Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Матасу

13 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Қазақ тілі. 7 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік. Матасу байланысу түрінің өзіндік ерекшелігімен мәнін, жасалуын бірлесе отырып анықтау.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, кесте
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
244 - жаттығу. 245 - жаттығу.
Жекеше түрде қисыны келген сөздер: мен жаптым, мен жек көрмейтін едім, өз басым көрген емен.
Көпше түрде қиысып келген сөздер: бүкіл ел жақсы көретін, жұрт аңғарар еді.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.

1. Сөздердің ережеге сай дұрыс жазылуын –
2. Сөздердің мағынасы мен, сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топтасуы –
3. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
4. Нән жігіт – лексикалық жағынан қандай сөз?
5. Сөз тіркесін құруға негіз болатын сөз?
6. Сезімін білдірді – қандай тәсіл арқылы байланысып тұр?
7. Е - ереже. Қиысу дегеніміз не?
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.

5. Жаңа сабақ.
Еске түсіру.
Тәуелдік жалғау нені білдіреді? Түрлерін ата.
Ілік септік жалғауы қандай?
Тақтамен жұмыс.
Сызба бойынша сөз тіркесін құра.
Ілік септігіндегі сөз -------- Тәуелдік жалғаулы сөз
Айманның -------------------- кітабы
Оның --------------------------- арманы
Сіздің --------------------------- балаңыз
Сіздің --------------------------- бала
Жазушының ------------------ өмірі
Жазушы ------------------------өмірі

Матасудың негізгі белгілері:
• Матаса байланысқан сөздер - ілік септікті сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздер.
• Матаса байланысқан сөздер көбіне есімді тіркес болады.
• Матаса байланысқан сөздердің кейде бірінші, кейде екінші компоненттерінің жалғауы түсіп те, жазыла береді.
• Матаса байланысқан сөздердің компоненті көбіне екеу, кейде одан да көп болып келеді.
Тұжырым жасау. Бағыныңқы сыңары зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.
Матасу - ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

Қолдану.
247 - жаттығу.
Шарты: сөйлемдерден матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, әр сыңарына талдау жасаңдар. 5 сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Менің саяхатым, саудагерінің керуені т. б.

248 - жаттығу.
Күмістің пайдасы, балуанның жұдырығы, менің күнделігім, т. б.
Шығармашылық тапсырма.
«Сөз тізбек» ойыны. Оқушы ілік септігіндегі сөз айтады, келесі оқушы оны тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыстырады.
«Менің сыныбым» тақырыбында шағын мәтін жазыңдар.
Матаса байланысқан мақал - мәтелдер айтыңдар.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Туған елдің түтіні ыстық,
Туған ананың күтімі ыстық.

Жеке оқушымен жұмыс.
Таратпа №1
Синтаксис термині қай елдің сөзі?
Сөздер грамматикалық байланысқа түсуі үшін қандай заңдылыққа сүйенеді?
Қиыса және матаса байланысқан сөздерге мысал келтір.

Таратпа №2
Матасу дегеніміз не?
Сөздердің байланысу тәсілдерін мысал келтір.
Болашақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
5. Білімді бекіту.
7. Үй тапсырмасы
8. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 635
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акбулатова Лунара Тулегеновна
Матасу
Матасу
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мақсат үстеуі
Мақсат үстеуі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Матасу
Матасу
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «№1 орта мектеп» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алькенова Гүлмира Төлегенқызы
Матасу
Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.