Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы

13 желтоқсан 2013, Жұма
Класс: 7
Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы.
Сілтеме: Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар.
Мақсаты: Абай өскен ортаның әлеуметтік - саяси жағдайын түсіндіріп, шығармашылығын шолу.
- оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту
- есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының ой - өрісін дамыту және жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру
- туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелеу келе адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты игеру
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау.
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, ән - әуез.
Көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын ұлы Абайдың шығармашылығы мен нақыл сөздерімен толықтыру.

Тірек ойлар: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс». (Нұрсұлтан Назарбаев)

Сабақтың мазмұны
Шақыру
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару. Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.

Флеш - тренинг:
«Сәлемдесу» Флеш - тренингтің өтуіне ықпал жасайды.
Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі - қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.
Тайвань - бір - бірінің мұрынын уқалап амандасады.
Қазақтар - төс қағысып амандасады.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Диалогтік оқыту.«Кім жылдам?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары? (1804 - 1846)
2. Махамбеттің туған жері? (Орал облысы, Нарындағы Бекетай мекені)
3. Қандай тілдерді жетік білген? (араб, орысша)
4. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрді? (Жәңгір хан)
5. Махамбеттің жан досы, ақылшысы. (Исатай Тайманов)
6. Махамбеттің өлеңдерін ата? («Тарланым», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар»).
7. Исатай бастаған қандай көтеріліс? (Шаруалар көтерілісі)
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын пысықтайды. Сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.

III. Негізгі бөлім.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!»
- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үніле отырып сезіне - тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше, балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген - білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ ретінде бастаймыз. «Абайды біз кім деп танимыз?» топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
Абай өлеңдері шабыттанған сезімнен туған адам жанын тебірентеді. Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
Интерактивті тақтадан Абайға арналған слайдтарды тамашалайды.

«Топтастыру» стратегиясы.
Әр топ «Абайды біз кім деп танимыз?» топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
ұлы ақын
аудармашы
философ,
Күйші,
сазгер
елбасқарушы
жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы

«Эссе»жазу
«Мен Абайды қаншалықты білдім» эссе жазу. Топ ішінде өте жақсы, мазмұнды жазылған жұмысты класс назарына ұсынады.
Сергіту бөлімі:«Желсіз түнде - жарық ай» әнін мәнерлеп айтып, әуенге салып айтады.

ІV. Бағалау. Қорытынды.
Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ»
24 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Cегіз аяқ өлеңі
Cегіз аяқ өлеңі
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру; ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке
Ең басты құндылығымызды бағалайық ашық тәрбие сағаты
Ең басты құндылығымызды бағалайық ашық тәрбие сағаты
Аламты облысы, Ескелді ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсенұлы Қанатбек
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×