Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістер. Ыбырай Алтынсарин

07 қараша 2013, Бейсенбі
Лексикалық тақырып: Етістерді қайталау
Грамматикалық тақырып: Ы. Алтынсарин.

Сабақтың тақырыбы:
1. Білімділік: оқушыларға ағартушы өмірінің негізгі кезеңдерін меңгерте отырып, Ыбырай Алтынсариннің азаматтық тұлғасын таныту, етістерді қайталау.
2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой - пікірін, көзқарасын, таным - талғамын қалыптастыру, сөз қорларын молайту, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандылыққа баулу. Тарихымызды жасаған адамдарды біліп, болашаққа үлгі боларлық еңбек етулеріне шақыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгіме, топтық жұмыс, баяндау, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы суреттер мен сызбалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а/ оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә/ ауа райы, жаңалықтар.

II. Өткен сабақтарды пысықтау.
Етіс дегеніміз не?
Етістің түрлері?
Абай Құнанбаев кім?
Мақал мәтелдердің тақырыптары? Шешендік сөздер дегеніміз не?
Айтыс дегеніміз не?

III. Модульдің құрамымен таныстыру.
Әдебиет. Етіс. Етіс түрлері.
А. Құнанбаев.
Мың бір мақал.
Шешендік сөздер.
Айтыс.
Ы. Алтынсарин.
Нәтиже сабақ.

IV. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын айту.
Мұғалім сөзі: Әр заман, тарихи әр кезең өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң - мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш - жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Жалпы ағартушы дегенде біздің ойымызға тұңғыш ағартушылар Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсарин келеді. А. Байтұрсынов алғашқы оқу құралдарын, қазақ халқының тарихын зерттеген ғалымдар екенін біз білеміз.

Түңғыш ғалымдар
Ш. Уәлиханов /1835 - 1865/
Ы. Алтынсарин/1841 - 1889/
А. Байтұрсынов/ 1873 - 1937/

Ы. Алтынсарин
Ағартушы педагог, ақын, жазушы, көрнекті қоғам қайраткері этнограф ғалым.
Атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызметі. Торғайда мұғалім. Төрт рет уездік судья, Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі.
Еңбектері:«Қазақ хрестоматиясы»,
«Орыс тілін үйретудің бастауыш құралы».
«Кел; балалар, оқылық», «Өнер - білім бар жұрттар», «Ананың сүюі», «Әй, жігіттер», «Жаз», «Өзен».
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Надандық.
1841 ж Қостанай облысы, Зоотобол ауданында Арқарағай өңірінде туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен.
1889ж Қостанай қаласынан үш шақырым жердегі «Инспектор» көлінің жағасында салынған өзінің үйінде 48 жасында дүниеден өтті.

Қорытынды:
1. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы.
2. Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы.
3. Қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы, атасы болды.

Ал, енді оқушылар сендер 5 - 6 сыныптарда Ыбырайдың қандай өлеңдерін, әңгімелерін оқыдыңдар еске түсіріп отырайық. Жалпы Ұлы ақын Абай мен Ыбырайдың ұқсас жақтары өте көп. Екеуінің алғашқы аттары Ибрагим болған. Екеуі де халқын өнер - білімге, еңбек етуге шақырған, табиғат лирикасына арналған өлеңдері де ұқсас.
Үш топ Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқып, әңгімесін көрсетеді.

Кітаппен жұмыс. 2 - тапсырма 120 - бет
Әңгімені оқып, сұрақтарға жауап береміз.
1. Бір - екі оқушы түсінгенін айтады.
2. Оқымысты кіммен сөйлесіп тұрды?
3. Жарлы кісі онымен қалай сөйлесті?
4. Оқымысты жарлы кісімен қалай сәлемдесті?
5. Ғалым қалай жауап берді?

3 - тапсырма
Тақтада орындау
Мектеп ауласына ағаш отырғызылды /ырықсыз/
Мәдениет сарайында ақындар айтысы басталды /ырықсыз/
Қонақтар сағат екіге шақырылды /ырықсыз/.
Ыбырай Алтынсарин Торғайда туды.
Алмас бүгін ерте тұрып жуынды /өздік/.
Президенттер маңызды – маңызды істер туралы әңгімелесті /ортақ/
/Президенттер болашақ Астана макетімен танысты /ортақ/
Олар мамандармен сөйлесті /ортақ/
Президенттер құжаттарға қол қойғызды /өзгелік/

Ғалым Дербісалин – Ы. Алтынсариннің әдеби мұралары.
Қажым Жұмалиев «Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрылысын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар.,»
«XIX ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын - жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор».
М. Әуезов «...Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы»
7 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ортақ етіс
Ортақ етіс
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Ыбырай - шағын әңгіме шебері
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×