Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл ұстарту

05 қараша 2013, Сейсенбі
5 - класс Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тіл байлығын кеңейту, сөздік қорын молайту, тілін ұстарту.
Міндеттері:
Білімділік: мәтінмен жұмыс істей отырып, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: ойлау, сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: топта бір - бірін тыңдай, сыйлай білуге тәрбиелеу, еңбекқорлыққа баулу.
Типі: тіл ұстарту сабағы
Әдісі: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. 3 топқа бөлу

ІІ Қызығушылықты ояту кезеңі
1.«Ақыл қалта»
Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ
Б. Момышұлы
2. «Ойымды мен айтайын»
(3 топтан 3 оқушы өз ойларын айтады)
3. «Ой шақыру»
Бейне материал құмырсқа
- Мына бейне таспаны көргенде сіздерге қандай ой келді?

ІІІ Мағынаны тану кезеңі
1. Мәтінмен жұмыс
1 - топ
Құмырсқа – жай ғана жәндік емес, одан бөлектеу дүние. Ол - жер бетінде ең көп кездесетін жәндік. Бір Қазақстанның өзінде 200 - дей түрі бар. Олар алып жер бетіндегі ең көне жәндік түрі. Пайда болған уақыты 25 миллион жыл деп есептелінеді. Құмырсқа тіршілігі – ғылыми маңызы бар, ерекше құбылыс.

2 - топ
Құмырсқаларда да адамзат қоғамындағыдай өзара еңбек бөлінісі бар. Бірі – күзетші, бірі – қорғаушы, тағы бірі – малшы, енді бірі жауынгер болып, өз иелерінің игілігі үшін қызмет етеді. Сеніңіз, сенбеңіз, әр илеудің өз құмырсқа – актерлері де болатын көрінеді. Оларға да өнерін тамашалайтын көрермен керек. Бұл үшін олар бос орынды таңдап, алады. Әрине, ол өзге құмырсқалардың көзі түсетін жер болуға тиіс. Сонан соң олай - бұлай бұлғақтап ойнай жөнеледі.

3 - топ
Құмырсқалар – еңбекқор жәндік. Күз аяғы болып, қысқа қамдану жұмыстарына қызу кіріседі. Жұмыс бітіп жатса, маусым соңын той-томалақпен атап өтуге құмырсқалар да қарсы емес. Мұндай кездері бір илеуден екінші илеуге қонаққа кетіп бара жатқан құмырсқалар көшін жиі байқауға болады.
а) оқу, түсіну, ат қою, мазмұнын айту.

2.«Ойлан, тап»
Әдебиеттегі құмырсқа бейнесі қай шығармаларда кездеседі?
● Шығарма аты .......
● Кейіпкер...........
●Сипаттау............

3. Фонетикалық жаттығу
1 - топ «еңбекқор»
2 - топ«құмырсқа»
3 - топ «илеу»сөздеріне дыбыстық талдау.
4.«Кім көп біледі?»
Мақал - мәтелдер сайысы

ІV Ой толғаныс кезеңі.
1. Ойтолғау «Еңбек ер атандырады»;
2. «Еңбек», «құмырсқа» сөздеріне бес жолды өлең құрастыру.
3. «Автор орындығы» стратегиясы

V. Бағалау, қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма:
Қайталау, мақал – мәтелдер жаттау.
17 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
Төлеген - асқақ, адал махаббат иесі, сертіне берік батыр жігіт
Антонимдер
Антонимдер
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Тіл ұстарту
Тіл ұстарту
Балғатаева Жаңагүл Кенжебайқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×