Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романынан үзінді «Ақырғы бәйге» әңгімесі

08 қараша 2013, Жұма
Сабақ тақырыбы: Құлагердің сипаты
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: БжС технологиясы бойынша
"Ауызша сабақ – 1 картасы"
Сабақ мақсаты: Әңгімені оқып, мазмұнын меңгеру; Зейінді, ойлау
жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту;
Әдемілікке, сұлулыққа, өнерге баулу, ұлттық өнерді дәріптеу.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (дайын. тексеру)
Сергіту ТСҚ (тақырып. сөз. қор)

ІІ. 7 кілтті сөз. 1) бәйге
2) дүлдүл
3) сыншы
4) мүшесі
5) ерекше
6) пырақ
7) баптаушы.

ІІІ. Қарама – қарсы сұрақ.
1) Асқа келген жұрттың аузына кім ілікті? (Ақан сері мен Құлагер)
2) Бүкіл халық нені көруге асықты? (Көкшенің дүлдүлі)
3) «Жоқ, бұл Құлагердің нағыз өзі!»- деп кім айтты? (Күреңбай)
4) Үстінде жеңі салақтаған, кең шидем шапан, басына елтірі бөрік киген кім? (Сыншы Күреңбай)
5) Кім көп ішінен алға суырылып шығып, аттың жалынын сипап, мойынын қағып, кейін шегініп, тағы да алды – артын бір рет орап шыққан? (Күреңбай)
6) «Апырмай мақтаса мақтарлық, алдынан аң құтылмас, бойына шаң жұқтырмас, нағыз ауыздығымен құс тістеген жануар екен» - деп кім айтты? (Күреңбай)
7) «Оны қайдан біле қойдың, сен де тани береді екенсің!»- деген кім? (Батыраш)
8) Күреңбай жүйріктің несіне баға беріп сөйледі? (Әр мүшесіне)
9) Терісі қандай? (жұқа)
10) Ет пен терінің арасында жылтыраған не жоқ? (1 май)
11) Басқа аттар ақ көбікке малынғанда, бұның несі де жіпсімейді? (Құлағының түбі)
12) Қос шынтағы қандай? (Күреске ыңғайланған балуанның шынтағындай)
13) Аяғы мен тұяғы қандай? (Аяғы қазықтай тік, тұяғы Оқжетпестің қайрақ тасындай)
14) Мынау жай мал емес, не екен?- деді сыншы (пырақ)
15) Неғылған қанат, Біраздан соң сен шал, жаман керді Көкшенің басында ұшқан бүркітке теңестірерсің – деді кім? (Батыраш)
16) Күреңбай қанат деп нені айтып тұр еді? (қабырғаны)
17) Құлагердің неше қабырғасы бар екен? (13)
18) Ат шаппайды, не шабады? – деді сыншы (бап)
19) Терісінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқтығын сыншы қайдан білді? (Аттың терін жалады)

IV. – Сын – тұрғысынан сұрақ
- 1) Асқа келген жұрттың аузына Күреңбай сыншы ілікті.
- 2) Бүкіл халық Ақан серіні көруге асықты.
- 3) Көп ішінен Батыраш алға суырылып шығып, аттың жалынын сипап, мойынын қағып, кейін шегініп, тағы да алды - артын бір рет орап шыққан.
+4) Сыншы бір кезде: «Мен көрген сәйгүліктердің ішінде мұнымен үзеңгі қағыстырып, тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ»- деп тамсанғанда, жұрттың аузы ашылып, Құлагерге тесіле қарады.
- 5) «Оны қайдан біле қойдың, сен де тани береді екенсің!»- деді жұрт (Батыраш)
- 6) Күреңбай жүйріктің мінез-құлқына баға беріп сөйледі. (әр мүшесіне)
+7) Басқа аттар ақ көбікке малынғанда, құлағының түбі де жіпсімейтін көнбіс – ақ!- деді сыншы.
- 8) Денесінде бір жапырақ арам қан жоқ - деді сыншы. (Ет)
- 9) Қос құлақ Балқаштың қисық кеткен қамысындай жағында ұстарамен кесіп алар қырым май жоқ – деді сыншы (Ет)
+10) Быртың бақай, ит жіліншек, тазы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек.
- 11) Мынау жай мал емес, сұңқар екен! Тіфе – тіфе, тіл - көзден сақтасын!- деді сыншы.(пырақ)
- 12) Неғылған қанат? Біраздан соң сен шал, жаман керді Көкшенің басында ұшқан бүркітке теңестірерсің!- деді халық (Батыраш)
- 13) Кез – келген жылқыда, өздерің білесіңдер он бір қабырға болады!- деді сыншы (12)
- 14) Ал Құлагерде 2 қабырға артық, міне, қанат деген сол 2 қабырға – деді сыншы. (1)
+15) – Әрі тұрыңдар, о несі – ай! Сенбей тұрмысыңдар?! Бәйгеге шабар атқа қол тигізбес болар. – деді сыншы
- 16) Содан кейін сыншы сыртта көп жүріп келіп, бес құмалақ тастаған аттың қиын алқанына салып, сығып көрді. (1)
- 17) Күреңбай аттың көзін жалап көрді (терін)
+18) Шіркін - ай, атым ат - ақ, баптаушысы да сабаз екен – деді сыншы.
- 19) Құмалағында да аюдың көз жасындай бір тамшы су жоқ (Қоянның)

V. ТСҚ (Тақырыптың сөз. қор)
VI. Қорытындылау
47 656
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Қазақ өмірінде өзіндіктің өшпестей ізін қалдырып, қазақ әдебиетіне барынша үлес қосып келе жатқан Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту.
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Ақан сері Қорамсаұлы «Құлагер» өлеңі мен әні
Ақан сері Қорамсаұлы «Құлагер» өлеңі мен әні
ШҚО Аягөз қалалық, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Жұмаханова Отангүл Бейсекқызы
Ілияс Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі
Ілияс Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі
Сабақтың мақсаты: Құлагер бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздік сырын ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×