Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мерекелері

07 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекелері / 5 сынып/
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үстеу, етістік бойынша білімдерін пысықтау.
«Наурыз мерекелері» бойынша кең мағлұмат беру.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Наурыз, 8 наурыз мерекелеріне арналған слайдтар, сәукеле ұлттық тағам түрлері т. б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Кім кезекші?
- Ауа райы, жаңалықтар.
Өткен сабақтарды пысықтау сұрақтары
- Біз қандай сөз таптарын өттік?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Есімдіктің түрлері?
- Етістік дегеніміз не?
- Неше шағы бар?
- Үстеу туралы не білеміз?
Үй тапсырмасын тексеру, бағалау
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Сөздік жұмысы
өткізу – проводить
сыйлық сыйлау – дарить подарки
шақыру – пригласить
Деңгейлік тапсырмалар беру
I топ – етістіктерді үш шақта айту
I топ – сөз тіркесін құрау
III топ – сөйлем құрау

Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
Ал, наурыз айында қандай мерекелер бар?
Анамызға қандай сыйлық жасадық?
Ал олай болса қазір біз «Ана туралы жыр» әнін орындайық.

Ана сөзіне сын есімдер тауып жаз / мейірімді, әдемі, ақылды, қымбатты, қасиетті, білімді, шыдамды, төзімді, сенімді, қайырымды, жанашыр т. б/
Наурыз мерекесі дегенде көз алдарыңа не елестейді?
Киіз үй – баспана, тез құрылады, тез жиналады, әсем безендіріледі. Шымылдық, сандық, ағаш төсек т. б
Гүлді ашу
Наурыз сөзінен қандай сөздер жасалған?
Наурызша – наурыз айында түсетін қиыршық қар./жеңіл, үлпілдек/
Наурызкөже – наурыз мерекесінде пісірілетін ұлттық тағам түрі.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.
Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік / қызыл, күлгін, сары/
Наурыз бата – наурыз айында берілетін тілек
Ұлттық ойындар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, салт - дәстүрлер, бата - тілектер
Ұлттық киімдерді атаймыз.

Кітаппен жұмыс
2 - тапсырма
Диалогті оқу, өзара сөйлестіру.
Үстеулерді тауып, түрін ажырату.
3 - тап тақтада орындау

Сәукеле туралы. (Жанар айтып береді).
Сақина салу ойыны туралы. (Мирас айтып береді).
Бауырсақ туралы. (Диана айтып береді).

Бата – тілекті 11 сынып оқушылары сендерге қонаққа келді солар береді.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Наурыз - қыз:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір - біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Кітаппен жұмыс

2 - тапсырма
Диалогті оқу, өзара сөйлестіру.
Үстеулерді тауып, түрін ажырату.

3 – тапсырма. Тақтада орындау
Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп сабағымызды аяқтаймыз.
13 337
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Наурыз мерекелері
Наурыз мерекелері
Қызылорда қаласы, №198 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакенова Анар Сарсенбаевна
Қош келдің , Наурыз
Қош келдің , Наурыз
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×