Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосымша

12 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Қазақ тілі
Тақырыбы: ''Қосымша''
Білімділік мақсаты:
Қосымша туралы түсінік беру. Қосымша түрлерімен таныстыру.
Коррекциялық мақсаты:
Кесте бойынша түсіндіру арқылы зейінін тоқтауын дамыту, көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Адамгершілікке тәрбиелеу, балалардың қиыншылықта бір - біріне көмектесуіне дәріптеу, отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақты ұйымдастыру әдістері: ауызша, көрнекі, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері:
1. Интерактивті тақта
2. Отан туралы бейнефильм
3. Қосымша кестесі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу.
2) Тақпақ арқылы көңілін көтеру:
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін -
Еңбек қана жеңбек!
3) Кезекшімен сөйлесу.
4) Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын айту.

Үй тапсырмасын тексеру:
Мәтінді мәнерлеп оқып келу.
Лагерьде
Біз жазда лагерьге бардық. Лагерь таудың етегінде орналасқан. Лагерьдің жанында өзен ағып жатыр. Бұл жердің табиғаты өте әдемі. Балалар суға түсіп, күнге қыздырынды. Кешкісін бәрі жиналып, ән салды, би биледі.

Жаңа сабақ:
Қосымша
Часть слова, стоящая после корня, носит общее название қосымша. Қосымша делится на две части: жалғау (окончание) и жұрнақ (суффикс).
Мысалы:
Кітаптар (книги)
Тауға (в горы)
Жұмысшы (рабочий)

Түбір қосымша
Кітап - тар (жалғау - окончание)
Тау - ға (жалғау - окончание)
Жұмыс - шы (жұрнақ - суффикс)

Слайд көрсету.
Сөздікпен жұмыс.
Сөздік
ата - анаң - родители
сенің бауырың - твой брат
өлкең - твой край
аудан - район
астанаң - твоя столица
ауылың - твой ауыл

Мәтінмен жұмыс.
Тапсырма. Өлең жолдарын мәнерлеп оқы.
Отан
Отан - сенің ата - анаң
Отан - сенің бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың. (Б. Ысқақов)

Отан туралы бейнефильмін көрсету.
Мақалды жаттау, мағынасын ашу.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Сабақты бекіту.
1 - жаттығу. Түбір мен қосымшаны шартты белгілерімен ажырат.
Үлгі (образец): алаң+да
Мектепке, сыныпта, терезені, есіктің, қаламмен, үстелде, жемістер, жидектерді, жаздым, оқыдың, шомылды, айттық, келдіңдер, бесінші, жетінші, тоғызыншы.

2 - жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жаз.
Үлгі: бала, баланы, балалармен, балалық.....
Бала, қыз, ата - ана, қыздар, ата - аналар, доп, алмұрт, баланы, балалармен, балалық (детство), доптың, қыздың, алмұрттар, қыздармен, ата - ананы, доптар, допты.

Қорытынды:
- Сонымен, балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік?
- Қосымша.
- Қосымшаның неше түрі болады екен?
- 2 түрі болады.
- Қосымшаның қандай түрлері болады екен?
- Жұрнақ және жалғау.
Үй тапсырмасы:
7 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысына қосымша тапсырмалар
Б дыбысына қосымша тапсырмалар
Б дыбысына қосымша тапсырмалар.
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Етікші
Етікші
Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×