Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмхмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы

07 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы (презентациясымен)

Жалпы мақсаттар: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, «Қамар сұлу» романын талдай отырып кейіпкерлердің бейнесін ашу, сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; ұлттық салт - дәстүрді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы жан - жақты біледі;
Прозаны құрылысына қарай талдауға машықтанады; Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.
Негізгі идеялар: «Ел үшін еңбек етсең - халқың сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек». С. Торайғыров

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/ /2 мин/. «Жүректен жүрекке»
Топқа бөлу. Ән бойынша топқа бөлінеді.
1. «Асыл әжем»
2. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
3. «Атамекен»
4. «Ұстазым»

Сабақтың ережесімен таныстыру:
• Белсенді қатысу
• Тыныштық сақтау
• Бірін - бірі тыңдау
• Ойын ашық айту
• Ынтымақтастық
Бағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)

4. «Миға шабуыл»
Білім:
Ж. Жабаевтың өмірі, шығармашылығы бойынша «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ - жауап (бір - біріне)

Сергіту сәті: Оқушылар мұғалім айтқан қимылдарды орындарынан тұрып бейнелейді.
1. Тегіс жолда келеміз.
2. Сазды, балшықты жолда келеміз.
Өзенде жүзіп келеміз, жағаға шықтық.
Енді қолымызға дүрбіні алып қараймыз.(Экранда Қазақстан картасы шығады.)
Нені көрдік? Қазақ елін, Баянауыл аймағын, С. Торайғыровты.
- С. Торайғыров - ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған көрнекті демократ ағартушылардың бірі. Бүгінгі сабағымызды
«Ел үшін еңбек етсең - халқың сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек»,- деген ақынның өлең жолдарымен бастай отырып,
С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы, «Қамар сұлу» романы бойынша ізденіс, зерттеу жұмысын жүргіземіз. Қай дәуірде, қай қоғамда өмір сүрсе де әйел өмір тірегі, қоғамның қозғаушы күші, ұрпақ тәрбиелеуші екендігін жоққа шығара алмаймыз. Феодалдық қоғамда өмір сүріп қалың мал құрбанына шалдыққан жүздеген қыздар мен әйелдердің көз жасы өздерің оқыған романдардың негізгі өзегі болды. Сондықтан біз бүгінгі сабақта сіздермен әйел тағдыры, оның сипаты, жан және тән жарасы жөнінде ой толғаймыз.
Түсіну:
Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратады. Үйден танысып келген материалдары бойынша тапсырмалар орындайды. Постер құрады.
І топ:«Өмірін өнер - білімге арнаған жас өрен»
ІІ топ: С. Торайғыровтың өлеңдері
ІІІтоп: С. Торайғыровтың поэмалары
ІV топ: С. Торайғыровтың романдары
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды.
Сергіту сәтінде С. Торайғыровтың өміріне, шығармашылығына слайд арқылы шолу жасау.

Қолдану:
Өлеңдерінің құрылысына талдау жасау
І топ: «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»
ІІ топ: «Шәкірт ойы»
ІІІ топ: «Неге жасаймын?»
ІV топ: «Бір адамға»
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды.
Сергіту сәті Таңертеңгілік гимнастика
Талдау:
І топ: Романның тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері
ІІ топ: «Қамар сұлу» романының композициялық құрылысына талдау жасау
ІІІ топ: Романда кездесетін мақал - мәтелдер
ІV топ: Романдағы салт - дәстүрлер көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстыру
Дайындаған постерлері бойынша баяндайды
Сергіту сәті (2 минут) Әріптер бойынша ән айту
Синтез:
Топтық жұмысты бақылап, ойларына ой қосу
І топ: «Егер мен автор болсам, шығарманы былай аяқтар едім...»
ІІтоп: 5 жол өлең құрастыру.
Тақырып: Қамар - Ахмет - Нұрым
ІІІ топ: Эссе «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
ІV топ: Шығармадан алған әсерлерін сурет арқылы баяндайды.
Диалогке түсіп, жұппен, топпен орындау.
Бағалау:
1. Тест құрастыру (топтар бір - біріне құрастырған тесттерін қояды)
Рефлексия Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді?
Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір - бірлерін бағалайды, жиынтық бағалау.
Келесі оқуға: 1. С. Торайғыров туралы қосымша іздену.
2. «Қамар сұлу» романын оқып, талдауға дайындалып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×