Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздердің байланысу түрлері

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың мерзімі:
Сыныбы: 7а
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық СТО 48 - бет, Диалогтік оқытудың маңыздылығы 38 - бет.
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері
Жалпы мақсаты: Сөз тіркесінің байланысу түрінен оқушылардың алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу, сөз тіркестері туралы білімдерін дамыту. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп алуына мүмкіндік беру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар: Топтық жұмыста өзін - өзі ретте» алады. Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы қате жауаптарын түзетеді.
І. Индукция кезеңі
Психологиялық дайындық
Алақанмен айналаға
Шуақ нұрын шашайық
Сәттілік тілеп күлімдеп
Біз сабақты бастайық.
Түстерді таңдату арқылы үш топқа бөлемін. (қызыл, сары, ақ)
Қызығушылығын ояту
Ротация әдісі

• Сөз тіркесі дегеніміз не?
•Сөздердің байланысу тәсілдері? ( жалғаулар арқылы, шылаулар арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы )
Сөздердің байланысу түрлері? ( қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу)

Әр топ бір - біріне дайындаған сөйлемдерден талдау ұсынады.
1 - топ:
1. Көкбай қалам алып, өлең жаза бастайды.
2. Қажымұқан бала кезінде жалшылықта жүрген.
3. Құрмаш бұл сөзге көнбеді.
2 - топ:
1 Алдымызда үлкен адыр көрінеді.
2. Оның күшіне ел таңғалады.
3. Мұқағали жырлары бізбен мәңгі жасайды.

Берілген тапсырма бойынша әр топ оқушылары бірнеше тіркес құрап, байланысу түрлерін атап өтеді.
Мысалы: қалам алып — етістікті меңгеру,
жаза бастайды — жанасу,
Құрмаш көнбеді қиысу.
Мұқағали жырлары — матасу,
ел таңғалады — қиысу,
бізбен жасайды —етістікті меңгеру.

1. Мәтінмен жұмыс. ” Кемпірқосақ“ ( мәтінді оқып шығып, сөз тіркестерін тауып, оларды түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдау ) Қай топ жылдам және қатесіз жауап беретінін ескеру.
II Ой қозғау стратегиясы
1 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын
анықтау. Аспан әлемін, кемпірқосақты зерттеу үшін адамға не керек? (Білім)
2. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып “Ата — ана ” тақырыбына шағын шығарма жазу.(Менің ата - анам, өмір сыйлаған, шыншыл бол, ата - ананың рұқсатынсыз, ақыл - кеңес, қадірлеу, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, оқу озаты, әдепті болу)

III Еркін жазу стратегиясы
Ата - ана, отбасы туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1. Атаңа не қылсаң
Алдыңа сол келеді.
2. Баланың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге.
3. Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.
4. Ата — бәйтерек,
Бала жапырақ.

V. Динамика кезеңі
Сергіту тренингі
2. Ребус шешу. Дұрыс шешсең, суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен мақал шығады. Мақалды жазып туынды сын есімнің астын сыз.
«Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді»

VІ. Зерттеу кезеңі
«Кім жылдам» ойыны
1 топтан бір оқушы бір зат есім айтады. 2 топ оқушылары етістіктерді тіркеп бөгелмей айтып отырады.
Мысалы: 1 топ: мал, қар, сабақ, ән, ертегі.
2 топ: жайылды, еріді, оқыды, тыңдады, айтты.

Бекіту кезеңі
Сұрақтары:
1. Сөз тіркесінің байланысу түрінің ерекшелігі неде?
2. Сөздердің байланысу тәсілдері қалай жасалады?
3. Сөздердің қанша байланысу түрі бар?
4. Матасу қандай байланыс? Мысал келтір.
5. Меңгере байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
6. Қабыса байланысу қалай жасалады? Мысал келтір.
7. Жанасу қандай байланыс? Мысал келтір.
8. Қиысудың басқа байланыс түрлерінен ерекшелігі неде?

Үйге тапсырма: 244 - жаттығу
Бағалау: Топ басшыларына берілген бағалау парағы бойынша бағаланады.
Рефлективті байланыс: Инсетр кестесі
7 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Оқушыларды іздендіре отырып, жаңа ақпаратты өз күшімен игеруге баулу.
Матасу
Матасу
Сөздердің байланысу түрлері ● Түрі: Қиысу Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту тәжірибесінен
Ақтау қаласы, Ж. Мыңбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі (7 сынып)
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×