Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

02 мам 2012, Сәрсенбі
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»
Мақсаты:
 А) Аңыз әңгімені оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету;
 Ә) Ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып, тілдерін дамытуға пайдалану;
 Б) Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты дамыту.

Түрі: Аралас сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау, эссе, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, тіл, биология.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
А) амандасу;
Ә) тексеру;
Б) назарларын сабаққа аудару.

Сабақ бөлімдері:
 І Қызығушылықты ояту
 ІІ Мағынаны тану
 ІІІ Толғаныс
Қызығушылықты ояту:
1. Ой шақыру.

 Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
 Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
 Өткен тақырыбымыз не?
 Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?

2. Категориялы топтастыру.
1-топ. Жиренше – Ол кім? – Ол не істеді?
2-топ. Хан – Ол кім? – Ол не істеді?
3-топ. Қарашаш – Ол кім? – Ол не істеді?
(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)

ІІ. Мағынаны тану:
 Жаңа сабақ тақырыбы:
 “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? аңыз әңгімесі.

 І топ. “Хан мен Жиреншені көз алдыңызға елестете отырып, суретін салу”
 ІІ топ. “Ішке және сыртқа”
(Әңгімедегі ұнамды, ұнамсыз жерлерін бөліп жазу.)
 ІІІ топ. Жиренше мен ханға мінездеме беру.

ІІІ. Толғаныс.
 4. “5 минуттық эссе”
 І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуі
шындық па, әлде...

ІІ топ: - “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?

ІІІ топ. – Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?

4. Синквэйн
 І топ. “Хан
 ІІ топ. “Қарашаш”
 ІІІ топ. “Жиренше”

Үй тапсырмасы: Жиренше мен Қарашаш туралы тағы да басқа аңыз әңгімелер ізденіп оқу.
Бағалау.
18 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі
Аңыз әңгімелер. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі Аңыз әңгімелер, олардың ерекшелігін білу. Даналық сырын ұғыну.
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз дегеніміз – тарихта болған адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс - әрекеттері жайлы туындаған шығарма. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі – тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі.
Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі
Талас ауданы, Қаратау қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анарбаев Берікхан
Аңыз әңгімелер
Аңыз әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер - даналық бастауы (Аңыз әңгімелерді қайталау) Сабақтың мақсаты: А) Аңыз-әңгімелер туралы алған білімдерін кенейте отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету.
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Э.Распе "Китпен кездесу"
Э.Распе "Китпен кездесу"
Өтегенова Набия Төлегенқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×