Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз Жібек жырындағы ғашықтар бейнесі

24 маусым 2013, Дүйсенбі
8 - класс
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы ғашықтар бейнесі

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға жыр мазмұнын меңгерте отырып, басты кейіпкерлерге талдау жасау, шынайы ғашықтар бейнесін таныту.
ә) Оқушылардың сыни көзқарасын, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу, есту, қабылдау қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке, тұрмыс - салтымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: тарих пәні, орыс әдебиеті
Пайдаланған әдебиеттер: 1. «Қыз Жібек» лиро - эпостық жыры
2. «Қыз Жібек» фильмінен фрагменттер
3. Жыр туралы зерттеулер
Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасы: Жырдағы ұлттық мәдениет пен тұрмыс салт көрінісі
1. Қазақтың көш керуені
2. Түс жору
3. Қалыңдық ойнау
4. Әмеңгерлік дәстүр
5. Қоштасу
( әр топ жырдағы берілген тұрмыс салт көріністері туралы дайындаған хабарламаларын айтады)

ІІІ Жаңа тақырып: Жырдағы ғашықтар бейнесі
І. Қызығушылық ояту
Ғашық жыры - тіршіліктің көкейкесті өлеңі
Бұл сезімнің адамзатқа ұшаң - теңіз берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан
Әлем соған сенеді...- деп, ақын айтқандай, бүгінгі сабақтың тақырыбы шынайы махабаттың қос шынары, атағы алысқа кеткен, махаббаттың биік тұлғалары - Қыз Жібек пен Төлеген.
Халықтың рухани қазынасынан үлкен орын алған бұл туынды бабаларымыздың өмірінен, сүйген жандардың асыл арманы мен қайғы - қасіретінен сыр шертеді. Жырдағы кейіпкерлерге тоқталып өтелік.

Жыр кейіпкерлері «Топтастыру» стратегиясы
Венн диаграммасы. Қыз жібек пен Джульеттаны салыстыр

ІІ. Мағынаны ашу
«Кубизм» стратегиясы
• Суреттеңіз
• Салыстырыңыз
• Зерттеңіз
• Әңгімелеңіз
• Елестетіңіз
• Талқылаңыз
Концептуалдық кесте ( кейіпкерлер, іс - әрекеті, адамгершілік қасиет, өмірге көзқарасы)

Сабақты бекіту.
Адалдық зұлымдықтың мысын бассын,
Қызғаншақ сорлылардың түсі қашсын.
Кездейсоқ ұшырасса дүниеде,
Тек қана ғашық жандар ұшырассын!

Бағы асқан бай болмасын мұнша мейлі,
Дүние ғашықтыққа толса деймін.
Қайда да ғашық жандар бірге болып,
Бір үйде ғұмыр бойы болса деймін!

ІІІ. Ой - толғаныс.
Оқушылар ең негізгі кейіпкерлердің ортақ қасиеттерін жинақтап «эйллер шеңбері» бойынша жұмыс жасайды.

Қорытынды. Ассоциация
Жыр мазмұны көкейімнен кетпейді.
Ер Төлеген сүйгені үшін мерт болды.
«Құлай сүю ерлікпен тең өйткені»
Қандай ауыр Жібектің мұң шеккені.
Зұлымдықтың қос ғашыққа жеткені
«Екі ғашық екі жұлдыз көктегі»

Рефлекция. «Сұхбат» стратегиясы.
Жырдан алған әсеріңіз қандай?

Үй тапсырмасы: «Махаббаттың мәңгілік жұлдыздары.»(Эссе)
11 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Төлеген - асқақ, адал махаббат иесі, сертіне берік батыр жігіт
Қыз Жібек жырынан үзінді
Қыз Жібек жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағымның жырларын ғажап дер ем. Қыз Жібектей қыздары ару болса, Төлегендей ұлдары батыр дер ем.
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
"Қыз Жібек" жырындағы Төлеген мен Жібек бейнесі
"Қыз Жібек" жырындағы Төлеген мен Жібек бейнесі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бопатаева Динара Тондыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×