Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Матасу

11 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Сөз тіркесінің келесі байланысу түрі – матасу жайлы толық мағлұмат беру, матаса байланысқан сөз тіркестерінің негізгі ерекшелігін түсіндіру, жаттығулар арқылы алған білімдерін пысықтау;
2. Дамытушылық мақсаты: сөз тіркесіне сатылай талдау жұмысында байланысу түрлері жайлы берік дағды беру, практикада қолдануға үйрету, алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік ойларын дамыту;
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ізгілікке баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру;
анализ - синтез;
салыстыру;
сұрақ - жауап;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе карточкалар, сызбалар, слайд;
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқу құрал - жабдықтарын тексеру;
б) кезекші есебі;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабаққа ауысу үшін өткен тақырыппен байланыс орнатылады
1. Сөз тіркесінің құрылымы қандай?
2. Сөздердің байланысу түрлері нешеу?
3. Оларды атап бер?
4. Қиыса байланысқан сөз тіркесі дегеніміз не? Ережесін жатқа айт!
5. Бастауыш пен баяндауыштық қатынас сөз тіркесі бола ала ма?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру;
2. Өзіндік зерттеу жұмысына бағыттау. Жалаң сөйлем мен қиыса байланысқан сөз тіресі бір ме?
3. Жаңа сабақты түсіндіру және дағдыландыру:

Анализ - синтез әдісі арқылы жаңа сабақтың негізгі ерекшеліктері таратылады:
Мысалы, қазанның құлағы, әжемнің әңгімесі, қабырға сағаты

Бағыныңқы сыңары зат есім не заттанған сөз ілік септік жалғауында тұру керек;
Басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында тұру керек;
Бағыныңқы сыңары есім сөз табынан болады;

Сонда ережесі:

Бағыныңқы сыңары зат есім не заттанған сөз ілік септік жалғауында, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан есімді сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі дейміз.

Қазақ тілінде кейде алдыңғы сөздегі ілік септік жалғауы түсіп қалып та қолданыла береді: ауылдың малы – ауыл малы, ақынның өлеңдері – ақын өлеңдері, мектептің үйі – мектеп үйі.

Ілік септікте тұрған сөз біздің, өзіміздің, сіздің деген есімдіктер болса, кейде басыңқы сыңардағы тәуелдік жалғауы түсіріліп жұмсала береді: біздің үйіміз – біздің үй, өзіміздің жігіттеріміз - өзіміздің жігіттер, сіздің балаңыз – сіздің бала.

1. Тақтамен жұмыс. Алған білімдерін практикада бекіту. 248 жаттығу. Мәтінне матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер, әрбір сыңарына талдау жасаңыздар.

Үлгі: бие сүтінің қасиетін: бағыныңқы сыңары - бие сүтінің, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – қасиетін, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз.

2. Жеке дара жұмыс түрі. 239 жаттығу. Мақал - мәтелдерді оқып шығып мәнін түсініп алыңдар. Сөздердің грамматикалық байланыс түрлеріне қарай талдап жазыңдар.

3. Топтық жұмыс түрі. 251 жаттығудағы сөз тіркестерін екі топқа топтап жазыңдар
Қиыса байланысқан сөз тіркесі: Мен күліп жіберіппін
Матасa байланысқан сөз тіркесі: Опера әншілерінің байқауында

Дарынды оқушымен жұмыс: матаса байланысқан сөз тіркестерін түркі грамматикасында изофетті тіркес деп атайды. Изофетті тіркес3 ке бөлінеді: изофет 1 – темірдің жолы, изофет 2 – темір жолы, изофет 3 – темір жол.

ІV. Сабақты бекіту.
Сұрақ - жауап арқылы бекітіледі.
1. Матаса байланысқан сөз тіркесі сөздердің байланысу тәсілдерінің қай жолымен жасалады?
2. Матасу дегеніміз не?
3. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің синтаксистік қатынасы қандай?

V. Сабақты қорыту
Оқушыларды қатыстыра отырып сабақ қорытылады.

VІ. Үйге тапсырма
Көркем шығармадан матаса байланысқан сөз тіркестеріне 10 мысал теріп әкеліңдер.
VІІ. Сабақты бағалау
8 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акбулатова Лунара Тулегеновна
Матасу
Матасу
Сөздердің байланысу түрлері ● Түрі: Қиысу Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «№1 орта мектеп» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алькенова Гүлмира Төлегенқызы
Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі, М.Әуезов атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Досанова Гулзар
Матасу
Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×