Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің сөйлемдегі қызметі

25 қазан 2013, Жұма
Тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Мақсаты: а) етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы түсіндіру;
Ә) оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
Б) келтірілген мысалдар арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлылардан ұлағат алуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, семантикалық картамен жұмыс, тест, ойын.
Көрнекілігі: кесте, семантикалық карта, СКТ талдау үлгісі, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: музыка,.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тұйық етістікті қатыстырып сөйлем құрау.

ІІІ. Өткен тақырып бойынша білім - білік дағдыларын тексеру, жаңа тақырыпқа дайындау.
1. Екеуі де көп сөйлемейтін. Көсемше қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
А) Бастауыш
Ә) баяндауыш
Б) анықтауыш
2. Анықтауыш болып тұрған есімшені тап.
А) Баланың қытығына тиетіні – осы жері.
Ә) Көшкен ауылды іздеп табалық.
Б) Ұялғанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.
3. Бастауыш қызметін атқара алмайтын етістіктің тұлғасы
А) Есімше
Ә) Тұйық етістік
Б) Көсемше
4. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағын көрсет.
А) – ғалы, - гелі
Ә) – ып, - іп, - п
Б) – а, - е, - й
5. Сөйлемдегі пысықтауыш қызметін атқарып тұрған көсемшені тап. Ақсүйек ойынында қыз балалар мен ер балалар араласып ойнай береді.
А) ойнай
Ә) береді
Б) араласып
6. Жақпен де, шақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіретін етістіктің түрі.
А) көсемше
Ә) есімше
Б) тұйық етістік
7. Тұйық етістіктің ерекшелігі.
А) көптелмейді
Ә) жіктелмейді
Б) тәуелденбейді

ІҮ. Жаңа сабақ. Кесте арқылы түсіндіру.
Сөйлем мүшелері
Ереже
Бастауыш - Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
(Оқу – білім бұлағы)
Баяндауыш - Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады. (Мен биыл бітіремін.)
Толықтауыш - Есімше мен тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. (Білгенге маржан, білмеске арзан.)
Пысықтауыш - Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады. (Ол күлімсіреп қарады)
Анықтауыш - Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. (Оқудың шегі жоқ)
Ү. Жаттығу орындату. 215 - жаттығу.
Қайран қалдым – не істедім?– баяндауыш, қызыққандай – қандай?– анықтауыш, танытты – қайтті?– баяндауыш, үзбей – қалай?– пысықтауыш, оқып отыратынына – несіне?– толықтауыш, жетті - қайтті?- баяндауыш.
216 – жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдату.
ҮІ. Кестемен жұмыс. Берілген кесте бойынша сөйлем құрау. Етістік бес сөйлем мүшесінің де қызметін атқару керек.
ҮІІ. Компьютерден музыка тыңдату. Әндегі етістіктерге сатылай кешенді талдау жасату.

1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: сағын+ды+м
2. Тұлғасына қарай: негізгі
3. Құрылысына қарай: дара
4. Лексикалық мағынасы: қимыл
5. Грамматикалық мағынасы: етістік, жедел өткен шақ, ашық рай, жіктік жалғауының І жағы жекеше түрі
6. Сұрағы: қайттім?
7. Сөйлемдегі қызметі: баяндауыш

1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: елжіре+ген
2. Тұлғасына қарай: негізгі. Себебі сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі.
3. Құрылысына қарай: дара, себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Лексикалық мағынасы: нәзік, мейірімді
5. Грамматикалық мағынасы: етістік, есімше тұлғалы, ІІІ жақ,
6. Сұрағы: қандай?
7. Сөйлемдегі қызметі: анықтауыш

ҮІІІ. «Тақия тастамақ» ойыны. Оқушыларға сұрақтар қою.
1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
2. Нақ осы шақ қалай жасалады?
3. Тұйық етістік қалай жасалады?
4. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі.

ІХ. Сабақты бекіту. Семантикалық карта. Оқушылардың әрқайсысына таратып беру. Оқушылар белгілеп болған соң, дұрыс жауабын интерактивті тақтадан шығару.
----------------------------------------------- Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Толықтауыш Пысықтауыш
Бүгін бізге келерсің.
Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.
Болатын бала бесігінде бұлқынар.
Мен сөйлескелі келдім.
Темекі шегу денсаулыққа зиян
Нанды жерге тастауға болмайды.
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.

Х. Үйге тапсырма. Пысықтауға арналған сұрақтар.
25 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы оқушыларға толық мәлімет беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбын бекіту. Оқушылардың синтаксистік талдау жұмысын жетілдіру.
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×