Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары

03 қараша 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы:
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары.
Сабақтың мақсаты:
а) Алтын Орда дәуірі туралы мәлімет беру, сол дәуірде туған, сол уақытта өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
ә) Рабғузи өмірі туралы түсінік қалыптастыру, ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі мен ғасырлар айырмасы және ежелгі дәуір әдебиеті өкілдері туралы ұғымдарын нақтылау;
б) Қиссаларының мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй жұмысы:
Кім көп біледі? (Сұрақ - жауап)
1 - топ.
1. Алып ер Тоңа кім?
2. Алып ер Тоңаның түркі тарихындағы рөлі, жоқтауда қалай көрінеді?
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің өкілдерін ата
4. Орхон ескерткіштері қандай жырлар?
5. Оғыз қаған қай ғасырда өмір сүрген, кім болған?
6. Йассауидің ұстаздары кімдер?

2 - топ.
1. Тоныкөк, Күлтегін жырларын жазған кімдер?
2. Қорқыт ата бейіті қай жерде?
3. Ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілдері
4. М. Қашқари ғылымның қай саласымен айналысқан?
5. Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы неше тарау, неше бәйіттен тұрады?
6. Иассауи кесенесін салдырған кім?

3 - топ.
1. Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі. Бұл кімнің нақыл сөзі?
2. Ахмет Иассауи хикметтерінде нені жырлады?
3. Әл – Фараби кім? Ғылымның қандай саласымен айналысқан?
4. Қорқыттың күйлерін ата.
5. Оғыз қаған жырында неге табынған?
6. Қорқыт ата кімнің замандасы?

ІІІ. Сөздер сыры (Түсіндірме сөздікпен жұмыс)
Бәйіт - екі жолды өлең.
Күпірлік – асып - тасқандық.
Мақшар – о дүниедегі сұрақ күні.
Әулие – адал дін жолын ұстаған адам.
Жазмыш – адамның тағдыры.
Шаһнама – патшалар жайлы кітап.
Сопылық – Алланы сүю туралы ұғым.
Трактат – шағын ғылыми еңбек.

ІY Жаңа сабақ:
- Балалар, біз ежелгі дәуір әдебиеттің бірнеше түрлерімен өткен сабақтарымызда танысып, мәлімет алғанбыз.
Міне, балалар өзіміз интерактивті тақтадан көріп отырғандай, ХІІІ ғасырдың басында монғол тайпасынан шыққан Есухейұлы Темужин көптеген жерлерді бағындырды. Ол тарихта Шыңғысхан деген атақ алып, қаған болды. Қазіргі қазақ елі ол кезде дешті Қыпшақ деп аталды. Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Жошыхан иелік еткен жерлер Алтын Орда деп аталды.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары.
Алтын Орда жұрты - түркілер
Тілі - түркі
Діні - Ислам
Әдебиеті - Нәзирагөйлік бағытта дамыды
«Нәзира»- араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді.
Негізгі басты ортақ тақырып - құран хикаялары
Түркілердің сол кезде де өзіндік әдебиеті мен мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар болды.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері және олардың туындылары:
1. Хорезми «Махаббатнама»
2. Сәйф Сараи «Түрікше Гүлстан»
3. Әли «Қисса Жүсіп»
4. Рабғузи «Қисса - сул әнбия»
5. Хусам Кәтиб «Жұмжұма»

Осы жәдігер, аңыз - әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат - «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі – Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.
Рабғузидің «Қисса - сүл әнбия» - кітабы негізінен пайғамбарлар мен әулие - әмбиелердің өмірі жайлы, олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.
Қисса - баяндау, әңгімелеу деген ұғымды білдіреді.
Рабғузидің «Қиссас - ул Әнбия» («Әулие - әнбиелер туралы қиссалар») кітабының жалпы мазмұны
1. Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайындағы деректі, дерексіз мифтік әңгімелер. "Үш түрлі топырақ"
2. Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз - әңгімелер. «Нұх қиссасы»
3. Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдері
Рабғузи қиссаларын қазақ тіліне аударған: Б. Кенжебаев, А. Қыраубаева.

Қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған Рабғузидің «Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесін оқып, оқиға желісімен баяндау.
Сұрақ - жауап
- Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- Қарлығаш қандай құс?
- Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?
- Нұқ пайғамбардың кемесі қалған тауды ата.
«Асылдың бірі - адалдық»
Өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап данышпан атанған, мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман Хакім жайындағы мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде жазылған.
Лұқман Хакім туралы хикаяттарды мәнерлеп оқыту.
Топтық жұмыс
- Әр хикаятқа ат қою;
Қолдану
1. «Лұқман Хакім» хикаяттарындағы талданған әрбір шағын әңгіменің беретін тәрбиелік мәні.
2. «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген сөздің мағынасын ашу.
3. «Кісілік», «Парасат» сөздерінің мағынасын мысал келтіре отырып дәлелдеу. Осындай қасиеттер сенің бойыңда кездесе ме?

Талдау
1. Рабғузидің «Лұқман Хакім» қиссасында құс бейнесі не үшін алынып отыр?
«Лұқман Хакім» қандай адам?
2. Қазіргі өмірде Лұқман және Хакім деген адам есімдері кездесе ме?
Рабғузи әңгімелерін оқи отырып, қандай шешімге келдің
3. Мен Лұқман Хакімнен не үйрендім?
Өз ой - түйініміз арқылы Рабғузиға баға берейік

Жинақтау
1- топ (Әр топ өз пікірін ақ қағаз бетіне түсіреді)
«Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді алған әсеріңді ортаға салыңдар.
2- топ
Топтастыру стратегиясы
Лұқман Хакім қандай адам?
3 -топ
Бүгінгі сабақтың мен үшін ең маңыздысы.
Нені үйрендім.
Нені білгім келеді?
Бүгінгі сабаққа қатысты барлық тапсырмаларды орындау барысында ғұлама адамдардың өмірі мен шығармашылығы келер ұрпағын адамгершілік, ізгілік, қара ниетті болмауға, оқу - білімге ұмтылып, қанағатшыл болуға үндейтініне тағы да көзімізді жеткіздік.

Бағалау: Оқушы білімін бағалау, тиісті бағасын қою.
Үйге тапсырма: Рабғузи қиссаларын мазмұндау
13 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рабғузи «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Рабғузи «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Жазушы өмірінен қысқаша мәлімет беру. Қиссалармен таныстырып, мазмұнындағы негізгі ойды ұғындыру.«Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесін қазақ ертегісімен салыстыру
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Абубакирова Тоғжан Манарбекқызы
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Рабғузи «Лұқман - Хакім»
Рабғузи «Лұқман - Хакім»
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, №44 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Рабғузи қиссалары
Рабғузи қиссалары
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×