Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің райлары. Кино. Театр

02 қараша 2013, Сенбі
Мақсаты: грамматикалық тақырып пен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып, жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан - жақты білім беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Етістіктің рай категориясы туралы жалпы мағлұмат беру, театр және кино өнерінің тарихын толық меңгерту.
2. Мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға ынталандыру.
3. Ойлау қабілеттерін, сезімін, ізденімпаздықтарын дамыту.
Қолданылатын стратегиялар: сұрақ - жауап стратегиясы, топтау, Венн диаграммасы, ой шақыру.
Техникалық құрал мен көрнекілік: интерактивті тақта, плакат, диск «Алматы», «Астана», кино мен театр өкілдерінің суреттері, табиғат суреті, Арал теңізі жағалауының суреті, маркер, магнитті тақта, театр суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, орыс тілі.
Сабақ типі: жаңа білімді тереңдету сабағы.
Сабақ түрі: саяхат сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Әнұран орындалады.
Үй тапсырмасы: өткенді қайталау
А) VIII модульді қайталау. Табиғат. Етістіктің шақтары.
Ә) Табиғат туралы сызба бойынша сөйлеу.
Б) Етістіктің шақтарын еске түсіру.

Жаңа тақырып: IX модуль.
Лексикалық тақырып: Кино. Театр.
Грамматикалық тақырып: Етістіктің райлары.
Жаңа сөздермен жұмыс: тақтада жаңа сөздер аудармасымен жазулы тұрады, осы сөздермен сөйлем құрастыру.
Слайдпен жұмыс жасау: театр және кино туралы мәлімет беру, мәтінмен жұмыс жасау.
Кино шығару қызметкерлері: суретші, композитор, кинодраматург (сценарий авторы), режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші), актер (кейіпкер тұлғасын жасаушы), оператор (кадрға түсіруші).

Мәтін бойынша хронологиялық кестені сөйлету.
Уақыты ---- Театрлардың ұйымдастырылуы
1. ----------- 1926 - 1930 ж. ж.
2. ----------- 1926 ж.
3. ----------- 1930 ж.
4. ----------- 1933 ж.
5.------------ 1937 ж.
6. ----------- 1938 ж.
Алматы, Астана дискісін қосу. Бас қалалардың театр, киноларына саяхат жасау. Гид тағайындау.
Диалог бойынша өзара жалғастырып сөйлету (слайдпен жұмыс)

Грамматикалық тақырыпты мысалдар арқылы түсіндіру. Миға шабуыл.
Мысалдағы етістіктің мағынасын тақырыппен сәйкестендіру.

Жанар сыныпта отыр. Атам бақта жүр. Әжем төсекте жатыр.
Дәптерді жоғалтпай ұстапты.
Сабақ сағат сегізде басталады.
Сіз қалаға барыңыз. Сен мектепке кел.
Ол тапсырманы орындасын.
Шолпан келсе, сабаққа барамыз.
Мен Астанаға барғым келеді.
Жаңбыр жауса игі еді. Қар жауса екен.

Кесте бойынша етістіктің райларын түсіндіру.
Райлар: ашық, бұйрық, қалау, шартты.

Берілген етістіктерді қай райда тұрғанын анықтау.
Етістіктің райлары жазылған таблоларды тарату.
Ашылды, барсам, кел, жүріп жатыр, күледі, барайық, көрсем, келсе екен, болды, оқып отыр, орындасын, көргім келеді.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
Барамыз, кинотеатрға, қай.
Қазақтың, ұлттық, ашылды, театры, жылы, тұңғыш, 1926.
Театрында, опера, ба, балет, болдың, және, сен.

Диалогта асты сызылған етістіктерді қалау, шартты, бұйрық райда жазу.
Барамыз, сатып алдым, болады, ойнады.
Көп нүктенің орнына оң жақ бағандағы етістіктерді жазып, қай райда тұрғанын анықтау.

Қорыту бөлімі. Топтастыру.

Венн диаграммасы. (қойылым)
Алматының театр, кинотеатрларын атаңдар.
Астананың театр, кинотеатрларын атаңдар.
Ақтөбенің театр, кинотеатрларын атаңдар.

Үй тапсырмасы: 4 - жаттығу, ережені жаттау.
Бағалау. Марапаттау қағаздары.
9 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (7 сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (7 сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. (7 сынып).
Етістіктің шақ категориясы
Етістіктің шақ категориясы
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Көсемше
Көсемше
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
Өнердің түрлері
Өнердің түрлері
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, № 31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н. Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×