Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қобыз. Сын есім тудыратын жұрнақтар

27 қазан 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Қобыз. Сын есім жасайтын жұрнақтар. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Тақырып аясында лексикалық қорларын байыту, қобыз туралы білімдерін жаңа мағлұматтармен толықтыру Сын есім жасайтын жұрнақтарды қайталау.
2. Дамытушылық: Ой - белсенділіктерін арттыру, шығармашылықтарын дамыту
3. Тәрбиелік: Қазақ халқының мәдениетін танып, ұлттық мәдениетке жағымды көзқарас қалыптастыру
Әдіс: сұрақ - жауап, көрнекілік, интерактивті
Көрнекілік: үнтаспа, Қорқыт ата суреті, музыкалық аспаптардың суреттері, қобыз
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Кезекшілік сұрақтар
- Балалар, тақтаға назар аударайық
- Мынау не? - Бұл балалайка
- Мынау не? - Бұл домбыра
- Балалайка қай халықтың ұлттық аспабы?
- Домбыра қай халықтың ұлттық аспабы?
- Ал мынау не?(қобызды көрсетемін)
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қазақтың ұлттық аспабы, қобыз туралы білімдеріңді кеңейтіп, жаңа мәліметтер алу. Жаңа сөздер, сөз тіркестерімен танысып, олармен сөйлем құруға үйрену
- Сабағымыздың сөздігіне назар аударайық.(Слайд)

ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс - сөздікті оқу
- оқушыларға оқыту

Сөздік
ғасырлар бойы – на протяжении веков
қуанышы мен мұңын шерту - повествовать радость и печаль
құлпырған - цветущий
көктемгі дала тынысы – весеннее дыхание степи
жібек желдің сыбдыры – шорох прохладного ветра
аңыз бойынша – по легенде
ойлану, толғану – думать, колебаться
- Енді осы сөздер мен сөз тіркестері кездесетін «Қобыз» мәтінімен танысайық. (Үнтаспадан қобыздың әуені )

Мәтінмен жұмыс
- мәтінді жатқа айту
(екінші абзацта Қорқыт атаның суреті)
- мәтінді оқыту
Мәтін.
Қобыз

Тыңдаңызшы... Бұл - ғасырлар бойы дала қазағының қуанышы мен мұңын шерткен қобыз үні! Қобыз үнінде құлпырған көктемгі дала тынысы бар. Даладағы жібек желдің сыбдыры бар. Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата дейді. Ол: «Өмірде не мәңгілік?» – деп, көп ойланады. Көп ойланып, толғанып, қобыз жасап, күй шығарады.
(7 сынып Қазақ тілі оқулығы 128 - бет «Қобыз» мәтіні)

Мәтінге байланысты тапсырмалар
1. Мәтіннен сөздікте кездескен сөз тіркестерін оқы
2. Сұрақтарға жауап бер
- Қобыз деген не?
- Қобыз қандай аспап?
3. Сызбаны толықтыр
Қобыз үнінде не бар?.
(қуаныш пен мұң, дала тынысы, желдің сыбдыры)

4. Сын есім жаса
Зат есім ----------------------------------Сын есім
мұң
қуаныш
музыка

(Үнтаспадан домбыраның мұңлы, көңілді әуені ойнайды)
- Мынау қандай музыка?
(Мұңлы, қуанышты)

5. Мәтіннен септік жалғауы бар зат есімдерді ата
6. Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
Мәтін бойынша диалог
ІІ деңгей
Сөз тіркестерін аудар
Повествовал радость и печаль, голос кобыза, шорох ветра, дыхание степи, цветущая весенняя степь, по легенде, что в мире вечно?, сочинил кюй.

І деңгей
Мәтінді қалпына келтір
Қобыз
Тыңдаңызшы... Бұл -........................ дала қазағының............ мен...................... шерткен қобыз үні! Қобыз үнінде................... көктемгі дала.................. бар. Даладағы жібек желдің..................... бар. Аңыз бойынша қобызды жасаған.......................... дейді. Ол: «Өмірде не мәңгілік?» – деп,............. ойланады. Көп ойланып, толғанып,........... жасап,............ шығарады.

Диалогты оқыңдар
- Сәлем, Әлия!
- Сәлем, Азамат!
- Кешір, сен қайда барасың?
- Мұражайға
- Сен қандай мұражайға барасың?
- Ұлттық аспаптар мұражайына
- Мұражай қай көшеде орналасқан?
- Зенков көшесінде
- Мұражайда қандай ұлттық аспаптар бар?
- Домбыра, сазсырнайлар, жетіген, қобыз

- Балалар, осы музыкалық аспаптарды біз ұлттық аспаптар мұражайынан көреміз. Ықылас атындағы ұлттық аспаптар мұражайына қош келдіңіздер!
Жағдаят
«Мұражайға келе жатқанда» тақырыбына диалогты толықтырыңдар

Диалогты толықтыр
- Сәлем, Әлия!
-.......................
- Кешір, сен қайда барасың?
-....................................
- Сен қандай мұражайға барасың?
-....................................
- Мұражай қай көшеде орналасқан?
-...................................
- Мұражайда қандай ұлттық аспаптар бар?
-.......................................

Диалогты толықтыр
-....................................!
- Сәлем, Азамат!
-....................................?
- Мұражайға
-.....................................?
- Ұлттық аспаптар мұражайына
-.....................................?
- Зенков көшесінде
-.....................................?
- Домбыра, сазсырнайлар, жетіген, қобыз

ІV. Бекіту: Музыкалық аспаптар мұражайына саяхат
Әр музыкалық аспаптың атауын (домбыра, сазсырнай, жетіген), қобыз туралы не білгендерін сұрау

Тест
1. Музыкалық аспап
а) күй
ә) ұлттық аспап
б) қобыз
2. Қобыз үнін...
а)- да
ә)- те
б)- де
3. Қорқыт ата
а) домбыраны жасаған ә) қобызды жасаған б) жетігенді жасаған
4. «Шорох» сөзінің аудармасы
а) тыныс
ә) жел
б) сыбдыр
5. Қобыз
а) қуаныш пен мұңды шерткен
ә) қуанышты шерткен
б) мұңды шерткен
6.... дала тынысы, желдің сыбдыры бар.
а) қобыз үнінда
ә) қобыз үнінде
б) қобыз үнінді
7. Құлпырған көктемгі
а) дала тынысы
ә) желдің сыбдыры
б) қуаныш пен мұң

V. Қорытынды: 1. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?
2. Қазақ ұлттық аспаптарын ата?
3. Қобызды кім жасаған?
4. Қобыздың үні қандай?
5. Қандай композиторларды білесің?
6. Музыкалық аспаптарды қайдан көруге болады?
7. Қобыз туралы кім қысқаша әңгімелеп береді?
VІ. Үй жұмысы: 129 бет 5 - тапсырма
VІІ. Бағалау:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Қобыз атасы – Қорқыт
Қобыз атасы – Қорқыт
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×