Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қалқаман-Мамыр» поэмасының көркемдік идеясы

04 қараша 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Қалқаман - Мамыр» поэмасының көркемдік идеясы
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Әдебиет теориясы бойынша білімдерін жетілдіру. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге, іздендіруге жұмылдыру.
Тәрбиелік. Адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу.
Дамытушылық. Ой тастап ойландыра отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың девизі: “Ғылымсыз адам - айуан,
Не қылсаң да ғылым біл”
Сабақтың технологиясы: Қ. О Бітібаева технологиясы бойынша
(дамыта оқыту, проблемалық оқыту, даралап, саралап оқыту)
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, мазмұндау, талдау, іздендіру, ой тастау, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Пәнаралық байланыс. 1. Әдебиет теориясы. Кейіпкер туралы.
2. Тарих. ХҮІІІ ғасырда қазақтардың «Ақтабан шұбырынды» атануы, қоныс аударуы.
Қосымша оқуға: «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір өлеңдері»
Сабақтың жабдығы: слайдтар, портрет, сызба, кестелер, үнтаспа.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ Жаңа білім беру кезеңі
Сұрақ: 1. Адалдық, адал махаббат дегенді қалай түсінеміз
2.«Қалқаман - Мамыр» поэмасының негізгі айтар ойы не?
Шәкәрім туралы оқушы білімдерін саралау. Тірек сызбаны толтыру.
Шәкәрім кім?
……………

Поэма мазмұнын әңгімелете отырып, сөздік жұмысын жүргізу.
Еркек - шора, бастаңғы, халал, асық, оғат, шаһит болу
Сол жылдарда қазақ тарихында қандай оқиғалар болып жатқан кезең?
Поэмаға жалпы талдау жасату.
Үлгерімі төмен оқушыларға берілетін тапсырма:
өлең құрылысына талдау жасау
шығарманың тақырыбы мен идеясын ашып көрсету.
екі тармақты жай сөйлем түрлеріне талдау.
Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырма:
шығармадан образды, айшықты сөздерді табады, туындының тіліне, көркемдік ерекшелігіне тоқталады.
Екі тармақты сөйлем мүшесіне талдау.
Композициялық талдау жасау.
І. Пролог – алғы сөз. Тобықты руының таратылуы. Сырда болуы.
ІІ. Экспозиция – сюжеттің басталуы.
Қалқаман мен Мамырдың бір - біріне ғашық болуы.
ІІІ. Сюжеттік байланыстар.
ІV. Оқиғаның дамуы. А) Мамырдың бастаңғы жасауы.
Ә) Қыздың Қалқаманды жеке шақыруы.
А) Қалқаманның Мамырды алып қашуы.
V. Шиеленіс. Ә) Мамырдың өлімі.
VІ. Кульминация – шарықтау шегі.
VІІ. Шешімі. Көкенай шарты.
А) Қалқаманды оққа байлау. Ә) Қалқаманның елден кетуі.
VІІІ. Эпилог. Бұл оқиғадан кейінгі жағдай

Шәкәрімнің әнін орындау немесе үнтаспадан тыңдау.
Проблемалық сұрақтар қоя отырып, пікірталас өрбіту.
Әнет баба неліктен Көкенайдың шешімімен санасады?
Көкенай кім?(Мәмбетейдің бастаушысы, өзі батыр, мінезі қатты кісі)
Әнет баба Неліктен Қалқаманды оққа байлады?(қарсы жақ келіспеген соң)
Қалқаман мен Мамырдың туыстық қатынастары бола тұра қосылуы дұрыс па, бұрыс па?

Бекіту кезеңі. Шағын тест өткізу.
Қалқаман - Мамыр оқиғасы қай жылы болғанын көрсетіңіз.
а) 1726 в) 1725 с) 1722 d) 1727
Қалқаманның мінген атын табыңыз.
а) Арда күрең в) Қара тұлпар с) Тайбурыл d) Ақ сұңқар
Поэманың аяқ жағы кімге арналғанын табыңыз.
а) Көкенайға в) Мамырға с) Қалқаман ұрпағына d) Әнет бабаға
Поэмадағы оқиғаның шарықтау шегін көрсетіңіз.
а) Мамыр өлімі в) Көкенай шарты с) бастаңғы жасау d) Қалқаманның елден кетуі.

Қорытындылау
Шығармадағы оқиғаны, салт - дәстүрді бүгінгі күнмен салыстыру.
Поэманың негізгі айтар ойын, түйінін түю.
Үйге тапсырма
Қалқаман - Мамыр киносын көріп, поэма желісімен салыстыра зерттеу.
Үзінді жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 228
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту; Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Ю. А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Затова Нұргүл Айтбековна
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×