Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағалитану тағылымдары

03 шілде 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағалитану тағылымдары (презентациясымен)
6 сынып

І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: а) Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру.
ә) Өлендерін сатылай кешенді талдау.
2. Дамытушылық: Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге,
тапқырлық танытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Отанын жанындай сүйіп, табиғатты аялай білетін, саналы, парасатты азамат тәрбиелеу.
ІІ. Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
ІІІ. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ - жауап, эвристикалық әлемдік оқыту әдісі.
ІV. Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, рефераттар, интерактивті тақта, портреттер.
V. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
VІ. Сабақтың тәрбиелік мәні: Көркем шығармалардағы қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін бойларына сіңіру.

VІІ. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып тазалығын бақылау, оқушылардың қатысымын тексеру, оқу құралдарын дайындату.
VIII. Үй тапсырмасын пысықтау. Мұқағалидың өмірбаянын өз бетінше іздену, өлеңдерін жатқа айту.
IX. Негізгі кезең.
1. Қызығушылықты ояту.
а). «Ой шақыру» эстафеталық ойын.
ә). «Шашу» ойыны.
2. Мағынаны ажырату.
а). Ақынның сыр сандығын ақтарғанда...
ә). «Жұмбақтас» 5 жолды өлең.
б). «Сен маған, мен - саған» мақал - мәтел.
в). Көрініс: «Шәмілдің пәлсапасы».
г). Семантикалық карта.
X. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.
а). Ақынның ізбасарлары...
ә). INSERT стратегиясы.
б). Мұғалімнің қорытынды сөзі.
XI. Үйге тапсырма: « Менің Мұқағалиым» шығарма жазу. Мұқағали шығармаларына сөзжұмбақтар құрастыру.
XII. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

Мұқағали ағамыз жұбайымен (портреттері көрсетіледі)
«Халыққа хат»
Туған халқым!
Қатемді кешір менің
Сенің арқан - сескенбей, есіргенім
Егерде жырың болмай, ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаным, өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені
Уа, жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!
(М. Мақатаев)

Ақынның бір қыры
Дін - ғылымның анасы,
Дін - ғылымның әкесі,
Ғылым - діннің баласы,
Қоқыс та, гүл де бар.
Адам Ата өлмесін,
Ақыр заман келмесін.
Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін, бірге бар!

Мұқағали Мақатаевты еске алу.
«Пай, пай Өмір!
Өтесің - ау бір күн»
І оқушы:
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасай ауылында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен Мұқағали деп еркелете атап кетеді. Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді.
ІІ оқушы:
Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған колхозда сушы, шалғышы болып жұмыс істейтін. Мен іргелес жатқан Сарыбастаудың қызымын. Екеуіміз үйленіп жас отау болдық. Тиын деген енем бар еді. Мейірлі, кісілігі мол жан болатын. Мұқағали тұңғышым болғасын ба, енеме жақын болып, мені жеңге есебінде санайтын. Одан кейін туған Қалимаһан деген қызыммен балам Қалибекті жер қойнына тапсырдық. Кейін ол екеуінен кейін Тоқтарбай, Көрпеш деген екі балам бар. Соғыс деген бәле басталғанда Сүлеймен осы Қарасазда бір топ жігіттермен бірге майданға аттанды. Мұқағали он жаста еді. Бастауыш сыныптарды Қарасазда, орта мектепті Нарынқолдағы интернатта бітірді. 14 - 15 жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын.
Ауыл атқамінерлері Нағиман шеше: «Сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр?» дейтін.
... Сөйтсем өзін - өзі оқытыпты ғой, шырағым.
ІІІ оқушы:
Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасын ба? Мұқағали Тиын әжесіне жақын еді.
... Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса, нені көрем? – деп өзі жырлағандай, Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Тиын әже бірде көкпар тартып жүріп аттан жығылып мертіккен жұбайы Мақатайдың аяғын «Бұл енді саған аяқ болмайды» деп, дәрігердің келуін күтпестен, жіліншігінің сынған жерінен балтамен шауып тастаса керек. Соны білетін көнекөз ауыл тұрғындары қайсарлығына байланысты Мұқағалиды «Тиын әжесіне тартқан дейді екен.
ІV оқушы:
Әдебиетке құштарлығының қайнар көзі Қарасаздан бастау алған Мұқағали орта мектепті Нарынқолдағы мектеп – интернатта бітіреді. Одан кейінгі жылдарда жоғарғы оқу орындарының бірнешеуіне еш қиындықсыз - ақ түсіп, әуелі ҚазМУ - дың филология факультетіне, одан кейін шет тілдер институтына қайтадан ҚазМУ - дың заң факультетіне қабылданады.
1973 жылы Мәскеудің М. Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ оны анасы айтқандай оны тауысқан жоқ. Олардың білетінін өзім де біледі екем.
«Алматымды сағындым. Балаларымның қасында болайын деп кеттім де қалдым»- деп бір жылдан соң елге қайта оралады.
V оқушы:
... Анасының естелігіне жүгінсек, Мұқағали он төрт - он бес жасына өлеңге шыңдап ден қоя бастаған. Төбесі аласа ғана қоржын тамға қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, шаршамай, шалдықпай оқумен болады. Бұл орайда қазақ әдебиеті классиктерінен бөлек, орыс әдебиетінің, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқыды. Шетел әдебиетінен Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль еңбектерін, әсіресе Бальзак, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалайды.
VІ оқушы:
Мұқағалидың кез келгеннің қолы жете бермейтін айтулы оқу орындарының өзіне оп - оңай түсуі әрине ақынның оқу - білімге деген құштарлығы мен қабілет - қарымы аса зор болғандығының айғағы.
Саған таныс адыр, қырқа беттегі,
Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.
Рахатта іш - сырты ауылдың,
Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені - деп сағынышты жыр арнаған сүйіктісіне ақын 1949 жылы қосылып, жеке шаңырақ көтереді. Ол кезде Мұқағали 18, ал сүйген жары Лашын 21 жаста болады.
Бастапқыда ақын туған жерінде де ауылдық кеңес хатшысы, Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, аудандық газетінің тілшісі болып қызмет етеді.
VІІ оқушы:
Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың небәрі он екі жылдық өмірі қалғанды. Соны сезіп - білгендей ақын жүрегі алабөтен асығады.
Қай күні менің тәмамдалды дастаным?
Бітпесе екен жаңадан ғана бастадым...
- деп жанұшыра үн қатады. Қаламы жазудан құрғамаған ақынның 1964 - 1976 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Жалпы, Мұқағали Мақатаев мыңнан астам өлең жазып, «Ильич», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт Жан азасы» тәрізді тағы да бірқатар поэма - толғаулар, көркем аудармалар қалдырады. Ақын қай тақырыпты жазса да жан жүрегімен тебіреніп, ақындық шабытпен, суреткерлікпен, шеберлікпен жеріне жеткізе жазады. Бұл орайда:
Мен жырлаймын, сырласамын,
Сыры бір замандаспен мұңдасамын.
Көгендеп жыр қосағын,
Келмейді жыр жасағым - деген ақын сөзі - оның шын сыры. Ол өлеңді жасамаған, періште жыр ақынға көктен үздіксіз құйылуымен болған. Өзінің айтқанындай, кей кездері ол тіпті жазуға да үлгере алмаған.
Ең бір кереметі Мұқағали поэзия жанрына ғана емес, проза, драма, сын саласына да қалам тартып, «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос Қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жазды. Бір өкініштісі, ақынның прозалық шығармалары күні бүгінге дейін әдебиетші қауымның зерттеу, зерделеу аясынан тыс қалып келеді.
VІІІ оқушы:
Замандастары жалпы, Мұқағалидың көзін көрген үлкенді - кішілі қауым бірауыздан ақынның ерекше ақкөңіл, ақжүрек, мейірімді жан болғандығын айтады. Сонымен бірге, өтірікке жаны қас, көлгірсуді сүймейтін, шындықты бетке айтатын кесек тұлғасын, ірі мінезін елжірей еске алады. Үлкен қызы Майгүл 11 жасында мотоцикл қағып қайтыс болады. Бұл жайтты өз естелігінде қамыға еске алған Нағиман әже: Еліне, осыдан бастап балам сендей бұзылды. Қатты күйзеледі. Иығы түсіп, сылынып сала берді. Мінезінде де өзгеріс пайда болды. Сөйтсем, не кітабын шығара алмай не қамқор алақанның шуағына бөлене алмай қиналып жүрген кезі екен ғой. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, қызының өлімі қосылып, жүнжіп - ақ кетті. Мұқағалидың тіршілікте мансап пен байлықтың қызығын көрмегеніне туған анасымен, жан жары Лашын куә» – дейді.
ІХ оқушы:
Жасы қырықтан асқан соң - ақ не ауру екенін қайдам, әйтеуір бір дерт жабысты. Анда - санда тарығып отырып қиналғанын, ұйықтай алмай шыққанын айтатын. Ара - арасында ауруханаға жатып емделіп жүрді. Өлерінен біраз жыл бұрын Мәскеуге барып, әдебиетшілердің үлкен оқуын оқыды емес пе? Оны да тауысқан жоқ.
Жалған дүние - ай! Бір байқағаным, ауру жанына батқанда қатты күйзеліп жүрді. Әншейінде тау тұлғалы шырағымның еті қашып, ірі сүйектері саудырап сала берді ғой. Несін айтайын... Әйтеуір қаламын қолынан тастаған жоқ. Оңаша үйде күбірлеп, сөйлеп, толғатқан анадай күй кешкен күндерін де көрдім. Айналдырған ауру алмай қоймайды»- дегендей, арыстай азаматымыздан айрылып тындық. Бұл 1976 жылдың 27 наурызы болатын.

І. Қызығушылықты ояту
1. «Ой шақыру» әдісі бойынша М. Мақатаевты әр қырынан таныту.
М. МАҚАТАЕВ

І. Қызығушылықты ояту
2. «Шашу» ойыны.
1. Ақын өмірбаяны туралы не білеміз?
2. Мұқағалидың әке - шешесі жайында не білеміз?
3. Мұқағалидың әжесі туралы не білесіңдер?
4. Ақынның әнге қосылып айтылатын өлеңдерін ата?
5. Ақынның қандай жинақтарын білесіңдер?
6. Өлең дегеніміз не?
7. Ақын жайында жазылған естеліктерден...

ІІ. Мағынаны ажырату
1. Ақынның сыр сандығын ақтарғанда..
«Елім барда», «Қара өлең», «Анау - аспан, мынау - бақ», «Қайырлы түн» өлеңдерін жатқа айту.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне сатылай кешенді талдау
1. Авторы
2. Тақырыбы
3. Жанр түрі
4. Құрылысы:
а) Шумақ
ә) Тармақ
б) Бунақ
в) Буын
г) Ұйқас
5. Әдеби т/қ ұғымдар
а) Теңеу
ә) Метафора
б) Эпитет

Орманың да шуламасын,
Суларың да туламасын.
Ақ басты ала тауларың да,
Күңіренбесін, жыламасын.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен, елім де аман, мен де аман.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.

Қу бұтағын құшақтап,
Түк сүйеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

Қорытынды сөз:
Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От болып жанып, өтіп кеткен ақынға,
Мәңгілік қып өмір берген өлең - ай - дей келіп, “Қазақ поэзиясының Хантәңірі” атағына ие болған Мұқағалидың өзі өлсе де өлеңі мәңгі жас ұрпақпен жасайтынына сенімдіміз.

Үйге тапсырма:
1.«Менің Мұқағалиым» деген тақырыпта шығарма жазу.
2. Мұқағали шығармаларына сөзжұмбақтар құрастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің өміршеңдігі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×