Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымша

05 маусым 2013, Сәрсенбі
Түбір мен қосымша (6 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
2. Тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге білімділікке, салауаттылыққа, ұжымдық жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту.
3. Дамытушылық – фонетика тарауы бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, граматикалық ойын, фонетикалық талдау.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
a) оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу, оқушының сабаққа дайындығына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
68 - жаттығу. Оқып, сөз құрамына мақал – мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Сұрақ: 1. Сөздер қандай жолдармен жасалады?
2. Сөз толғасы деген не?

III. Жаңа сабақ:
I. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан,
Қиынды көргенім жоқ.
(Бұқар Жырау)
Қосымшаның неліктен жалғанатынын пайымдау үшін мәтін ішіндегі қосымшаларды өшіріп, мәтін дауыстап оқытылады. Қосымшалардың сөйлемдегі сөздерді байланыстыратынын, сөзге мағына үстейтінін оқушылардың өздеріне шешкізу.
II. Мағына тану. Джисо 1жұмысы бойынша тақырыпты үш топқа бөліп, өз түсінігін айтқызу.
I топ. Сөз бастапқы мағыналы бөлшегі.
II топ. Қосымшаның түрлері.
III топ. Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер.

Сызба: Сөз түрлері бөлшектерден тұрады.
Түбір ------------------------- Қосымша
негізгі туынды ------------ жұрнақ жалғау

«Кім жылдам» ойыны.
Шарты: Сөздердегі қосымшаларды өз орнына қой.
- Мемлекет - дей - гі - нде - і - тер
- Қысыл - ғы - да - шаң
- шешен - ге - дік - іңіз
- бауыр - да - ы - лар - ғы - нда
- естелік - дің - іміз - тер
Сонымен қосымшалар белгілі бір заңдылық бойынша жалғанады екен.
Түбір+жұрнақ+көптік ж+тәу ж+сеп ж н/е
Түбір+жұрнақ+көптік ж+тәу ж+жікт ж

Оқулықпен жұмыс. 69 – жаттығу.
Қосымшаның түбірлерін (жұрнақ па, жалғау ма) ажырат

I топ. адамға, бойы, жақсылық, қолынан
II топ. әкемнің, қулаған, шаңырағын, сыртқы, елге
III топ. оқиғаға, апамның, адамгершілік, ақыл - парасаттарынан

Фонетикалық талдау. I Ана II Әке III Тіл
А - дауысты, ашық, жуан, езулік
Н - дауыссыз, үнді
А - дауысты, ашық, жуан, езулік
«Кім білгір»ойыны. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне қатысты сөз ойлан, оған қосымша жалғатып жазу.
Мысалы: Балық - балықшы
Рыба - рыбок
Fish - fishman
III Ой толғау. Сурет бойынша әңгіме жазу.

Қ түбір сөзге жалғанды,
О түбір сөздегі дыбыстардың
С ерекшелігіне сәйкес жалғанады
Ы өзі жалғанған сөзге мағына үстейді
М сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстырады
Ш белгілі бір заңдылық бойынша бір - бірінің
А үстіне жалғана береді

Бағалау. Әр топтағы бағалау парағын жинау.
Үйге тапсырма: 72 – жаттығу. Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жаз.

Балғатаева Жаңагүл Кенжебайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
№ 24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Ақтөбе қаласы, №1орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Амангалиева Акмарал Сайлауовна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Қосымшаның неліктен жалғанатынын ұғу үшін өлең жолдарындағы қосымшаларды өшіріп, дауыстап оқытылады. Қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыратынын оқушының өзі айтады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×