаттың асыл парызы болып саналады. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын ұрпағын адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке, мейірбандыққа үндеп отырады. Қазақ халқының дәстүрі мен әдет - ғұрпы - ауыз әдебиетінен басталса, ақын Абай - сол әдет - ғұрып пен ұлттық дәстүрді қазақ халқына түсінікті етіп, әдеби тілмен өрнектеп жеткізген, тіл мәдениетіне ерекше мән берген, әдеби жазба тілдің ірі өкілі.

Ұлы бабаларымыздың ұлағатты сөздері болашақ жас ұрпақтарға білім мен тәрбие берері ақиқат. Бұл ретте біздің басты ақылшымыз, бағыт - бағдаршымыз ұлы Абай болу керек деп ойлаймын.
Үлкеннің ақылын алу, жақсының жанына еріп, жолдас болу ежелгі ел дәстүрі болса, осы қағиданы берік еске сақтап, адал азамат болу әрбір саналы жастың борышы деп түсінген Абай «Өмір көші тура жолмен салдыртып жүре беретін керуен емес, кезінде ойланбасаң, кейін өкінерсің, өкінерсің де опық жерсің!»- деп жастарды ойға шомдырды. Абай өзінің «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»атты өлеңінде осы ойды тереңдете түсіп, ой - сырын, мінез - құлқын түземей, сыртын түзейтін сымпыс борбай, сидақ жігіттерді былайша шенейді:

Осындай жігіт елде мол - ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржақ қақпақ.
Өмірге келген жастардың бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын талап еткен ұлы ақын сол қоғамның саналы жастарына:
Пайдалы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей, бәйге алма.
Өзіңмен бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден, - деп насихат айтады. Күншілдіктен аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін ұқтырады. Пайда ойлап, ардан безу - адамдықты «аздыратын қылық» екенін түсіндіреді. Адам болу үшін жастардың сондай жаман қылықтардан аулақ болуын қалайды, өмірден өз орнын табу адамгершілік міндеті екеніне назар аудартады.
Ел қыдырып, ас ішіп, аяқ босатар, жатып ішер жалқау жастарды мінеп - сынай келе:
Жолға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса сыйламай тұр алмас ел.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек - адам болмас,
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас - деп
«Ұрлық түбі қорлық, адалдан тапқан мал мұратына жеткізеді, еңбек түбі - зейнет» дегенді өнеге етеді. Сондай - ақ «малға достың мұңы жоқ жалдан басқа» деген өлеңінде адалдықпен мал табуды кәсіп етпей, қулық - сұмдықты қуып кеткен кейбір жастарға:
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп қайрат, еңбек адамгершілік - қайырымдылық қасиеттерін қатар ұсынып, адам болам десең, осы үшеуін бірдей тең ұста деп жөн сілтейді.
Абай жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар - ұждан қай дәуірде болмасын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман - есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз - нысанасы екені даусыз.
Адам өмірінің әр кезеңі өзіндік ерекшелігімен қызықты. Ақын осыны айта келеді де:
Өмір, дүние дегенің -
Ағып жатқан су екен.
Жақсы - жаман көргенің,
Ойлай берсең, у екен,- деп әр адамды еріксіз ойландырады. Яғни өмір бір жерде тұрмайды, көрген қызық, өткен өмір түс сияқты. Оны ойға алып, өзіңмен - өзің есеп айырысып отыру адамшылық парызың дегенді санаңа сіңіреді. «Егер есті кісі қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен - өзің есеп ал»дейді. Сөйтіп адамның өзін - өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Данышпан«Адам баласы бір - бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»- дей келе адамды тәрбиелеудегі қоғамдық орта рөлінің ерекшелігін саралап көрсетеді.» Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса оның өзінің замандастарының бәрі виноват» екенін айта отырып, Абай сана - сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіре біледі. Адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде «мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»деді.

Алға қойған мақсатқа жетуге кедергі, бөгет болатын адамның бойындағы талапсыздық, жалқаулық сияқты мінез - құлықтарды сынады.
Абайдың қай өлеңін оқысаң да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне жазылғандай.
Абайды білдік, таныдық, ұқтық дейтініміздің бәрі - бекершілік. Адамдыққа, еңбекке, білімге, қайырымдылыққа, халқының мүддесі жолындағы адалдыққа Абай тағылымы ауадай қажет екеніне дау жоқ. Халқының қасіретін, мұңын, арманын Абайша ұқпаған қазақтан қайраткерлік, күрескерлік, имандылық қасиет шықпайтыны ақиқат.
Атымды адам қойған соң
Қайтіп хайуан болайын,- дегендей адам болған соң, рухани надандықтан қашайық. Адам болу үшін Абайды саналы түрде оқып, зердемізге тоқиық. Пән мұғалімдері қандай пән болмасын сабақ барысында Абайдың ұлағатты сөздерін оқушылардың рухани жан дүниесіне байытып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Осылай еткенде ғана, күнделікті қайталанып отыратын адамгершілік туралы ой - толғамдар оқушылар санасына күн сайын сіңісе бере ме деген ниеттеміз.
Кемеңгер бабамыздың арман - мұңы - бүгінгіге, болашаққа аманат.
Абайдың әр сөзі, тағылымы мен аманаты бізге қымбат.
11 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Өнер - ұлттық дәстүріміз
Өнер - ұлттық дәстүріміз
Ән сазды әуезділігімен, көңілге ұялар әсерлілігімен қымбат. Біздің халық - музыканы сүйетін, құрметтейтін, қадірлейтін, ән, өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын халық.
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×