Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Демеулік шылаулар

22 қазан 2013, Сейсенбі
Қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат – демеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсат – берілген материалды тиянақты меңгеруге, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік мақсат – Өтілген теориялық ұғымды практикада қолдана білуге үйрету. Оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: 6 класс оқулығы, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
ә) Кезекші мәлімдемесі
б) Журнал бойынша түгелдеу
2. Үй тапсырмасын сұрау
а ) Өткен сабақта өтілген ережені сұрау
ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын, дәптерлерін тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру

I. Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңімен сабағымызды бастайық. Осы өлеңде асты сызылған сөздерге мән берейік.

Сен ақылды болсаң екен, міне — арман,
Үміт, сүю, түңілуден құралған.
Жақсы жанның ұнатқаны — тілегім,
қауіптенем жамандарға ұнаудан.

Сен әуелі тереңірек көр, үңіл,
ілер болсаң — биіктіктен көріп іл,
әрбір жолым қиынырақ қиысса,
қиындыққа жасаған бір жорығым.

Тек әйтеуір, асықпашы, байқа әлі,
қарап көрші, қарап көрші қайта алып.
Тілге көнбес нәрселерді кейде мен
емеурінмен, иегіммен айтамын.

Көркемдікті жасырамын мен кейде,
түк қалдырмай көз көретін деңгейге.
Мен түгілі табиғат та, асылын
Тереңірек, тереңірек көмбей ме?!

Осы өлеңнен жеке тұрғанда өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тауып көрейік.
Бұл өлеңде тек, түгілі, та, ме деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер. Бұлар – шылау сөздер. Септеулік шылау мен жалғаулық шылаудың ішінде мұндай шылау кездесе ме? Жоқ.

Септеулік шылаулар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай, т.б.
Жалғаулық шылаулар: мен, да, не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, дегенмен, т. б.
Демек, шылаудың үшінші түрі демеулік шылаумен танысамыз.

Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ, септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

II. Тақтадағы сөйлемдерге мән берейік.
1. Малшылар жайлауға бүгін кетті ме? – ме шылауы сұраулық мәнді үстеп тұр.
2. Малшылар жайлауға бүгін ғана кетті. – ғана шылауы шектеу мәнін үстеп тұр.
3. Малшылар жайлауға бүгін – ақ кетеді. – ақ шылауы бүгін сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр.
4. Малшылар жайлауға бүгін кетіпті – міс. – міс шылауы сөйлемге болжалдық мән үстеп тұр.
5. Малшылар жайлауға бүгін кетіпті ғой. – ғой шылауы нақтылау мәнін үстеп тұр.
6. Малшылар жайлауға кеше түгілі, бүгін кетпепті. – түгілі шылауы болымсыздық мәнін үстеп тұр.
Осы сөйлемдер арқылы демеулік шылаудың мағыналық түрлерін анықтауға болады. Яғни мағыналық түрлері:
Сұраулық - ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
Күшейткіш - ақ, - ау – ай, әсіресе, да, де, та, те.
Шектік – ғана, қана, тек, - ақ, кейде.
Болымсыздық түгілі, тұрсын, тұрмақ.
Болжалдық - мыс, - міс.
Нақтылау қой, ғой, - ды, - ді, - ты, - ті.

III. «Артық білім – кітапта» Оқулықпен жұмыс
331 - жаттығу. Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.
Кездесе береді ғой – нақтылау мәнді
Сөз еткен – ді – нақтылау мәнді
Сөйлегендіктен бе? Қырсығып қалдым ба? – сұраулық мәнді
Басталыпты – ау – болжалдық мәнді
Бригадаңда ше? Болмай ма? – сұраулық мәнді
Тез – ақ - күшейткіш мәнді

332 - жаттығу. Демеуліктерді тауып, мағынасына қарай талдау.
Әсіресе - күшейткіш, тез – ақ күшейткіш, ертең – ақ күшейткіш, бар ғой, барамын ғой – нақтылау, тек – шектік мәнді.
Нұрлан – үздік оқушы. Нұрланның бос уақыты. Қайрат – тіл алғыш бала. Қызық оқиға. Әже өсиеті. Білім – таусылмайтын кен.

IV. «Бұл кім?» сергіту сәті
Әдеби кейіпкер.
Ол жақсы оқиды, бірақ тентек. Оқулығы сай бала, көңілі жай бала. «Қара көже» атын иемденген бала. («Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаберген)

VI. Қожаның тапсырмалары.
Мына сөйлемдерден демеулік шылауларды тауып, кімнің сөзі екенін анықта.
Қара көже, мынаның не екенің білесің бе? Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды – ау деймін. Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой.

VII. «Біліміңді байқап көр»
Сөйлемдерді оқып, тиісті шылауларды қойып жаз.
Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар -.... Бұл адам ақылды... қу..., айлакер... кісі. Дәметкен, мынау қазақ екен.... Осы адамдар шақыртусыз -... келсе қайтеді? Бұны айтқан Самат -... деймін. Ертең жаңбыр жауып кетсе...? Сен..., мен... ол жерге барған емеспін. Жер қадірін білетін еңбекші жұрт бұл өңірге тегін қоныстанбағаны көрініп -... тұр.
Керекті шылаулар: - ды, да, ғой, де, ше, - ақ, түгілі, - ау.

VIII. Мына тестті шешу арқылы сөз шығарайық. Жауаптарының әріптерін қосып мағыналы сөз шығар.
1. Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңдар. Ертеде бір патша болыпты -....
А)- мыс В) ше С) – ай Д) түгіл Е) дейін
2. Демеулік шылауларды көрсетіңдер.
А) кезектес В) ыңғайлас С) күшейткіш Д) қарсылықты Е) талғаулықты
3. Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңдар. Бұл кітап...
А) па В) ма С) ме Д) ба Е) бе
4. Көп нүктенің орнына болымсыздық демеулігін қойыңдар.
Қонақтар кешікпек... келмеді де.
А) – ау В) түгіл С) – еу Д) пе Е) ба
5. Күшейткіш демеулік шылауын табыңдар.
А) – ай В) – мыс С) ғой Д) пе Е) па

(АСАБА) фонетикалық талдау
3буын, 5 әріп, 5 дыбыс.
А - дау - ты, ашық, жуан, езулік. С - дау - з, қатаң. А - дау - ты, ашық, жуан, езулік. Б – дау - з, ұяң.
Жұмбақтың шешуін табайық та, қорытындылайық.
Сөйлемді қолдайды,
Бірақ өзі бар ғой
Сөйлем мүшесі болмайды (шылау)
Сонымен: Шылаудың неше түрі бар екен?
Демеулік шылау дегеніміз не?
Оқушыларды бағалау

IX. Үйге тапсырма: 334 - жаттығу. Қосымша «Менің әжем» тақырыбында демеуліктерді қатыстырып, шағын шығарма жазу.
19 813
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Менделеев - Клапейрон теңдеуі
Менделеев - Клапейрон теңдеуі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал Жанузаковна
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×