Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұңғыш ғалымдар (нәтиже сабақ)

11 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
9 сынып (орыс тобы)
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу;
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу; оқушылардың қазақ тіліне деген белсенділік, қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: бақылау - пысықтау сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды түгелдеу
- оқушы назарын сабаққа аудару
(бір - біріне жылы лебіздерін айту)
- сабақтың мақсатымен таныстыру
- білмеймін, білгім келеді, білдім

ІІ. Кіріспе сөз
Халқымның Ұлы ғалымы,
Артық туған дарынды
Атқарған істер алымды
Өзіне тартар бәріңді.
ІІІ “Қызықты сабақ - қиялға қанат”

1. Оқушылар жеке тапсырма орындайды. Перфокартамен жұмыс.
--------------------------------------------------- Ы. Алтынсарин А. Байтұрсынұлы Ш. Уәлиханоұлы
«Жоңғария очерктерінің» авторы
Қыздарға тұңғыш мектеп ашқан
Қазақтың ескі дінін зерттеген
Саяхатшы
Оны атасы Балқожа тәрбиелеген
«Тіл құралы» атты еңбекті кім жазды?
Оны орыс патшасы II Александрдың өзі қабылдады.
Көкшетау университетіне оның есімі берілді
Ол «Қазақ хрестоматиясын» жазған
Әкесі 15 жылға Сібірге сотталды
«Дала ұстазы» деп кімді айтады?
Әкесі оған «оқы»деп өсиет қалдырған
Орынбор қаласына жер аударылады
Ол Черняевтың әскери экспедициясына қатысқан
Ол орыс тілінің мұғалімі болады

ІV. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
Рефератты қорғау
“Мақсатым тіл ұстартып
Өнер шашпақ” (Абай)

Тұңғыш ғалымдар

Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937)
Көрнекті тілші - ғалым, дарынды аудармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторы

Шоқан Уалиханов (1835 - 1865)
әйгілі зерттеуші, тарихшы, ғалым, этнограф

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
ағартушы, педагог, қоғам қайраткері, жазушы

(Зерттеулік жұмыс.)
IV. «Талдау - табыс кілті»
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқы сөйлем ----- Басыңқы сөйлем
Сабақтас
Шартты бағыныңқы (- са, - се: барса)
Қарсылықты бағыныңқы (- са, да, - ған - мен; барса да, барған - мен)
Мезгіл бағыныңқы(- ған - да, - ған - ша, ған - нан: барғанда, барғанша, барғаннан)
Себеп бағыныңқы (- ғандықтан, - ған соң: барғандықтан, барған соң)
Мақсат бағыныңқы (- у үшін, - мақ: бару үшін, бармақ болып)
Қимыл - сын бағыныңқы (- ып, - іп,- п,- а,- е,- й: барып, бара)

Сөйлем мүшесіне қарай талдау
Шоқан қазақ, қырғыз, ноғайлы әдебиетінің жазба мұраларын, тарихи шежірелерді жинап, бір жүйеге келтіріп, олар жөнінде ғылыми талдаулар жасады.
«Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық. Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.»
Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.

Ыбырай халқын мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған.
Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады.
Ахмет ұзақ жылдар бойы ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
Ол Голощекиннің саясатына қарсы болғаны үшін, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігеді.

VІ. «Шығармашылық жұмыс»
Ғалымға хат жолдау
1 - топ: Ахмет Байтұрсынұлы
2 - топ: Ыбырай Алтынсарин
3 - топ: Ахмет Байтұрсынұлы

VІІ Қорытындылау
● Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
Ағартушы, аса көрнекті педагог, ақын, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Ол орта жүз, қыпшақ руынан.
● Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937 жж.)
Тілші, ағартушы, ақын, оқу құралдарын жазған, орыс - қазақ мектебін бітірген, мұғалімдер мектебі қазақ газетін шығарады
● Екеуі де көрнекті ғалым, тұңғыш ғалым, сауатты

VІІІ Үй тапсырмасы.
1) Қазақ халқының басқа да ғалымдары туралы әңгімелеу.
2) Салаластың да, сабақтастың да ережесін қайталау.
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары
Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары
Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (9 – сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (9 – сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар (9 – сынып)
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×