Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын және оның түрлері

09 қаңтар 2014, Бейсенбі
Қазақ тілі 5 сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға фонетиканың бір бөлшегі - буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.
Дамытушылығы: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып, математикалық тәсілмен фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік махаббатты арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.(Аналар әлеміне саяхат сабақ)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, ойын түрлері...
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, видео - клип, тақта, Ана туралы қанатты сөздер, дидактикалық материалдар т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдептану. Әдебиет. Саз өнері. Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
"Ана - ардақты есім"тақырыбында эссе жазу.("Анашым"- клип тыңдау)

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграфы: Дүниеде Ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.( В. Г. Белинский)
Ендеше, бүгінгі сабағымызды Аналар мерекесіне орай байланыстыра отырып, "Аналар әлеміне саяхат"жасалық.
Түсіндіру әдісі бойынша жаңа сабақ материалдары түсіндіріледі.
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:"А - на - ең ә - де - мі ә - уез - ді сөз"деген қанатты сөйлемде алты сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
5. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)

Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
Ана - дүниедегі бірден - бір құдірет. Әдемі сөздердің барлығы да аналарға арналған. Ендеше, Ана тақырыбында қандай қанатты сөздер мен жыр шумақтарын білеміз?
Анамыз - сөзіне математикалық тәсілмен қысқаша дыбыстық мінездеме беру.
Анамыз-сөзіне математикалық тәсілмен қысқаша дыбыстық мінездеме беру.
А-на-мыз – жуын буынды сөз
Берілгені: Анамыз
Шешуі: Анамыз сөзінде алты дыбыс бар. Оның үшеуі – олар: екі а, ы дауысты дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Үшеуі – олар: т, м, з дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады. Ол былай өрнектеледі:

Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстарын орындау.

Шыққан сөзге сөйлем құрастыру. Бір дауысты және бір дауыссыз дыбысқа мінездеме беру.
1. А - дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл арты не жуан дауысты сөз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
3. Жақтың ашылуына қарай - ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.
4. Ерін мен езудің қатысты қарай – езулік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

"Жұлдызды сәт алаңы"Адасқан әріптерді орналастыра отырып, шыққан қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру.
1. Бала ата - ананың алтын бағанасы.
2. Анамның тілі - аяулы үні.
"Асыл сөз маржандары"Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
1. Ат ізін салмау ха - бар - лас - пау
2. Бармағын тістеді ө - кін - ді
3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу
4. Жігері құм болу шар - шау, жа - сып қа - лу
5. Сөзі мірдің оғындай өт - кір сөз
6. Өрісі кең бі - лім - ді
7. Сіркесі су көтермейді еш - те - ңе - ні кө - ңі - лі жақ - тыр - май - ды
8. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді
9. Шырағы сөнді ү - мі - ті ү - зіл - ді
10. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дай

Бүгінгі сапардан түйгенім...
Төмендегі сөздерден буын түрлерін ажырату;
Алаша, ант, дос, оймақ, тенге, жебе, буда, өкіл, етене, жапқышжаба, жастықтай, ибалы, наурыз, үрт(тез, кілт)

Сабақты қорытындылау
Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар,
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын жүректе от лаулатып
Әр үйдің күні десе, лайықсыздар.("Ана туралы жыр"хормен орындау)
Үйге тапсырма: 1. Ереже жаттау. 2. Аналарға тілек арнау, құрамынан ашық, тұйық, бітеу буын сөздерді талдау.
Оқушы білімін бағалау.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі:
Салихова Айымгүл Мәдиқызы
103 055
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын түрлері, ашық буын
Буын түрлері, ашық буын
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №20 орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Буын
Буын
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×