Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының салт-дәстүрлері (себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем)

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Қазақ халқының салт - дәстүрлері»
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тыңдалым, оқулым, жазылым, айтылым сөйлесу әрекеттері арқылы оқушылардың тақырып бойынша білімдерін
тереңдету. 2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: тақырып арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт - дәстүрлерін біліп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, іздендіру, интерактивтік.
Сабақтың түрі: білім, білік, іскерлік дағдырларын қалыптастыру.
Сабақтың формасы: сыныптық, жекелей.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тест, бейнетаспа, флипчарт.
Сабақтың технологиясы: интерактивтік оқыту, дамыта оқыту.

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыпты бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру, оқу мақсатын қою кезеңі.
ІІІ. Жаңа тақырыпты анықтау кезеңі.
IV. Жаңа сабақ: 1. Сөздік жұмысы.
2. Мәтінмен жұмыс.
V. Бекіту кезеңі.
VI. Қорытындылау және бағалау кезеңі.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Релаксация.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
• 1. Тілашар
• 2. Психологиялық ахуал

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
5 - сабақ Адамның құндылығы. Әл - Фараби достық туралы. 3 - тапсырма, 61б.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
• 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
• 2. Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
• 3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
• 4. Салалас құрмалас сөйлем мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді?
• 5. Құрамындағы сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне байланысты салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

ІҮ. Жаңа сабақ
• Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем: Құрамындағы жай сөйлемдердегі ой - қимыл біреуінде себебін, біреуінде салдарын көрсетеді.
• Сөйлемдердің арасында келетін шылаулар: неге десеңіз, сондықтан, өйткені, сол себепті, себебі.

ІҮ. Жаңа сабақ
• 1. Сөздік жұмысы 2. Мәтінмен жұмыс 3. Тақтамен жұмыс
• ІҮ. Жаңа сабақ.
Мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз.
Балаға ат қою
Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлі дәстүрлері бар. Ата - ана сәбиге ат қоймас бұрын көп ойланып, сан толғанады. Мұның сыры балаға ат қоюдың аса жауапты, аса қиын екенін көрсетеді. Әрине, ата - ана балам жаман болсын демейді. Оның болашағынан үміт күтеді. Халқының аяулы азаматы болса екен деп тілейді. Сондықтан да ат қоюда жас жұбайлар, көбінесе көпті көрген және сый - құрметке бөленген қарт кісілерге алдымен жол берген. Бұл – жас жұбайлардың үлкеннен қорыққандығы емес, қайта оны сыйлағандығы, құрмет көрсеткендігі.
Ат қоюға ата - ананың достары, жолдастары, ағайын - туыстар, жекжат - тары қатыстырылады

ІҮ. Сөздік жұмысы:
Ат, есім – имя
Дәстүр – традиция
Алуан түрлі – разнообразные
Сан толғанады – много раздумывают
Аяулы азамат – знатный человек
Көбінесе – во многом
Көпті көрген – много увидевший
Сый - құрметке бөленген – почетные, уважаемые

Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, екі пункттен бір себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем құраңдар.
• 1. Дәстүрі бар, алуан түрлі, балаға, ат қоюдың, халықта.
• 2. Толғанады, ойланып, сан, көп, бұрын, ат, қоймас, сәбиге.
• 3. Тілейді, азаматы, аяулы, халқының, болса екен, деп, ата - ана, сәбиді.
• 4. Қатыстырылады, балаға ат қоюға, достары, ата - ананың, жолдастары, жекжаттары, ағайын - туыстары.

Ү. Бекіту кезеңі. Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақтың салт - дәстүрлері
Қазақ халқының салт - дәстүр, әдет - ғұрпы – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік әлеміндегі қымбат қазына. Онда халықтың өмір тәжірибесі, ізденісі, танымы, тарихы жинақталған. Қазақта: шілдехана, қырқынан шығару, бесік жыры, тұсау кесу, сүндет той, құда түсу, қыз айттыру, үкі тағу, ұрын келу, құда тартар, беташар, неке қию, бата беру, әмеңгерлік, т. б. салт - дәстүрлер бар. Сондай - ақ, ұлттық тағам, ұлттық ойын, ұлттық киім, музыкалық аспаптарының да өзіндік ерекшелігі, тарихы бар.

Сұрақтарға жауап беріңіз:
• 1. Мәтін не туралы?
2. Салт - дәстүр деген не?
3. Қандай салт - дәстүр білесің?
Өзіңді тексер Лексикалық - грамматикалық тест.
1. Қазақтың салт - дәстүрін білдіретін сөздер тобы:
а) зат, ат, сөз
ә) айна, тарақ, қайшы
б) ата, әже, әпке
в) шілдехана, тұсаукесер, тілашар
г) әңгіме, ертегі, өрең.

2. Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі аудармасы қалай?
а) обманывать – зло, бить обманутым глупо
ә) у кого много друзей, того не возьмет ни один враг
б) вежливость, честь, совесть знак человечности

3. Себеп - салдар жалғаулықты табыңыз:
а) болмаса
ә) үшін
б) сондықтан
в) бірде

4. Құрмалас сөйлем неше сөйлемнен тұрады?
а) бір сөйлемнен
ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен
б) екі сөйлемнен
в) бірнеше сөйлемнен

5. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Ән басталды, бірақ домбыра сазы басылған жоқ.
а) талғаулы салалас құрмалас сөйлем
ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
б) кезектес салалас құрамалас сөйлем
в) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

6. Үйлену тойы, бесікке салу, шілдехана
а) мақалдар
ә) дәстүрлер
б) өлеңдер
в) нақыл сөздер

7. «Бесікке салу» деген не?
а) ұлттық ойын
ә) салт - дәстүр
б) тұрақты тіркес
в) мақалдар

8. Сөйлемнің түрін анықтаңдар.
Қазақ отбасында қыздың орны үлкен, өйткені қызды ерекше құрметтейді.
а) кезектес салалас құрмалас
ә) ыңғайлас салалас құрмалас
б) себеп - салдар салалас құрмалас

9. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңдар:
а) біресе, кейде, бірде
ә) не, немесе, я, әлде, бірде
б) бірақ алайда, дегенмен
в) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

10. Мынау қай салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары?
Өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең.
а) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
б) себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
в) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Жауабы:
• 1. В 2. Б 3. Б 4. Е 5. В 6. Ә 7. Ә 8. Б 9. В 10. Б
• “5” – 9 - 10 б. “4” – 8 - 7 б. “3” – 6 - 4 б. “2” – 3 - 1 б.
• Тақтада көрсетілген “Қазақ халқының салт - дәстүрлері” суреттерін мұқият қараңыз.
• Тапсырма: Суретте берілген қазақ халқының салт - дәстүрлерінің аттарын дәптерлеріңізге жазыңыз, бір салт - дәстүр туралы мәлімет беріңіз.
Сөздерді сәйкестір:
• Салт - дәстүр ---------традиция, обычай
поиск --------------------Ізденіс
Тәжірибе ---------------опыт, практика
• Таным ----------------познание
Аяулы азамат ---------гуманность
Өмір --------------------жизнь

ҮІІ. Үйге тапсырма:
• 1. Қазақ халқының салт - дәстүрлері туралы жарнама жазу
• 2.”Шілдехана” тойы бойынша бір сахналық көріністің сценарийін жазу
ҮІІІ. Релаксация:
• 1. Мадақтау
• 2. Ынталандыру
• 3. Жылы лебіз

Бақыт, еңбек, береке,
Ырыс күнін тілеймін
10 323
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Отбасы
Отбасы
Отбасы мүшелерінің мінездері туралы сипаттайтын ережесімен таныстыру және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыра алуларына үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×