Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

30 сәуір 2012, Дүйсенбі
5 сынып
Бұл сабақ орыс тілді сыныбының қазақ тілі пәні бойынша5-сыныпқа жаңа бағдарламасы бойынша түзілген
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым: отбасы мүшелерінің жасы, ұлты. Зат есім. Тәуелдік жалғаулар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында әртүрлі жұмыс түрлерін
жүргізу.
2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту, сөз қорын молайту, отбасы туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту, саналы мүшесі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, сөзжұмбақ, интеративті тақта, оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемәтсіңдер ме?
Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Қазақ тілі сабағында не істейміз?
Не үйреніп жүрміз

ІІ. Тіл дамыту Диалог және монолог арқылы тілдерін дамыту.
Балалар, қазір қай мезгіл?
Көктемде ауа райы, табиғат қандай болады?
«Көктемгі еңбек » туралы не білесің?
Көктемнің алғашқы гүлдерін ата?
Көктем мезгілі бәріне бірдей ұнай ма? Өз пікірлеріңді дәлелдеңіз.
Көктем мерекелерін атаңыз?
Суреттер бойынша әңгімелеңіз.
Күзде күн қандай болады?
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
«Өзім туралы»- монолог айту және кластер бойынша жұмыс істеу.
(сызба бойынша кластер жаса )
Танысу****туған жылы ,айы , күні,***туған жері***мекен- жайы***ұлты***оқытын мектебі, сыныбы***бос уақыты***ермегі
ІУ. Жаңа тақырып
Балалар,мынау өлең жол арқылы , бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.

Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.

Глоссарий: отбасы- жанұя- семья
Онша үлкен емес-не очень большая
Бала- ребенок
Ұл-сын
Қыз- дочь
Тату- тәтті- дружно
Үйленбеген-неженат
Жігіт – парень
Тұрмыста емес-незамужем
Тұрмыста- замужем

Сонымен, бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай? (отбасы)
Тақтаға назар аударайық ( сұрақтар берілген, бір оқушы сұрақты оқып, екінші оқушы жауап береді)
Сенің отбасың бар ма?
Сенің отбасың қай көшеде тұрады?
Отбасында неше адам бар?
Сенің әжең-атаң бар ма?
Әжеңнің аты кім?
Сенің әкең қайда жұмыс істейді?
Сенің отбасың қандай?
Отбасың қай қалада тұрады?
Сенің апаң, ағаң бар ма?
Сенің шешең неше жаста?
Отбасы мүшелеріне сипаттама беріңіз.

Үлгі:Менің шешем сұлу, елгезек әйел.Ол ақылды ,білікті маман. Ол жұмсақ мінезді, қайырымды адам,бірақ қатал.Ол әділ адам.
Слова подсказки:әке- шеше, ұлты, ата- әже, іні, келін, жұмысшы, тұрады, құрметтейді, немере, жиен, сіңілі,зейнеткерлер, ауыл, қарындас
оқушы
семья, дедушка
папа,.бабушка
мама, дружно
живут, рабочий
дом,уважает
деревня, брат
пенсионер, ученик
Осы сөздерді байланыстырып, сөйлемдер құрастырып,өз отбасы туралы әңгімелеңіздер.
(1-2 оқушы отбасы туралы монолог айтады)
Жаттығу жұмыстары.Тәуелді жалғаулы сөздерді анықтаңыз
Атам диванда отыр.
Әжем қолғап тоқып отыр.
Әкем мен шешем теледидар көріп отыр.
Біздің отбасымыз тату- тәтті тұрады.

Балалар, біз үлкен адамдарды құрметтеуіміз керек, сыпайы болуымыз керек.
Ал кім отбасы туралы мақал-мәтелдер біледі? (оқушылар білетін мақалдарды айтады)
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

У. Қорытынды
1. Міне сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
2. Сабақта не істедік?
3. үлкен кісілерді не істеу керек? (құрметтеуіміз керек, сыйлауымыз керек)
УІ. Үйге тапсырма – Отбасы туралы шағын эссе жазу
28 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
5 сыныпқа арналған билеттер
5 сыныпқа арналған билеттер
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбира Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×