Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы

18 қараша 2013, Дүйсенбі
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ШАҒАРМАШЫЛЫҒЫ. «КӨШПЕНДІЛЕР» ТРИЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты: білімділік - Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстыру, ХV - ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру; дамытушылық - әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру; тәрбиелік - тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлік сабақ. Типі: жаңа білім беру. Көрнекілігі: Ілияс Есенберлин шығармалары, электронды оқулық, слайд, кестелер, кинодискет, теледидар. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы. Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударып оқу - құралдарын түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.
Өмір жолына шолу.
1915 жылы - Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған
1940 жылы - Тау - кен институтын бітірген, ССРО - Германия соғысына қатысқан
1947 - 67 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі
1967 - 71 жылдары - «Жазушы» баспасының директоры
1971 жылдан бастап - Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары
1983 жылы - Алматыда 68 жасында қайтыс болды
Қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия.
Шығармаларының жарық көруі: «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1940 жылы - Алғашқы өлеңдері жарық көрді
1945 жылы - «Айша», «Сұлтан» поэмалары жарық көрді
1949 жылы - «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1959 жылы - «Біржан сал трагедиясы» дастанын жазды.
«Адам туралы жыр» повесі жарық көрді
1961 жылы - «Өзен жағасында» повесі жарық көрді
1965 жылы - «Толқиды Есіл» повесі жарық көрді
1966 жылы - «Айқас» романы жарық көрді. «Айқас» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды
1968 жылы - «Айқас» романы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді
1967 жылы - «Қатерлі өткел» прозасы
1968 жылы - «Ғашықтар» романы
1969 жылы - «Қаһар»
1971 жылы - «Алмас қылыш»
1972 жылы - «Алтын құс» романы
1973 жылы - «Көлеңкеңмен қорғай жүр»
1974 жылы - «Жанталас»
1978 жылы - «Маңғыстау майданы», «Аманат» романдары жарық көрді

Ілияс Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы 1958 жылы қытай тіліне, «Ғашықтар» романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармаларды орыс тіліне аударылды.
«Көшпенділер»- тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады
Кестемен жұмыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 020
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы
І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы
І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ - ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
БҚО, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Ілияс Есенберлин - 100 жыл
Ілияс Есенберлин - 100 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.